Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ³ðèáåñ³íåí
¹5 (12) 2016
Мақала мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық
әрекетін дамытуға бағытталған коммуникативтік
және психологиялық ойындарды қолдану мәселе-
леріне арналған. Мақала орта мектеп ұстаздарына,
әдіскерлерге, мұғалімдерге, студенттер мен
магистранттарға арналады.
АБДРАХМАНОВА
ГУЛЬНАЗ
ЕЛЕУТАЕВНА
РАМЬЯНОВА
АНАР
МАУЫТХАНОВНА
"№3 ЖОББМК" КММ педагог-психологтары
Статья посвящена использованию коммуникатив-
ных и психологических игра для развития
познавательного интереса детей с ограниченными
возможностями. Статья будет интересна
учителям, методистам, а также студентам и
магистрантам педагогических специальностей.
The article is devoted to the use of communication and
psychological games for the development of informative
interest of children with disabilities. The article will be of
interest to teachers, instructors, students and undergradu-
ates of pedagogical specialties.
ҮЙДЕ ОҚИТЫН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ОҚУШЫЛАРҒА
АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР
ХХ ғасырдың басында неміс педагог-дефектологы П.
Шуманның "бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым
төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары
болу керек" деген асыл сөзінен даму мүмкіндігі шектеулі
баламен жұмыс істеу өте қиын екенін рас.Қазіргі кезде
мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып,
олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап,
өз бетімен өмір сүруіне бағыт бағдар беруге арнайы
дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім
деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім білік дағдысын,
тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар
жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің
алдына мынадай міндеттер қойылады.
1.Баланың мектепке дайындығын анықтау.
2.Тәрбиесіндегі кемістігін жою
3.Сабақты жүйелі жоспарлау
Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды
арнайы оқытуға деген сұраныс, әсіресе олардың
танымдық процестерін психологиялық жағынан зерттеу
қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Оқыту үрдісінде
мұндай балаларға оқу материалын меңгерту үшін
арнайы мектептер мен мекемелерде арнайы білім
берудің мазмұны мен әдістерін жасау және оны негіздеу
қажет. Әсіресе ауылдық жерлерде туа біткен, сонымен
қатар еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан,
тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар
салдарынан, мектепке бару бақыты бұйырмаған
балалар бар. Осы балаларды психологиялық ойындар
көмегімен дене кемістігін қалпына келтіріп, сол арқылы
психологиялық саулығын сақтап, бала мүгедектігінің
деңгейін төмендетуге мектеп психологтары аз да болса
өз үлесімізді қосып алдымызға мақсат етіп келеміз. Әр
психолог үйден оқитын балаға барғанда біріншіден
баланың көңіл күйіне қарап, динамикалық бақылау
күнделігін жүргізіп отырады. Баланы мектепішілік іс-
шараға қатыстырады немесе көрермен ретінде көруге
шақырады. Екіншіден баланың үйіне барғанда ата-
анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады.
Тек қана баланың өзімен жұмыс жасағаннан көрі ата-
анасымен қосылып, жұмыс жасаған балаға қатты
ұнайды. Ол үшін үйден оқитын оқушының отбасылық
әлеуметтік жағдайын, жас ерекшелігін ескере отырып,
балаға ешқандай қиыншылық туғызбайтын өз іс-
тәжірибемде қолданып жүрген, ата-анасымен бірлесе
жүргізген, баланың өзіне арнал ған коррекциялық
40
ойындарды ұсынамын. Әрбір мұғалім жеке балаға сабақ
бергенде сабағына қолдануға болады.
Баланың қуанышы мен реніші ойында анық
байқалады. Ойын кезінде баланың психологиялық
ерекшелігі мынадан көрінеді:
1. Олар ойланады.
2. Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады,
қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілеті
мен дарыны ұшталады.
3. Ұжымдық сезімі қалыптасады.
4. Ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны
жетілдіреді.
Менің және анамның қолы. Мақсаты: Ең алдымен
дене және эмоционалды есте сақтауға сүйене отырып,
қатысушылардың дене сызбасы туралы түсініктерін
нығайту. Сол жұпта дене деңгейіндегі өзара қарым-
қатынасқа әсерлену, қайта жасау; ата-аналардың осы
тәжірибені сезіну. Бала-ата-ана жұптарына бір-бірлеріне
қарама-қарсы тұрып және жүргізушінің айтқанын
орындау ұсынылады. Психолог тізбекті түрде келесілерді
ұсынады:
1. Бір-бірлерімен сұқ саусақтарымен "Сәлемдесу"
2. Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын
сипалау.
3. Ортаңғы саусақтар көмегімен күш сынасу.
4. Серіктестің біреуі алақанымен екінші қатысушының
бармағын ұстап тұру қажет. Содан кейін орындарын
ауыстыру
5. Бір-бірлерімен шынтақпен қоштасу.
Сабақта жаттығу тек сол қолмен орындалады. Үй
тапсырмасы ретінде қатысушыларға тура осыны қарама-
қарсы саусақтармен жасау ұсынылады.
"Көліктер" Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы
физикалық контактіні реттеу, тактильді түйсіктерді
дамыту.
Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана және бала. Бала
"көлік" рөлінде болады- ата-ана "көлікті жуушы".
"Жуушының" көздері жабық немесе байланған. Бес минут
ішінде "көлікті" ретке келтіреді: барлық әрекеттерін айта
отырып жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сөздер
көбірек қолданылады. Содан кейін ата-аналар мен
балалар орындарымен алмасады.
"Ия-жоқ" өзін қабылдауға арналған ж аттығу.
Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық
сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауды қалыптастыру,