EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 49

Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
¹ 5( 12) 2016
Берілген сабақ жоспары орта мектептің даярлық сыныбында дүниетану пәнінен сабақ жүргізудің тиімдісі үлгісі ретінде ұсынылған. Сабақ жоспарын бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерінде пайдалана алады.
Данная разработка урока представляет собой пример проведения урока по предмету " Познание мира " в подготовительных классах средней общеобразовательной школы. Методическая работа будет интересна учителям средней школы.
АЛИМБАЕВА АЙНУР ТОЙБАЗАРОВНА ТОЛЕУТАЕВА
ЭЛЬМИРА ТЛЕУЖАНОВНА
"№ 3 ЖОББМК " КММ даярлық топ тәрбиешілері
The working-out subject plan is given as a useful example for teaching subject " Learning the world ". Every primary school teacher may use this plan.
ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДА " ҚОРШАҒАН ОРТА " ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТЫҢ ҮЛГІСІ
Сабақтың тақырыбы: Қыс Сабақтың мақсаты: Қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Міндеттері: 1. Қыс мезгілі туралы түсінік беру 2. Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу. 3. Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Сабақтың көрнекілігі: Қыс көрінісіне суреттер, жұмбақтар. Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны. І Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Армысың, асыл күн! Армысың, асыл жер! Армысың, көк аспан! Армысың, жан досым! Жылуыңа, жылу қос, Міне, менің қолым!
ІІ Өткен сабақты еске түсіру: Ойын " Аққала құрастырайық ".
ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа сабақ: Сөзжұмбақ шешу. 1. Ұлттық ойын түрі( асық) 2. Қазақтың аспабы( домбыра) 3. Сайысқа түсу( жарыс)- Қандай сөз шықты балалар?- Ендеше, бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы қыс екен а) Қыс көрінісі туралы суреттер көрсете отырып, қыста өлі табиғатта болатын өзгерістерді айтқызу. ә) Сәкен Сейфуллиннің " Қыс " өлеңі, Абайдың " Қыс " өлеңінен үзінді оқып беремін. б) Қыста жапырақтары түспейтін, үнемі көгеріп тұратын ағаштар туралы айту. в) Қыстағы өсімдіктер тіршілігі туралы әңгіме. Сергіту сәті.
Ү Білімді бекіту. 1. Қыс туралы өлең оқу. Сызбалар бойынша сөйлем құрату. Қыста( қар) жауады. Қыста адамдар( тон, қолғап) киеді. Балалар шана, шаңғы, коньки теуіп, сырғанап жүр.
2. Жұмбақ шешу. Екі аяққа байлап, Сырғанайық жайлап.( Шаңғы)
Мүлгіп тұрған бақ тыныш, Ораныпты ақ күміс.( қырау)
Суда қалқиды, Жылыда балқиды.( Мұз)
Табанға қанжар байладым, Бетінде айна ойнадым.( Коньки)
ҮІ Сабақты қорытындылау: " Ауа райы " ойыны.
" Үш шындық, бір өтірік "- Қыста күн ыстық болады.- Жазда қар жауады.- Көктемде жапырақтар жерге түседі.- Күзде шана тебеміз.- Қыста жемістер піседі.- Күзде бақша егеміз.
Біз не жайында білдік? Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық- Көріскенше күн жақсы Сау-саламат болайық!
47