Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
қарым-қатынас дағдыларын дамыту . Ата-аналар мен балалар бір-бірлеріне иықтарымен сүйеніп кілемнің үстінде отырады . Сенімді түрді " Ия-жоқ ", " Жоқ- ия " сөздерін айтады . Жаттығудан кейін талдау жасалады : " ия " немесе " жоқ " сөздерінің қайсысын айту қиын ?
Бірлесіп сурет салу . Мақсаты : Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін , бір-бірлерін қабылдауларын қалыптастыру , қарым-қатынас дағдыларын дамыту . Қатысушыларға жұпта бір қаламмен сурет салу ұсынылады , бірақ өзара сөйлесіп , келісім жүргізуге болмайды .
Аяқтап болғаннан кейін әр жұп өз шығармасы туралы әңгім елейді : сурет қалай салынды . Қатысушылар сурет салудың түрлі кезеңдеріндегі өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін көрсете алады : бірлескен , бір қатысушының екінші қатысушыны басынуы , бәсекелестік , келісім , серіктес қызығушылықтарына бағдарлану . Баланың өзімен жүргізілетін жұмыс түрлері Жағымды ойлауға үйрену . Жақсы нәрсе туралы ойлап , соны күту , соған сену . Өз ойыңда үйлесімділік пен тепе-теңдікті құра отырып , біз де соны өмірден таба бастаймыз . Өзің туралы жағымсыз ойлардан құтылу . Сіздің саналы түрдегі Өзіңізді мейлінше жақсы емеспін деген сеніміңіз , сіздің іс-әрекетіңіз бен қылықтарыңызды басқарады да , әрдайым ол өмірде көрініс береді . Өзіңді сүй . Біз өзімізді бар жанымызбен сүйіп және өзімізді құрметтесек , сонда өз іс-әрекеттеріміз бен қылықтарымызды қоштаймыз , біз адамдармен ең ғажап қарым-қатынас тудыра алатындай , жаңа қызықты жұмыс табуға мүмкіндік беретіндей , дене салмағымызды тұрақтандыра алатындай , денсаулығымызды нығайта алатындай етіп ақылымызды нақты ұйымдастыруды құрамыз . Өзіңді қабылдау және өзіңді қоштау- бұл жағымды өмірлік өзгерістер жасаудың кілті .
Өзіңді неғұрлым азырақ сынауға тырыс . Сын біз құтылуға тырысып жатқан сол ой бейнелеріне тоқтау сап қояды .
Өз жеткен биігіңізді өзіңіз теріске шығармаңыз және басқалардың теріске шығаруына жол бермеңіз . Мұны балалар керемет орындайды . Өмірдегі бар жақсы нәрсе өзіңнің сыртқы " Меннен " айырмашылығы болатын ішкі " Менді " қабылдаудан басталады . Біздің жүрегімізде барлық планетаны емдеп жазарлық махаббат жетерлік екенін ұмытпаңыздар .
Өз бойыңыздан жақсы қасиеттерді іздеңіз . Осыдан сіздің өміріңізде айтарлықтай прогресс басталады . " Мен өзімдегінің бәрін қолдаймын " деген жаттығу бар . Сіз мұны неғұрлым көбірек айтсаңыз , соғұрлым жақсы болады . Басқалардың сіз туралы айтқанына көп көңіл бөлмеңіз .
Әр адам -қайталанбас және ерекше . Біз осы планетаға біреуге ұқсау үшін емес , өзімізді көрсету , жеткізе білу үшін келгенбіз .
Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар " Бет-әлпетті еске сақтау " Өзіңді қоршаған адамдардың бет-әлпетін сақтауға дағдылан . Қарап ал да , көзіңді жұм , көргеніңді түгелдей еске түсір . Толық еске түсіруге қиналсаң , қайта қара . Осылайша бірнеше рет қайтала .
" Ол қалай күледі ?" Бет жүзіне қарап , адамның қалайша күлетінін , жылайтынын көз алдыңа елестет . Өзінің жақсы көргенін , сүйіспеншілігін , махаббатын қалай білдіреді ? Абыржып , сасқан кезде қандай ? Ол қулана ма , әлде сытылып , құтылып шыға ма ? Қалай дөрекілік көрсетеді ? Ұрсыса ма ? Өкпелегенде қандай ? Ол бұрын қалай көрінетін еді ? Кейін қандай болады ?
