EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 47

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗУДІҢ ҮЛГІСІ
Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
¹ 5( 12) 2016
Берілген әдістемелік жұмыс дене шынықтыру сабағында қазақтың ұлттық ойындарын қолдана отырып ашық сабақ өткізудің үлгісі ретінде берілген. Мақала орта мектеп ұстаздарына, әдіскерлерге, мұғалімдерге, студенттер мен магистранттарға арналады.
АЛДАЖАРОВ АЛТАЙ СЕРИККАЗИНОВИЧ
КУРМАНБАЕВ АЗАМАТ АУЕЛБЕКОВИЧ
дене шынықтыру пәні мұғалімдері
НУРКАСЫМОВ ДАРХАН ТЛЕУГАЗЫЕВИЧ
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗУДІҢ ҮЛГІСІ
Данная методическая работа представляет собой пример провидения открытого урока по физической культуре с элементами казахских национальных спортивных игр. Разработка будет интересна учителям, методистам, а также студентам и магистрантам педагогических специальностей.
This methodological work is an example of the providence of open lesson on physical training with elements of the Kazakh national sports. The article will be of interest to teachers, instructors, students and undergraduates of pedagogical specialties.
Тақырыбы: " Дарабоз " Мақсаты: Ұлттық ойынды насихаттай отырып, нағыз қазақ баласының бойындағы қасиеттерін бастауыш сынып оқушыларының бойына сіңіру. Әр түрлі жағдайлардан шыға білу, тапқырлық, ептілік, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. Ұлттық ойындарды ойната отырып, ата-салтын ардақтауға, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Міндеті: Спорттық ойындармен бірге ұлттық ойындарды салауатты өмір салтында қолдана білу. Түрі: Ұлттық ойын сайысы Тәрбиелік бағыты: Салауатты өмір салтын насихаттау. Керекті құрал: Арқан, қамшы, асықтар, қоржындар, тиын-теңгелер, бейне таспа, аттар т. б. Ж о с п а р: І. Ұйымдастыру. 1. Сайысқа қатынасушылардың дайындығын бақылау. 2. сайыстың мақсатымен, жоспарымен таныстыру ІІ. Негізгі бөлім. 1. Сәлемдесу. 2. Асық ату. 3. Бес тас. 4. Теңге алу. 5. Қамшылау. 6. Арқан тартыс
ІІІ. Қорытынды. 1. Әділ қазылар алқасына сөз беріліп, жеңімпаз топты анықтау. Мұғалім: Шынықсаң шымыр боласың, Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боласың. Жеңімпаз болу оңай ма? Арман болған талайға. Болмасаңда ұқсап бақ, Жарысқа түсіп қалайда. Құрметті: қонақтар, ұстаздар мен оқушылар, доданы тамашалауға қош келдіңіздер! Бүгін бізде 4- сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған " Дарабоз " атты ұлттық ойын сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Әр таңды бақытпен атырамыз. Өнерді, ой көгінде бақылаңыз, Сайысқа қатысуға енді ортаға. " Тұлпар ", " Жас қыран ", " Салауат "- атты топтарымызды ортаға шақырамыз.
" Дарабоз " сайысының кезеңдерімен таныс болыңыздар. Барлығы 6 кезеңнен тұрады. 1. " Сәлемдесу "( әр топтың ұйымшылдығын бақылау) 2. " Асық ату "( 1-2 метр қашықтықтан асық ату, ұлдардың мергендігін бақылау)
3. " Бес тас "( епті, әрі шапшаң төртік ойынына дейін қыз балаларды сайыстыру ойнау) 4. " Теңге алу "( шапшаң жүгіріп барып, жердегі теңгені алу) 5. " Қамшылау "( топ басшылардың сайысы) 6. " Қол күрес "( топ ішіндегі мықты ойыншы шығады) 7. " Арқан тартыс "( екі топ бір-бірімен арқан тартысады)
" Дарабоз " ұлттық ойынына қатысушы сайыс қырандардың шапшаңдылығы мен тапқырлығын, икемділігі мен ептілігін, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар. Қазылар алқасының төрағасы: Мектеп директоры- Ахметкалиев Н. Н. мүшелері: мектеп директорының оқу- тәрбие жөніндегі орынбасары- Құрмашева А. А. Дене шынықтыру мұғалімі- Оспанов Р. Р.
Бұл сайыс шыншыл бағдарлама желісімен алынып отырғандықтан әр кезеңнен кейін бағасы беріліп отырады. Бағаланған асықты қоржынға жинау арқылы бағаланады.
(" Қара жорға " әнінің сүйемелдеуімен ұлттық киім киген оқушы асықтарды қазылар алқасына ұсынады) Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған, күлмейтін шын күлерлік, Ер табылса жарайды қылса сұхбат- дей отырып сайыстың бірінші кезеңі сәламдесуге кезек берейік. І кезең " Сәлемдесу "( Әр топ топтарының аттарын, ұрандарын таныстырады) 4 " А "- " Тұлпар " тобы 4 " Б "- " Жас қыран " тобы 4 " В "- " Салауат " тобы Қазылар алқасынан бірінші кезеңнің бағасы сұралады. 5- өте жақсы, 4- жақсы, 3- қанағаттанарлық бағамен бағаланады. ІІ кезең. " Асық ату " Ежелден бері келе жаткан ұлттық болмысымызға сіңісті әр түрлі ойындар бар. Оны ретіне қарай жаста, жасамыста ойнаған. Мысалы: тойда, қонақ шақырылса бозбалалардың бас қосу салтанатында " Асық ойнау ", " Ханталапай "," Тоғыз құмалақ "," Көкпар " т, б. Солардың бірі " Асық ату " ойыншының мергендігін, ептілік қабілетін арттыра түседі. Асықты дәл тигізіп, көп асық жинаған ойыншы жеңіске жетеді. Нағыз мерген болып
45