Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
¹ 5( 12) 2016
Мақалада Семей қ. № 3 орта мектебінде 2015-2016 оқу жылы жүргізілген тәрбие жұмысының қорытындылары көрсетліген.
В статье представлены итоги воспитательной работы в средней школе № 3 г. Семей в 2015-2016 учебном году.
ШИЯНОВА КАРЛЫГАШ ЗАМАНБЕКОВНА,
БЕРКУТОВА АЛИЯ МЕЙРАМГАЛИЕВНА
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
The article presents the results of educational work in secondary school № 3 Semey in the 2015-2016 school year.
"№ 3 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП- КЕШЕНІ " КММ 2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ САРАПТАМАСЫ
Мектептің тәрбие жұмысының мақсаты: " Үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалрдың, және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау " Мектепте " Жас жұлдыз ", " Жастар шығармашылық сарайы ", биологиялық орталық, № 6 кітапханамен, Затон полиция бөлімімен, " МАИ ", " АҚТҚ / ЖҚТБ- ға қарсы күрес орталығы ", " Салауатты өмір салты " орталықтарымен бірлескен жоспарлар жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Педагогикалық ұжымның шығармашылық бойынша жұмысы педагогикалық кеңесте, директор жанындағы отырыста, сынып жетекшілер бірлестік отырысында, әдістемелік кеңесте қаралып отырады. Тәрбие жұмысының ақпараттық- әдістемелік қамтылуы түрлі семинарлар, конференциялар, оқулар, әдістемелік ұсыныс, БАҚ көздеріне жариялау арқылы жүзеге асады. Сынып жетекшілерге әдістемелік көмек ретінде шығарылған: " Тәрбие жұмыстарының бағыттарына қатысты мемлекеттік нормативтік- құқықтық құжаттар мен ережелер ", " Білім беру жүйесінде бала құқығын қамтамасыз ету және қылмыс жасаудың алдын алу ", " Қазіргі білім беру мекемелерінде рухани- адамгершілікке тәрбиелеудің өзекті мәселелері және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие үдерісін жүзеге асыру ", " Білім беру ұйымдарында әлеуметтік- тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу ", " Рухани- адамгершілікті тәрбие- баланың үйлесімді дамуының негізі ", " Білім беру ұйымының тәрбие үдерісін басқару ", " Төтенше жағдайлардағы оқушылардың қауіпсіз мінез- құлық дағдылары мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру ", " Қазақстан Республикасы білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын жүзеге асыру ", " Бейәлеуметтік мінез- құлықты оқушылармен алдын алу жұмыстарын басқару негіздері ", " Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелері " құрал, нұсқауларларды сынып жетекшілер негізге ала жұмыс жасайды. Тәрбие үдерісінде дәстүрлі әдіс-тәсілдермен қатар жаңа технологиялар тиімді қолданылады. Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жеке жоспар құрылып, соның негізінде түрлі іс- шаралар өткізілуде. Мектепте ата- аналармен тығыз байланыста жұмыс істеу жақсы жолға қойылып, ата- аналар кеңесі жоспар бойынша жұмыс атқарады. Жылына үш рет жалпы ата- аналар жиналысы, тоқсанына бір рет сыныптарда ата- аналар жиналысы өтеді. Мектептегі барлық іс- шараларға мектеп ата- аналары белсене қатысады. Атап айтқанда " Алтын күз " мерекесі, " Тәуелсіздік- тұғырым ", " Кел, жаңа жыл ", " Ұлыстың Ұлы күні!" мерекесі т. б. іс- шаралар.
Мектеп ұстаздары ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде қыз бала тәрбиесін алдыңғы орынға қойып, ата- ананың сенімінен шығуға тырысуда. Оның бір айқын дәлелі мектепте 2011- 2012 оқу жылынан бастап қыздар клубы " Қызғалдақтар " және ұлдар клубы " Сарбаздар " құрылып, клуб жетекшілерінің басқаруымен жұмыс істеуде. Осы клуб мүшесіндегі оқушыларды, қыз бала мен ұл бала бойына тән қасиеттерді сіңіре отырып төмендегідей тақырыптарда " Сегіз қырлы, бір сырлы ", " Сайыпқыран сарбаздар ", " Қыз өссе елдің көркі ", " Инабаттылық, сыпайылық, әдептілік бір қазақ қызының бойында " атты іс- шаралар өтуде. Мектепте " Жас Ұлан, Жас Қыран " бірыңғай балалар мен жасөспірімдердің өзін- өзі басқару ұйымы жұмыс жасайды. Ұйымның оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасалып, бекітілген. Биылғы оқу жылында мектеп президенті болып 9 " В " сынып оқушысы Жакупов Расул сайланды. Президентке " Оқу ", " Тәртіп ", " Денсаулық ", " Мәдениет ", " Заңгер " министрліктері көмекшілік етеді.
" Жас Ұлан, Жас Қыран " ұйымына барлығы 2-10 сыныптар( 330 оқушы) кіреді. Ұйымның өз ұрандары, заңдары, ұстанымдары жыл басынан қабылданған. Олар мектеп кезекшілігін ұйымдастыру және қадағалау, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, мерекелік іс-шараларға қабырға газеттерінің жарыққа шығуын қадағалайды.
Мектепте I-II ауысым бойынша сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі жұмыс жасайды. Олардың басшылары: Г. Т. Құдайберген, Г. Д. Исбаева. Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктерінің отырыс жоспарлары құрылып, соның негізінде жылына төрт отырыс өткізіледі. Сынып жетекшілері " Үздік сынып жетекші папкасы ", " Үздік сынып портфолиосы " " Екі жұлдыз ", " Ашық есік күні ", " Әдістемелік күн " т. б. әр түрлі іс- шаралар өткізді. Мектепте 19 тәрбиелік үйірме мен 7 спорттық секция жұмыс жасайды. Әр үйірме, секциялардың оқу жылына жұмыс жоспарлары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
59