EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 40

¹ 5( 12) 2016
ÁIËIÌ ÁÅÐÓ ÌÝÑÅËÅËÅÐI
КУТЕШОВА ЖАДЫРА СЕРИКАЛИЕВНА
ШИЯНОВА АЙГУЛЬ ЗАМАНБЕКОВНА
бастауыш сынып мұғалімдері
ОРАЗГАЛИЕВА САЛТАНАТ САМЕТКАЗИЕВНА
Мақалада оқушылардың білімін бағалау сынақтарының маңызы мен олардың оқушы өміріндегі рөлі туралы баяндалады. Мақала орта мектеп ұстаздарына, әдіскерлерге, мұғалімдерге, студенттер мен магистранттарға арналады.
В статье рассматривается вопрос о необходимости и роли итоговых экзаменов и оценок знаний учащихся. Статья будет интересна учителям, методистам, а также студентам и магистрантам педагогических специальностей.
The article deals with the issue about necessity and role of assessment for students in the future. The article will be of interest to teachers, instructors, students and undergraduates of pedagogical specialties.

БАҒА- ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

Білім алу мен даму, қашанда болса өзгеріс сатысында болмақ. Міне сондықтан да, білім беру жүйесіндегі біздер баға берудегі өзгерістерді жетік білуге тиіспіз. Өзім кіші мектеп жасындағы бүлдіршіндердің оқытушысы болғандықтан, балаларды дамытатын бастауыш мектеп бағдарламасының жас балалардың білімінің өсуін үздіксіз баптап, балалардың өздері мен олардың дүниесін түсінуге бағытталуын құптаймын. Білім берудегі жаңа бағыт бағалаудың жаңа жолдарын ұсынуда. Осы жаңа тәсілдерді оқу тәжірибеме енгізуде біршама қиындықтармен қатар, ауыз толтырып айтарлық табыстарға да жеттім деп айтуға негіз бар сияқты. Оған осы байқауға қатысу мүмкіндігі тиген сәтте, жасалған жұмыстарды ой елегінен өткізе отырып көз жеткіздік. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшінші деңгейлі бағдарламасын меңгергеніміз жайлы заңды құжатқа қол жеткізіп, жаңа қарқынмен оқу жылын да бастадық. Әр модульді тәжірибеге енгізіп, қолданғанда жан-жақты ойланып, ой сүзгіден өткізу арқылы оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс, уәж, болжау мен сұрыптау, стандартты бақылау және орындау, оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау мақсаттарын басшылыққа алу керектігін түсіндім. Әр сабақта бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындыққа кездесуі мүмкін екенін анықтау қажет. Сыныпта өзара іс- әрекетті, яғни оқушылардың әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырғандарын бақылау, үй жұмыстарын тексеру арқылы бірталай ақпарат алуға болады. Енді бірлесе жұмыс үстіндегі әрекеттер кезіндегі оқушылардың нені білетінін және одан әрі дамуы үшін қандай қадамдарды белгілеу керектігі туралы ойланып, сабақтарды осыған қарай икемдедік. Жоспарға түзету енгізу үшін әр оқушының үй тапсырмасын орындаудағы қиындықтарын анықтадық. Дербес оқу тапсырмасының кей оқушылар үшін жаңалық, яғни олар әлі де мұғалімнің көмегіне сүйенгісі келетінін байқадық. Осы арада сыртқы қолдау, яғни ата-ананың сүйеніш болуына себеп болып, олармен әңгімелесіп, балаға қолдау көрсетулерін, берілген тапсырманың орындалуын қадағалауды өтіндік. Оқытудың жаңа тәсілдері: топпен жұмыс, бірлесе жұмыстың арқасында аз уақытта біз бірталай жетістікке жеттік. Оқушылар дайын білімді алушы оқушыдан дербес, сыни ойлайтын оқушыға айнала бастады. Олардың ішкі уәждеріне түрткі болып, тәсілдер таңдауда
ішкі кәсіби түйсікпен жасаған әрекеттерімнің азғана табысын көру мені қуанышқа бөледі. Оқушылардың нені білетіндігін анықтап, одан әрі жаңа сабақпен байланыстырып, үздіксіз білімге қол жеткізу үшін сұрақтар тобын дайындап, өткен сабақпен байланыстырып отырдық. Дербес оқудың нәтижесі, оқығанын немесе алған білімін кез келген уақытта пайдалана алу дағдысы әр сабақта көрініс таба бастады. Оқушылардың әр жауабын тыңдап қана қоймай, басқа балалардың назарын аудару үшін әр сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылардың жаңа сабақты игеруде жасаған жұмыстарын, жаңа білімді алудағы әрекеттерін бір жүйеге келтіру үшін топтарда талқылау кезінде не үйренгенін сұрап, олар талқылаған сұрақтарының ерекшеліктері мен айырмашылықтарын түсіндіруге тырыстық. Сол арқылы оқушыларды оқудың басқы нүктесіне, оның алдында білгендеріне кері жетелеп отырдым. Бұл не үшін қажет? Оқушылардың бұрынғысы мен жаңа білімнің арасын байланыстыру үшін керек. Тарау бойынша білімдерін ой сүзгілерінен өткізу және ұзақ мерзімді есті қайта жаңғырту үшін құрастырылған әр деңгейлі тапсырмалар тобын орындауда оқушыларым ойларын жинақтап, менің білгім келген сұрақтардың жауабын дәл тауып, жауап бергенімен қоймай, әр топ басқа екі топтың жауаптарын мұқият тыңдап, түзетулер енгізді. Оқушылардың бойында өзінің жұмысына баға беру, басқа құрбысын әділ бағалау қасиеттерін әрі қарай дамыту үшін мен келесі қадамдарды белгіледік: o Әр баланың кеміс жерлерін тапқаннан көрі, олардың жетістіктерін атау; o Нұсқауды мәлімдеу- балаға нені оқыту керектігі мен қалай оқыту керектігін анықтау; o Ата-аналар мен мұғалімдер, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы бірлескен, белсенді қарымқатынасты қамтамасыз етуі тиіс; o Оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне ықпал етуі керек. Мен оқушыларымның ақылы, ойы өскенін күнделікті қарым- қатынаста бақылау арқылы білемін. Олардың ақылының, ойының өскенін бағалау үшін мен ұдайы оқуым керек. Іздену, білім қорын құру арқылы менің кәсіби түйсігім қалыптасады, іргетасы қаланады. Джон Дьюи: " нағыз еркіндік білім қорының толығуымен үздіксіз қатынаста болатын рефлективтік ойлаудан шығады,"- дейді. Мен оқушыларды бағалау жұмысы үш түрлі жолмен
38