Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ³ðèáåñ³íåí
¹5 (12) 2016
Берілген әдістемелік жұмыс орта мек-
тепте дене шынықтыру пәнінен ашық
сабақ өткізудің үлгісі ретінде берілген.
Мақала орта мектеп ұстаздарына,
әдіскерлерге, мұғалімдерге, студент-
тер мен магистранттарға арналады.
ОСПАНОВ
РУСЛАН
РАХМАТОЛЛАЕВИЧ
АЛИМЖАНОВ
МИРЖАН
ГИЗАТОВИЧ
САГАТБЕКОВ
АМАНТАЙ
КЕНЕСБЕКОВИЧ
дене шынықтыру пәні мұғалімдері
"ТОЛАҒАЙ"
СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ
Данная
методическая
работа
представляет собой пример провидения
открытого урока по физической
культуре в средней школе. Разработка
будет интересна учителям, методис-
там, а также студентам и магистран-
там педагогических специальностей.
This methodological work is an example
of the providence of open lesson on physi-
cal training in secondary school. The article
will be of interest to teachers, instructors,
students and undergraduates of pedagogi-
cal specialties.
«Қайсар» тобы
«Жас қыран» тобы
«Құлагер» тобы
«Жас ұлан» тобы
48
Топтың аты
Мақсаты: Балаларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылығын арттыру. Салауатты
өмір сүруге тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Өтілетін орны: Спорт зал.
Көрнекілігі: газеттер, шарлар, шелектер, кедергілер, ойыншықтар, шеңберлер, т.б.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаңда ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
ІІ. Негізгі бөлім.
Құрметті: Ата - аналар, қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі "Толағай" спорттық сайысымызға қош
келдіңіздер! Көңілді сайысқа ата - аналарымен бірге бастауыш сынып оқушылары қатысады.
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпен атырамыз.
Өнерді, ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға.
"Қайсар", "Жас қыран", "Құлагер", "Жас ұлан" - атты топтарымызды ортаға шақырамыз.
(көңілді әуен)
Ал, құрметті халайық!
Жарыст ы енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық:
Мектеп директоры: Н.Н. Ахметкалиев,
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.Б. Сембаева, С.С. Оспанова.
Спорттық сайысымыз: 3,4,5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасында.
Жалпы балл