EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 39

ÁIËIÌ ÁÅÐÓ ÌÝÑÅËÅËÅÐI
- тұлғаны дамыту идеясы. Кеңес мектебі білім беруге баса назар аударып, іскерлікке аз көңіл бөліп, оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты оқушыларды дамыту екендігін ұмытып отырған. Ынтымақтастық педагогикасы ақыл-ойды, т. б дамытады. Атқарушылық, шығармашылық қабілет. Балалардың ақыл-қабілетінің дамуын зерттеген Б. Никитин, оны атқарушы, және баланың өздігін тез дамытатын, оның ең негізгі қасиеттерін шығармашылық деп бөледі. Бала дамуының жаңын аймағы- үлкендердің көмегі арқылы баланың атқараалатын істері. Көрнекті кеңес психологы Л. Выготский оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, баланы дамыту үшін оған күрделі тапсырмалар беруді ұсынды. В. Шаталов ережелері оқылмаған тақырыптар бойынша оқушыларға есеп шығартады
Бал аның бір күнінің екінші ж арты сы о ның икемділігін, қызығушылығын дамытуға арналады, бұл міндетті ор ындауға ерес ектердің уақыты жетпейтіндіктен, балаға негізінен сабақта білім беріліп, қал ған уақы тта баланың өзі қызы ғаты н іс пен айналысуына жағдай жасаған жөн. Жаңашылдар баланы өзін-өзі құрметтеуге оқу-тәрбие жүмысының барлық кезеңдерінде үйретеді. Өзін-өзі реттеу баланың өзінің іс-әрекеті арқылы жүреді. В. Шаталов үйге тапсырма бермейді, оқушылар оған бөлінген уақытты өздері үшін пайдаланып, тапсырманы тынығып алған соң орындайды. И. Волков үй тапсырмаларын оқушыларға таңдатады. Ш. Амонашвилидің тәрбиеленушілері үй жұмысын өз қалауымен алады. Ш. А. Амонашвили 6 жасар балаға тәрбие және білім берудің мазмұнын, принциптерін, тиімді әдістерін ғылыми негіздеп, оны мектеп тәжірибесі арқылы дәлелдеді. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты тәрбиелеуде гуманитарландыру идеясын жүзеге асырды. Ұраны: " Тәрбие процесінің барлық салаларында әр баланың жеке басына құрметпен қарау ". Шалва Александрович мектеп есігін жаңа ашқан, әлі буыны бекіп үлгермеген 6 жастағы балалардың тауын жығып, талабын қайтармас үшін оларға баға қоймайды. Балалардың еңбегін олардың тындырған істерінің нақты нәтижелерімен бағалайды. Оның оқушыларының дәптерден жасаған қолжазба кітаптары бар. Оған балалар өздерінің алғашқы әңгімелерін жазады, өздерінің салған суреттерін папкаларға жинайды. Балалар табыстарын ата-анасына көрсетіп, мақтанып, оны мектептегі көрмеге қойып, ұжымның рухын көтеріп, оқушыларға күнделікті оқу, білім, өздігінен іздену жолдарын түсіндіреді.
Мысалы: В. Амонашвили мәтіннің қатесін тапқызу әдісін қолданады, өзі қате жіберіп балаларға түзеттіреді. Диктанттың бағасын асырып, не кемітіп қою, оқушылардың өздеріне баға қойғызу тәсілдерін
¹ 5( 12) 2016
қолданады. Амонашвили балалардан өз сабағының ұнаған, ұнамағанын, жақсы етіп қалай өткізуге болатынын сұрап, олардың сұрауымен сабақ береді.
" Қайырымды адам қандай болады?" " Сыпайы кісі қандай?" " Біз нені оқимыз?", " Қандай өлең жақсы?" деген тақырыпта пікірталастар өткізеді. Суретке қарап әңгіме жазу, оқушыларға математикалық есептер құрастыртып, оны басқаларына шығарту, қиын және оңай есептерді оқушылар өздері таңдау тәсілдері қолданылады. Амонашвили сабақта балалармен ақылдасып жұмыс жасап, олардан көмек күткен сыңай танытады, " бір тақырыпты түсіне алмай жүргенін " айтып, әрбір оқушының сөзін тыңдап, оларға сұрақ беріп, қателескен болады, балалардың сұрақтарына бірден жауап бермей, білмейтінін, үйден оқып келетінін айтады. Балаларға жаттығулар құрастыртады, оған өзінің уақытының жетпейтіндігін айтады. Жаттығулар түзетіліп басқа оқушыларға беріледі, құрастырушыларға алғыстар айтылады. Үй жұмысын алғысы келетіндер ғана алады. Әр балаға толық, жан-жақты мінездеме жазып, оны ата-анасына береді. В. Ф. Шаталов( 1929 жылы туған)- украин педагогы. В. Ф. Шаталов тәжірибесінің бірінші ерекшелігі- оқу процесін оқушылардың іс-әрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге, бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. Шаталов 1-кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп, 2-кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп, 3-кезеңде оқушыларға тірек сигналдары( тірек плакаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп, 4-кезеңде оқушылар оқулықпен және тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді. 5-кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дәптертеріне жазып, 6-кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар береді. Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов тәжірибесінің екінші ерекшелігі- бағдарлама нық бірбірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту.
С. Н. Лысенкова- Ресей педагогы. Әдістемесінің негізі- бастауыш сыныптардағы оқу процесінде тірек сигналдарды пайдалану, оқу материалы туралы оқушыда тұтас түсінік қалыптастырып, " оза оқытып, перспективалы жұмыс жасау ". Лысенкова оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, олардың сабаққа барысында көп сөйлеуіне, өздерін-өздері оқытуына көп көңіл бөліп " кері байланыс "- деп атайды. Жалпы С. Н. Лысенкова балаларға ауызша тапсырмаларды аз орындатып, бүкіл сынып қатысатын жазбаша тапсырмаларға ерекше ден қояды. Ол оқушылардың сыныбы ілгерілеген сайын көп пікірталастар өткізгенді дұрыс деп санайды.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Жаңашыл педагогтар іс-тәжірибелері.- Алматы, 1991. 2. Педагогикалық ізденіс.- Алматы, 1990.- 8-58; 58-100, 147,215-беттер. 3. Ұстазға рухани қуат керек. Р. Нұртазина туралы // Қазақстан мектебі, 1999. № 1-2. 8-11-бет. 4. НұртазинаР. Б. Занимательная грамматика.- Алма-Ата, 1963,1973. 5. Р. Б. Нұртазина. Формы патриотического и интернационального воспитания в казахской школе. Сб. научных трудов.- М., 1980. 6. Курманалина Ш. Х. Совершенствование методической подготовки будущих учителей начальных классов по обучению мптематике младших школьников: учебное пособие, Алматы: Алем, 1999.-160 с. 7. Курманалина Ш. Х. Функциональная модель электронной мстодической системы в колледже: Учебное пособие.- Алматы: Алем, 2000. 8. Курманалина Ш. Х. Методология и технология создания электронной методической системы в условиях информатизации оброзования: монография.- Алматы: Алем, 2002.- 316 с.
37