Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí ¹ 5( 12) 2016
АБДРАХМАНОВА ЖАНАТ
"№ 3 ЖОББМК " КММ биология пәнінің мұғалімі
КАРИМОВА САЛТАНАТ КЕНЕСХАНОВНА
"№ 3 ЖОББМК " КММ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Мақалада мектеп оқушыларына білім беруде инновациялық технологияларды қолданудың маңызы мен артықшылықтары туралы айтылған. Авторлар білім берудегі инновациялардың түрлері мен тәсілдеріне шолу жасайды.
Статья освещает вопросы использования инновационных образовательных технологий в средней школе. Авторы описывают виды и методы инновационных образовательных технологий.
In this article referred the importance and benefits of using of innovative technologies in the education of school children. Authors made overview to different types of innovation in education.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ӘДІСТЕРІН САБАҚТА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
" Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет "
Н. Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасы жоғарғы білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында айқын көрсетілгендей, қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, өз кезегінде оқу бағдарламаларын өзгертуді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздеп отырғаны анық. Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын В. А. Коменский айтқан, оның пікірінше оқыту " технологиялық " болуы қажет. Оның мағынасы- нені үйретсе де, нені оқытса да оқу процесі табыссыз болмауы керек. Мұндай оқыту механизмін В. А. Коменский " дидактикалық машина " деп атады. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды. Соған байланысты, мақсат-құрал- оның қолдану ережелері- нәтиже модулі шықты. Бұның өзі- білім берудегі кез-келген технологияның өзегі.
Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде құрылған дамытушы, тұлғалы бағдарлық, мақсатты технология болып табылады.
Қазақ халқында балалардың тілін сындыру, сауат ашу, шешен сөйлеуге баулу әдістемелерінің ұлттық дәстүрлері ежелден болған. Алайда ғалымдар ғылыми әдістеме тарихын Ыбырай Алтынсарин еңбектерінен бастап жүр. Оның " Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы " деп аталатын еңбегі қазақ топырағында туған тұңғыш әдістемелік еңбек болып табылады. XX ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынов осы дәстүрді тереңдетіп, " Баяншы ", " Тіл жұмсартар " деп аталатын әдістемелік кітаптар жазды.
" XXI ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз " делінген ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2005 жылғы, 18 ақпанда Қазақстан халқына Жолдауында.
Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді. Қазіргі заманның ұстазы, ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып, төл мәдениетін қастерлейтін, сыйлайтын, оны өзгеге таныта, сыйлата алатын, дүниежүзілік мәдениетті таныта алатын, рухани дүниесі бай, зияткерлік деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы керек. Ұстаздың оқу-тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер етуші: Біріншіден, саяси сауатты, жан-жақты білімді болуы;
Екіншіден, өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін, шеберлікпен жеткізе білетіндей әдіскерлік икемділігі;
Үшіншіден, оқушының психологиялық ой-өрісін бақылай алатын сезімтал психолог, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілігі қажет. Сонда ғана ол-нағыз ұстаз.
Шығыс даналығы: " Маған айтсаң, ұмытып қаламын. Көрсетсең, есімде қалар. Істеуін көрсетіп берсең, үйреніп аламын " деген екен. Бұл-баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту, үйрену деген сөз. Сабақта бала көбінесе, білімді қабылдап алушы, көп объектінің бірі деп есептеледі, олардың ерекшеліктері жеке ашыла қоймайды. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Сондықтан мұғалімнің ең басты мақсаты: 1. Әр баланы Тұлға ретінде қабылдау. 2. Оның жеке тұлғалық қасиеттерін анықтап, ашу. 3. Бұл қасиеттерін пайдалануға мүмкіндік туғызу. 4. Қазіргі таңда әлемдік оқыту үрдісінің өзегі-жаңа технологиялар.
Осы мақсаттар негізінде ұстаздар қауымы оқушыларының жас ерекшеліктерін әрі олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өздерінің сабақ жүргізу үрдісінде технологиялардың тиімділерін таңдайды. Оның ішінде 5-7-сыныптарға сабақ беру кезеңінде ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып жүрміз және осы технологияның тиімділігі, маңызы әрі мүмкіндіктері жайлы ой бөлісеміз. Сондықтан осы технология төңірегінде біраз ақпарат беріп өткенді жөн көріп отырмыз.
Ақпараттық коммуникативтік технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Ақпарат- информатика саласының негізгі ұғымы. Адам ақпаратты үздіксіз қабылдайды, біз не көреміз, не істейміз оның барлығы ақпарат. Кибернетиканың атасы атақты оқымысты Виннер " Ақпарат- сыртқы әлемде бейімделу арқылы одан алынатын мазмұнды бейнелеу " деген. Алынған ақпаратты адам миы өңдейді. Ақпараттық технология: 1. Объекті үрдісінің немесе құбылыс күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын үрдіс;
2. Ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы;
43