Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ³ðèáåñ³íåí
¹5 (12) 2016
Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді. Құрметті сайыскерлер: Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз:
1. "Қайсар" тобын шақырамыз:
Біз әрқашанда мықты,
Бәрін жеңіп шықты.
2. "Жас қыран" тобын шақырамыз:
Біз шымыр сергек денеміз,
Өнер сүйер өренбіз.
3. "Құлагер" - тобын шақырамыз:
Құлагер тобы осында,
Біз жеңеміз сайыста.
4. "Жас ұлан" - тобын шақырамыз:
Жастық шақтың ұланымыз,
Көкке жетер қыранымыз.
Сайыстар:
1. Мергендер.
Белдеріне кольцо киіп, кедергілерден өтіп барып, қайта қайту.
2. Қаңбақ шар.
Кедергілерден өте жүріп, шарды баспен ұру.
3. Фут - баскет.
1. Кольцомен допты кедергілерден сүйреп жүру.
2. Допты жерге соғып берілген орынға барып, алып қайту.
4. Қарлы тир.
Қағазды алып қар жасап, шелекке лақтыру.
Жалпы балл. (әділ қазылардың ұпайларын тыңдау).
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды анықтап,
марапаттау сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда -
демекші, құрметті қонақтар, келгендеріңізге көп, көп рахмет!
Барлығы: "Қара жорға" биін билейді.
49