Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí ¹ 5( 12) 2016
БАЙЕЛОВА МИРА СУРТАЕВНА
ҚАБИЕВА ГҮЛНҰР АБЫЛКАСЫМОВНА
№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп- кешенінің кітапханашылары
Берілген әдістемелік жұмыс өскелең ұрпаққа адамгершілік тәлім-тәрбие беруге бағытталған сыныптан тыс іс-шараны өткізудің үлгісі ретінде ұсынылады.
Данная методическая работа представляет собой пример проведения внеклассного мероприятия, направленного на нравственное воспитание подрастающего поколения.
This methodological work is an example of extra-curricular activities aimed at the moral education of the younger generation.
" АЛМАСТАЙ ЖАРҚЫРАҒАН АҚЫН " ЖЕРГІЛІКТІ СУЫРЫП САЛМА АҚЫН ШӘКІР ӘБЕНОВТЫҢ 115 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ КЕШІНІҢ СЦЕНАРИЙІ
Мақсаты: Ақын, фольклоршы, күйші, сазгер- Ш. Әбеновтың шығармаларын оқушыларға дәріптеу, есте қалдыру. Жас оқырмандарды әндері мен күйлерін, терме, толғауларын орындай білуге тәрбиелеу.
Әдісі: кездесу. Ақынның туған қызы Сана Шәкірқызымен
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кітап көрмесі, нақыл сөздер, шарлар,
1-кітапханашы: Сәлеметсіздер ме құрметті көрермендер! Жерлес ақынымыз Шәкір Әбеновтың 115 жылдық мерей тойына арналған. " Алмастай жарқыраған ақын " атты әдеби- сазды кешімізге қош келдіңіздер! Бүгін бізде қонақта Ш. Әбенов мұражайының қызметкері, құрметті ұстаз Шәкір ақынның туған қызы, бірден- бір тікелей мұрагері Сана Шәкірқызы! Өлсең де, өнер сөнбес, өмір сөнер Жаратылыс сыйлаған дарыны өнер, Мен үшін өлеңдерім, сен жауап бер, " Мен кім?"- деп, сұраса кейінгілер.- деп ақын жырлағандай Шәкір Әбеновты тану үшін алдымен біз ол кісінің өмір жолдарына шолу жасайық. Өмірбаянымен таныстыратын кітапханашы Гүлнұр Абылкасымовна
2-кітапханашы:( Слайдпен сөйлеу) Шәкір( азан шақырып қойған аты Мұхамедшәкһүр, жеңгелері Шәкер атап кеткен) Әбенов 1901 жылы 1 наурызда Семей облысы, Шыңғыстау( қазіргі Абай) ауданы, Құндызды ауылында туған. Әкесі Әбен Бітімбайұлы Абаймен тұстас болған, үзеңгілес жүріп, ел басқару ісіне араласқан, Меккеге барып, қажы атанған кісі. Баласы Шәкірді бес- алты жасынан ауыл молдасынан оқытқан, онан соң Семейде Приходская мектебін тәмәмдатқан. Іле- шала Уфаға жіберіп, Ғалия медресесінде оқытқан. Бұдан кейін бала Шәкір Қазан қаласында Ғұбайдолла дейтін атақты молдадан оқиды. Сонан- соң 13- 14 жасында Семейге оралып, мешітте азаншы қызметін атқарады, өз бетімен мұсылманша кітаптар оқумен әуестенеді.
1916 жылы Семейдегі ер балалар гимназиясына оқуға қабылданады. Нақ осы жылдарда ол қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровпен танысып, оның өлеңдерін жатқа айтатын болған. А. С. Пушкин, М. Лермонтов жырларымен алғаш сусындауы да осы кез. Дүрлігіс, төңкеріс басталып, бозбала шағынан аласапыранға ден қойып кетеді. 1918 жылы әкесін жерлеп, төңкеріс жолына қарай біржола ойысады. Орыс тілін жетік білгендіктен 1921- 1926 жылдары Семей қаласына шақырылады. 1929- 30 жылдарда күшпен ұжымдандыру, барысында большевиктердің елдің малын жаппай тартып алу, сауатсыз, қараңғы жұртты
күйзелту секілді кейбір келеңсіз істеріне келісіңкіремей, өз пікірін білдірген кезі болады. Содан қудалана бастайды. Саялап астаналы Алматыға қарай ығып, мұнда Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиндермен танысады. Әсіресе Сәкен Сейфуллинмен бірсыпыра мәселелер жөнінде пікірлері үйлесіп, атқосшы болып ере жүріп, Қазақстанның талай қиырларын аралайды. Шәкір Әбенов Мақаншыға әйелі Серікбүбіні, қызы Орынтайды, қарындасын жайластырып, Алматыға қайта барып, 1932- 1935 жылдардағы ашаршылық жылдарына дейін сонда болады.
Отызыншы жылдың аяғында " Әдебиет және искусство " журналында " Қозы Көрпеш- Баян сұлу " поэмасын жариялайды. Сабырбай, Дулат, Жанақ, Түбек ақындардың мұраларын жаздырып, қолжазба қорына тапсырады. Қалқаман Әбдіқадыровтың көмегімен Жамбыл Жабаевқа әдеби хатшылық қызметке орналасады. 1941- жылдың наурыз айына дейін сол қызметте жүріп, әлдекімдердің көрсетуімен тағы да қуғын- сүргін тұзағына ілініп кете барады. Семей түбіндегі бір лагерьге айдалады. Бүйтіп қорлықта жүргенше " соғысқа кетейік! " деп оншақты тұтқын өтініш жазып, өз еркімен майдан шебіне Сталинград түбіндегі қызыл қырғын соғысқа килігеді. Соғыста ауыр жараланып, ұрыста көрсеткен ерлігі үшін кеудесіне орден тағып еліне қайтады. 60-шы жылдарда оқырманмен қайта қауышуына қазақ елінің қазіргі заманғы заңғар тұлғаларының бірі ақиық ақын Әбділдә Тәжібаевтың қол ұшын беріп, демеуі басты себеп болған. 1961ж ғана құлан- таза ақталып, өлең- жырларының жарық көруіне еркін жол ашылады.
Бұл тұста Дихан Әбілев, Сырбай Мәуленов, Хамит Ерғалиев, Ғафу Қайырбеков, Сағи Жиенбаев, Тұманбай Молдағалиев сынды өлең- жыр серкелері мен сәйгүліктері де Шәкір ақынды құшақ жая қарсы алады.
1-кітапханашы: Ендігі кезекте " Әнім мен күйім- халқыма сыйым " атты кітап көрмесіне назар салсаңыздар. 60- шы жылдардан кейін мемлекеттік баспадан шыққан " Кейпін батыр "( 1962), " Ортақ арал ", " Шыңғыстау "( 1980), " Шыңғыстау сазы "( 1985) Ақынның жаңа жинағы әртүрлі аңыз негізіне құрылған дастандардан тұрады. Ол халық аңыздарының ізімен тарих түкпірлеріне сапар шегіп, сан қилы тағдырлар арқылы әділетсіз қоғамның озбырлығын, екі жүзділігін әшкерлейді, ізгілік бейнесі- аналардың асыл қасиеттерін мадақтап, шынайы махабатты дәріптейді. " Ана махабаты ", " Патша мен байғыз ", " Қорқыт қобыз " дастандары еніп отыр, " Дастандар "( 1991), " Жер кіндігі
55