" Мен басқалардың көзімен " Әр түрлі жағдаяттарда және әр түрлі адамдармен өзіңнің әңгімелесушінің
¹ 5 ( 12 ) 2016
көзімен қарағанда қалай көрінетініңді елестетуге тырыс . Сен қалай әсер етесің ? Ол сен туралы не ойлайды ?
" Өзіңді бағалау " Неғұрлым бағалаушы болудан гөрі , бағаланушы болған жөн . Айналаңдағылар сенен не күтеді ? Оған сенімен жақсы ма ? Егер біреу қателік жіберсе , сол қателікке емес , оған өзіңнің реакцияңды қалай болатынына назар аудар .
" Көңіл-күйге ортақтасу " Жеке тақырыпта әңгімелесе отырып , өзіңмен әңгімелесушіні ұқыпты тыңдауға тырыс . Егер ол саған көңіл сырын сеніп ашса , өзіңдікін айтып жарыспа , бөліп тастама , көңіл-күйіне ортақтас , өзіңді оның орнына қойып көр .
" Қоштау " Балаларға көз салып қара , олардың ісәрекеттерін бақыла , оны қоштау мүмкіндіктерін жіберме .
" Күлкі " Бет-жүзіңде әрдайым күлкінің табы тұруын , жылы кейіпті , мейірімді жүзді , ақжарқын қалпыңды сақтауға үйрен . Күлкің келмесе де , оған әруақытта дайын бол . Әрдайым ішкі дүниең күліп тұрғаны жөн .
" Саған аманшылық тілеймін " Кез-келген адаммен кездескен кезде алғашқы сөзің ( ішкі тілегің ) " Саған аманшылық тілеймін " болуы керек . Мұны оған бар жанжүрегіңмен сыйла ! Егер сен біреумен дау-жанжалға түсіп , ұрсысып қалатын болсаң , " Саған аманшылық тілеймін " дегенді дереу есіңе түсіріп , қайталайтын бол .
" Жаңа түрге ену " Өзіңді басқа адамның орнында сезініп көр . Сен - ол екенін көз алдыңа елестет . Оның сырт келбетін тауып ал , оның ішкі әлеміне аз-маз еніп байқа . Оның жүріс-тұрысын , мимикасын , қозғалыстарын салып көр . Жаңа түрге түс , оның сезімдері мен ойларымен астасып өмір сүруге тырыс .
" Нажағай қаупі жоқ " Өзіңнің жағымсыз эмоцияңды тежеуге тырыс . Саған оны тежеу қандай қиын болса , айналадағыларға оны бастан кешіру сондай қиын . Ұрысысып-керіспеуді , күңкілдеп-жыламауды үйрен . Бір апта бойы барлығын кешіруге , бәрін түсінуге , ешкімді сынамауға , ескерту айтпауға , кінәламауға тырыс . Мүмкін одан да ұзағырақ осылай істерсің ?
" Мен -ғажаппын !" Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе , соған соншалықты лайықты болады . Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді , өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек . Өзіңе арнап неғұрлым жақсы , жағымды , жылы сөздерді көбірек айту керек . Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн . Әр адамның өзіне арнаған жақсы , жағымды қолдау , мадақтау , мақтау сөздері болуы тиіс . Мысалы : - Мен осы өмірге келуіммен кереметпін . - Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес , болмайды да . - Мен ғажаппын , мен кереметпін . - Менің күш-жігерім көп , денсаулығым мықты . - Мен өмірді сүйемін , өмір мені аялайды . - Мен тамаша жанмын .
Ойын түрлері " Кімде қандай қасиет бар " Малдың түрі бейнеленген карточкаға бала оның қасиетін көрсететін сөз жазылған басқа карточканы таңдап алады . Мысалы , ит және иесіне берілгендік , түлкі және айлакерлік , түйе және тәкаппарлық және т . б . " Өзің жалғастыр …." Мақсат сабаққа кешіккенін енді ғана ұқты …. Айнұр досын ренжітіп алғандай болды … Оспан ағасына бір нәрсені айтуды ұмытып кетті …. Әңгімелерді одан әрі жалғастырып , өз бетінше аяқтауын тапсырып , соңынан баланың ойын талқылауға болады . " Түспен ажырату " Ойынның мақсаты : адамның мінез-құқын бояумен көрсетіп , жағымды , жақтарын түспен ажырату .
Жүргізуші : балаға адамның қасиеттерін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды тапсырады . Қандай қасиетті қай түспен бояуды баланың өзі шешеді . Ойын соңында
41