¹ 5( 12) 2016
Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
|
|
|
Мақалада пәнаралық байланыстар негізінде кіріктірілген сабақтарды жоспарлау және жүзеге асыру мәселелері қарастырылады. |
БАГДАТОВА АЛУА БАГДАТОВНА
математика пәні мұғалімі
|
КОСБАРМАКОВА АКГУЛЬ КАРИМОВНА
математика пәні мұғалімі
|
УЗБЕКОВА БАЯН ХАНАТОВНА
физика пәні мұғалімі
|
В данной статье рассматривается планирование и осуществление интегрированных уроков в учебном процессе на основе межпредметных связей
This article focuses on the planning and implementation of integrated lessons learning process on the basis of interdisciplinary connections.
|
МАТЕМАТИКА МЕН ФИЗИКАНЫ БАЙЛАНЫСТЫРА ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың " Қазақстан-2050 стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты " атты Жолдауы еліміздің ұзақ мерзімді дамуындағы жаңа белестерді айқындайтын бағдарламалық тарихи маңызды құжат болып табылады. Еліміздің жаңа даму бағытында білім беру жүйесінің алдында: 1. Білім беру мекемелерін оңтайландыру; 2. Оқу-тәрбие үдерісін түбегейлі жаңғырту; 3. Білім беру қызметтерінің тиімділігін арттыру сияқты үш басты бағыт айқын қойылды. Соның ішінде жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған шұғыл міндет- оқуды өмірге, жаңа технологияға жақындату. Осыған байланысты мектептегі іргелі жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқытудағы әдістемелік мәселелердің мәні ерекше артады. Мектептегі оқу үдерісінде математика мен физиканы ұштастыра оқыту әдістерін қолдану математикадан тиімді және терең, білім берудің алғышарттарының бірі болып табылады. Математика мен физиканың бұрынғыдан да тығыз байланыста қарастыру қажеттілігі математиканың ерекше сипатынан, яғни оның айрықша кең қолданысынан шығады. Амал не, бүгінгі шындыққа келсек, ол мұғалімдердің көпшілігінің математикадан сабақ беру іс-әрекетінде математика мен физика арасындағы байланыс әлі де өзінің тиісті орнын ала алмай келеді. Бұл оқушылардың физика формулалары мен заңдарын функционалдық тәуелділік ретінде қарастыра алмауы, фунция мен аргументтің, оң және теріс сан мәндерінің физикалық мағынасын аша алмауы дәлел бола алады. Мұның барлығы осы кездегі математика пәні бойынша қолданыстағы оқулықтарда физикалық мазмұнды мысалдар мен жаттығулардың өте аздығы немесе кейбір тақырыптар бойынша мүлде болмауынан түсіндіріледі. Физика-техникалық мазмұнды есептердің аздығы немесе болмауы, кездесетін есептердің мақсатсыз шешілуі, функцияның үнемі тек у-пен, аргументтің х-пен белгіленуі және сызықтық функцияның жазылуы тұрақты y = kx + b түрінде, ал квадраттық функцияның y = ax 2 + bx + c түрінде болуы, графиктер салғанда осьтерінің барлық уақытта х пен у( х-горизонталь, у-вертикаль) арқылы белгіленуі түптеп келгенде оқушыларда өзгертуі қиын стереотиптің қалыптасуына алып келеді.
Осыдан оқушылар санасында функциялық тәуелділік, функция ұғымы y = kx + b; y = ax 2 + bx + c жазуларымен байланыста, немесе функциялық тәуелділіктің аналитикалық түрі тек х және у болғанда ғана туады. Бұндай жағдайлардың барлығы математика сабақтарында физика-техникалық есептерді пайдалануға жағдай жасамайтындығы түсінікті. Сондықтан оқушылар жалпылама, жалаң мәлімет алады, ал ол жылдам ұмытылады да, оның өзі кең тараған техника мен жаратылыстану ғылымдарының көптеген салаларының дамуына қажетті математиканың беделін кемітеді, қызығушылықты төмендетеді. Жоғарыда айтылғандарға байланысты: қандай физикалық есептер математика сабақтарында қандай мақсатпен қашан және қалай шығарылуы керек деген сұрақ туады. Бұл баяндамада біз физика есептерін математика сабақтарының кейбір тақырыптарында қолданылуын қарастыруға талпынып отырмыз. Алдымен абстрактілі математикалық өрнегімен салыстыруды қарастырайық. Абстрактілі математикалық өрнектерді физика формулаларымен, олардың графиктік белгіленуін, анықталу облысын және түрі бірдей функция болуын айыра көрсету арқылы салыстырулар, математика ережелерінің жалпылығын көрсетуде ерекше маңызды орын алады. Мысалы y = kx түріндегі сызықты функция мен бірқалыпты қозғалыс теңдеуін салыстыруды мынадай түрге келтіруге болады:
52