EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 46

¹ 5( 12) 2016
Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды, телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Яғни, жаңа ақпараттық технологиялар- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудағы негізгі құрал компьютер және интерактивті тақта болып табылады. Коммуникация- байланыс, мәліметтерді жеткізу- ақпаратты тасымалдап жеткізу. Әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Осы орайда оқыту әдістерін жетілдіруде тікелей білім беру жүйесінде тұтас ақпараттық технология дамытуға үлес қосады.
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі оқушының оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны ақпараттық коммуникативтік технологияны таңдау. Білім мазмұны оқушылар негізінен оқулық немесе электрондық оқулық арқылы беріледі. Сондықтан адамның құндылығы, құндылық қасиеттері, оның іс-әрекетінің нәтижелері арқылы бағаланады. Ізденіп, жазып, жинақтаған ақпараттарды таратуда интерактивті тақтаның маңызы зор, орны ерекше. Оны қолдану арқылы көптеген дүниелерге қол жеткізуге болады. Осы кезде оқушы мен мұғалімнің арасында коммуникативтік қарым-қатынас берік орнары сөзсіз.
Интерактивті тақтаның мұғалім мен оқушыға тиімділігі
Мұғалім үшін тиімділігі Жаңа материалдарды сыныптың ортасында тұрып түсіндіру мүмкіндігі зор Кез-келген қосымшаның жоғарғы жағына өз ойын жазуға, сурет салуға мүмкіндік береді және импровизация мен икемділікті мадақтайды Сабақ барысында кез-келген сөзді сақтауға, тақтадан көрсетуге және материалдың меңгеру деңгейін жеңіл тексеру мүмкіндігі Мұғалімдер дайын материалдарымен алмасуға және оларды қайтадан пайдалану мүмкіндігі Оқытушыларды оқытудың жаңа жолдарын іздеуге ынталандырады, кәсіби жағынан өсуге ұмтылдырады Мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD- ROM және интернет ресурстарын қолдана алады
Оқушылар үшін тиімділігі Сабақты қызықты етеді және мотивацияны дамытады
Ұжымдық жұмысқа қатысуға көп мүмкіндік береді, жеке және әлеуметтік дағдыны дамытады Материалдың анық, тиімді және серпінді берілуі нәтижесінде күрделі сұрақтарды тез қабылдайды және игереді Оқушылар өз-өздеріне сенімді болады және шығармашылықпен жұмыс істейді Оқушылар жекелеген қажеттілікке сәйкес белгілі бір ресурстарға сүйеніп, оқудың түрлі әдістерін қолданады Қызығушылықтары артады. Сауаттылықтары арта бастайды. Танымдық көзқарастары кеңейе түседі.
Интерактивтік тақта көмегімен СТО жобасының стратегияларын қолдану арқылы жаңа сабақты түсіндіру мүмкіндігінің тиімділігі артады. Оқушылардың қызығушылық деңгейлері де жоғарылайды. СТО стратегияларының әрқайсысының өзіндік мәні бар. Соның ішінде " Венн диаграммасын " алып қарасақ, сабақта пайдалансақ, заттар мен кейіпкерлерді салыстыруда ортақ ойды анықтайды. Әрі тиянақтылыққа алып келеді. Бұны топпен де, жеке оқушылармен де жұмыс жасатуда қолдануға болады. Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіруде бұл технологияларға қоса халықтық педагогиканы да байланыстырып алуға болады. Мысалы, биология сабақтарында оқушыларды ойындар ойнату арқылы салауатты өмір салтын ұстануға, ұлттық құндылықтарды сақтауға тәрбие беруге болады. Қорытындылау мақсатында топтау әдісін қолданған орынды. Мысалы, нені ұққанын тізіп шығу арқылы оқушы өз ойын түйіндейді.
Топпен жұмыс істеуде ұжымдық оқыту технологиясын қолданған жөн. Бұл технологияның мақсаты, оқушы қабілетін дамытып, еңбекке баулып, ұйымшылдық қабілеттерін оятады әрі ынтымақтастыққа тәрбиелейді. Сонымен бірге өзінөзі басқаруға, байқампаздыққа жетелейді. Бұл әдісті сабақты бекіту кезінде пайдалана аламыз әрі берері де мол. Бұл технологияларды, әдіс-тәсілдерді сабақта интерактивті тақта арқылы пайдалану ақпараттық технология арқылы жүзеге асады. Біз тек осылардың арасындағы байланысты шатастырмай, оқушыларға тиімді жағын қарастыра отырып, қолданғанымыз дұрыс. Бұның барлығы- бүгінгі күннің талабы, болашақ игілігі үшін білімді ұрпақ қажет. Білімді ұрпақ- ертеңгі қоғам иесі, жеке тұлға. Ал, ақпараттық қоғамның негізгі талабы- оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық- коммуникациялық технологияны сабақта пайдаланудың тиімділігі: келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, жас ерекшеліктеріне сай еркін дамуына және интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Мұхамбетжанова С. Т. " Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық-телекоммуникациялық технология саласы бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми әдістемелік негіздері ". 2006жыл. 2. Қожанова Ә. " Ақпараттық технология мәселелері ". Қазақстан мектебі. № 1, 2010ж, 14-15-бет. 3. Төтенаев Б. " Қазақтың ұлттық ойындары ". Алматы " Қайнар " 1994ж. 4. Айтмағамбетова Б. Р. " Оқыту процесін ұйымдастыру ". Алматы, 1991ж. 5. Қазенова Г. " Ойын арқылы оқыту ". Алматы, 1998 ж.
44