¹5 (12) 2016
өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық
процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады. Озат
тәжірибенің екінші белгісі - педагогикалық қызметтің
тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" -
оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы
дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі. М ұғалім сабақтарын
дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп,
жауап алынатын сұрақтар:
- оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын
меңгеруі;
- өз беттерімен білім ала білуі;
- білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;
- оқушылардың жалпы дамуы.
Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан,
талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу
материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-
әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап,
оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді.
Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-
құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат
тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда
тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен
оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен
жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша
тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян
келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе
деп есептелмейді.
Жаңалық - озат тәжірибенің төртінші белгісі.
Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын
үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан,
әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай
тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың
ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын
өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің
кейбір талаптары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін
өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек
шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір
педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің
іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл
мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны тәрбие
процесіне енгізу; педагогик алық ғылыми-зерттеу
институттарының басшылығымен оқу және тәрбие
салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып,
оны шешуге ат салысу. Инновация - педагогикалық
процесске
оқыту
мен
тәрбиенің
жаңа
тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және
бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын
енгізіп, мақсатқа жету. Инновациялық процессіз
мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында
оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына
жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы:
20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша
топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл
мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.
70-80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков,
С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс-
тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан
үлкен қолдауға ие болды.
Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны
жан-жақты дамыту.
Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
- білім мазмұнындағы инновация;
- оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі,
әдістері және құралдарындағы инновация;
- оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;
- мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.
Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына
қарай топталған инновацияның түрлері:
- жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;
- модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне
жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей
оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына
36
Á IËIÌ
ÁÅÐÓ ÌÝÑÅËÅËÅÐI
енгізілген жаңалықтар;
- жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.
Иновацияның
түрлері:
модификациялық,
комбинаторлық, түбірлі.
Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-
тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын
балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заман ға
лайықтап қолданды
Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің
элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін
қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын
ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің
мемлекттік стандарттарының енгізілуі.
Иннавациялық іс-әрекет - қоғамның әлеуметтік-
экономик алық жағдайына сай мектеп жұмысын
дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-
әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін
түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде
өзгертеді.
Инновациялық процестің кезеңдері:
- иновацияның себептері;
- жаңалықты жобалау;
- жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп
жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп,
жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды
қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті
күшейтетін бес фактор:
- мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың
жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік,
педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен
өзара әрекеті және қарым қатынасы;
- инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;
- бағдарлама, жоспар бойынша мектепке
ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновация-
лық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге
жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік
болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;
- әлеуметтік-экономикалық жағдай;
- инновациялық процеске қатысушылар: бастама
көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.
Ынтымақтастың - бір мақсатқа жетуге бағытталған,
бірлескен іс-әрекет.
Оған керекті жағдайлар:
- мақсаттың бір екенін анық сезіну;
- ынтымақтасушы жақтардың қызметш дәл белгілеу;
- мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың, т.б.
педагогикалық процеске қатысушылардың бір-біріне
көмек беру .
Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуына
себеп болған оқушылардың білім деңгейінің төмендігі,
кеңес педагогикасының баланың еркін және жан-жақты
дамуын тежеп, талантын басуы.
Ынтымақтастың педагогикасы баланың психикасының
саулығын сақтап, күштеп оқытуға, формализмге қарсы
шығып, баланы оқуға ынталандырып, табысқа деген
сенімін нығайтып, жазалаудың ауыр түрлерін мүлдем
қолданбайды, адамгершілік пен ынтымақтың бала
өмірінде үлкен маңызы бар екенін жете түсінеді.
Жаңашыл мұғалімдер өз мектептерінде 25 жыл бойы
идеяларын сынақтан өткізіп, ескі әдіспен жастарды
оқытуға болмайтындығын дәлелдеп, мұғалімдерге жақсы
жұмыс істеу жолдарын көрсетті. Олар:
- балалар мен мұғалімдер, ата-аналар арасындағы
ынтымақ; ұжым мүшелерінің шығармашылық жұмысы;
- оқушыға атқарушылық және шығармашылық
қабілетін o(дамытатын жұмыстар беру;
- баланы өзін-өзі және ұжымды талдауға үйрету;
тұлғалық дамуы;
- тірек идеясы;
- жаңарту идеясы;
- озу идеясы;
- жаңа мектеп;