¹ 5( 12) 2016
- Жидебай "( 2001) атты әлденеше жыр кітаптары оқырман жұртшылық қолына тиеді. Республикалық, облыстық, аудандық газеттерде, журналдарда шығармалары дүркін- дүркін жарияланып тұрды. Қазір біздің қолымызда " Шыңғыстау "( 1980), " Шыңғыстау сазы "( 1985), " Жер кіндігі- Жидебай "( 2001) ақынның бұл кітабына толғау- дастан, өлең жырлары мен аңыз, мысал, әңгімелері жинақталған.
" Әнім мен күйім- халқыма сыйым " Ақын соңына қалдырған музыкалық мұрасы ән, күй, сарын, толғау термелері арнайы нотасымен басылып отыр және әнкүйлердің шығу тарихы жайлы айтылады. Кітаптың құрастырушылары: інісі Көлембай Әлімбеков пен Абай аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Әсет Мырзақасым. Астана: " Елорда ", 2001.- 495 бет. Келесі кезекте ақынның өлеңдерінен дайындалған әдеби монтажды тыңдаңыздар.
1-жүргізуші: 10 " А " сынып оқушысы Бектеміров Темірлан Ал, өлең аяңдай бер, алға бастап, Жарар еді, тағыда бір бел ассақ " Қалжырадың ерме,- деп, енді өлеңге " Қауіп, сезік алдымда жүр ойқастап.- деп ақын жырлағандай ақынның " Қазақ халқы- Абайдың мұрагері " атты өлеңі, оқитын 6 " В " сынып оқушысы Қалиахметов Ырғызбай
2- жүргізуші: 10 " А " сынып оқушысы Табылғазина Ұлпан Жоқ қалмаймын! Өлеңге ере берем, Жанымды сақтап жүрген өлең денем, Өлсем, өлең көрімді күзетеді Ол мәлімсіз, мен қайда, қашан өлем?- келесі кезекте " Жақсы ақын көп болғанымен, жақсы өлең аз " оқитын ақынның шөбересі 9 " В " сынып оқушысы Муратқали Назерке Бейбітқалиқызы Келесі өлең " Серігім өлең " оқитын 10 " А " сынып оқушысы Уалиханова Аяулым. 1-жүргізуші: Бектеміров Темірлан Шәкір ақынның тағы бір ерекшелігі- үш ішекті домбыра, қобыз, сырнай аспаптарын құбылта ойнаумен қатар өлең мәтінінде өзі жазып, әнінде өзі шығарған сазгердің " Алтай аруы " әні. Орындайтын 2 сынып оқушысы Жумағалиева Айша. 2- жүргізуші: Табылғазина Ұлпан Бас- аяғы жұмыр да шымыр өрілген қысқа қайырым жыр дестелері де өмір жайлы, адам қалпы мен қасиеті жайлы кейде нұрлы, кейде сырлы. Осындай тамаша бір туындысы
" Арманда кеткен ару " аңызы. Аңыздан үзінді оқитын 10 " А " сынып оқушысы Ерғалиева Айгерім Мысал түрінде жазған өлеңі " Өмірге ғылым- сәуле, өнер өрнек " оқитын 10 " А " сынып оқушысы Рысбекова Алтынай
Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
1-жүргізуші Бектеміров Темірлан 95 жас ғұмырының 40 жылға жуығын қуғын- сүргінмен өткізіп, бір емес бес рет түсіп, темір тордың ар жағында жазған " Еліме хат " өлеңі, оқитын 6 " В " сынып оқушысы Ертарғынова Аружан 2- жүргізуші: Табылғазина Ұлпан Ғасырға жуық жасап, заманның қилы- қилы қыр- сырына қаныққан сұңғыла ақын өз жырларына көбіне махаббат пен әділдік, ерлік пен ездік, адалдық пен арамдық, адамгершілікті өзек еткен. " Қозы-Көрпеш Баян сұлу " дастанының соңғы нұсқасын Байкөкше ақынның өз аузынан естіп, жазып алған осы Шәкір атамыз болатын, " Таңшебер Жапал ", " Қорқыт қобызы ", " Кейпін батыр " және т. б дастандары бар. Енді осы " Кейпін батыр " дастанынан үзінді оқитын 8 " В " сыныбының оқушысы Серікқалиева Ақнұр.
1-жүргізуші: 10 " А " сынып оқушысы Бектеміров Темірлан Бүгінгі ұрпаққа ескі сарындар мен күйлерді жеткізе білген, " абыз ақын " аттанған күйшінің " Таңғы самал ", " Сергелдең ", " Биші " және тағы басқа көптеген күйлерінің нотасы қазіргі таңда мұрағатта сақтаулы. Шәкір Әбенов жайлы жазушы Төкен Ибрагимов өз кітабында: " Үш ішекті домбыра тартатын осы өңірдегі көзі тірі домбырашылардан көргеніміз Шәкір Әбенов еді, бар әнін, күйлері мен сарындарын тек үш ішекпен тартып ойнайтын "- деген пікір білдіреді. Енді осы күйлердің ішінен екі ішекті домбыраға келетін " Жортуыл " күйін 9 " В " сыныбының оқушысы Шакенов Абзалдың орындауында тыңдаңыздар. 2- жүргізуші: Табылғазина Ұлпан Асқан білімді, орысша сауатты, бір ауыз өтірік айта алмайтын, ақындық, күйшілік, әншілік, ұсталық өнерді бір бойына жинай білген " сегіз қырлы " өнерпаз жерлес атамыз Шәкір Әбенов жайлы аз да болса біраз мәлімет алдық, енді сөз кезегі ақын атамыздың туған қызы Сана Шәкірқызына сөз береміз.
Кітапханашы: Шәкір атамыз киелі Абай топырағында дүниеге келген. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа бата берген ақын деп еске аламыз. Осындай тарихи сәтте ақынның жанында болған журналист Сауытбек Абдрахмановтың естелігінде былай айтылады: Жоғары жақтағылар атаның батасының нобайын біліп берсең деп өтінген соң, ол кісіні оңашалап " Ата, бұл бір өзі ерекше жағдай ғой. Қалың қазақтың атынан бата беру сізге бұйырып тұр. Президентке не тілек айтпақшысыз?" десем, " Әй, шырағым, қойшы " Құдай аузыма не сөз салады, сол сөзді айтамын " дегені... Абырой болғанда Жаратушы Иеміз Шәкір ақсақалдың аузына небір құнарлы сөздерді салыпты. Батасы тамаша шықты.- делінген. Енді, осы бір сәтті слайд арқылы тамашалайық.
Слайд " Инаугурация ". Ақынның қызы Сана Шәкірқызына сұрақтар береді.
56