EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 37

ÁIËIÌ ÁÅÐÓ ÌÝÑÅËÅËÅÐI
¹ 5 ( 12 ) 2016
БАТЫРХАНОВА ГУЛЬНАР АБУГАЛИЕВНА
АМАНКУЛОВА АЙГҮЛ ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ
бастауыш сынып мұғалімдері
ҒАЗЫМОВА НҰРГҮЛ ҒАЗЫМҚЫЗЫ
Мақалада орта мектептегі білім беру үрдісін жетілдіру мәселелері қарастырылады . Мақала орта мектеп ұстаздарына , әдіскерлерге , мұғалімдерге , студенттер мен магистранттарға арналады .
В статье рассмотрены вопросы совершенствования образовательного процесса в средней школе . Статья будет интересна учителям , методистам , а также студентам и магистрантам педагогических специальностей .
The article is devoted the issues of improving the educational process in high school . The article will be of interest to teachers , instructors , students and undergraduates of pedagogical specialties .

БІЛІМ МЕН ТӘЖІРИБЕНІ ҰШТАСТЫРУ

Қазіргі инновациялық технологиялар - білім сапасын арттырудың кепілі . Оны өз дәрежесінде пайдалану - оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор . Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымызда жаңа технологияларды қолданамыз . Жаңа технологиялардың ерекшелігі - оның оқушыға жан - жақты ықпал етуі . Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай онымен бірге тәжірибе алмасу , яғни жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін , танымдық процестерін ( есту , көру ), өзін - өзі өзектендіру , бекіту , шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру , белсенді сөздік қорын дамытуға , өз бетімен білім алуға , ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін , оқу - танымдық ынтасын жетілдіру , әрі жеке тұлғаны жан - жақты дамытуға жетелейді .
Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймыз . Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап , білімін жетілдіріп отыруы керек .
Сонда ғана өзін - өзі дамыта алатын , өзін - өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді , білімді жеке тұлғасын қалыптастыра алады .
Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр . Ең басты нәрсе - жеке тұлғаның қабілетін ашу . Жеке тұлғаны жан - жақты дамыту арқылы олардың бойынан : - адамгершілікті , ізгілікті , дүние танымды - белсенділікті , қабілетті тұлғаны - жоғары мәдениеттілікті көре аламыз Сондықтан мұғалім жаңашыл , жан - жақты болу керек деп санаймыз .
Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері әсер ететін жайттар баршылық . Дарынды ұстаз К . Д . Ушинский : " Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте - бірте оқушының білімге деген құмарлығын жояды , ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін , күш - жігерін тәрбиелемесе мәнін жояды " деген екен .
Бұл заман - істің көзін , тірліктің тетігін тапқандікі болып тұр . Мұндай ақиқаттан кім аттап кете алар дейсің . Батылы жетіп аттағанның алды жөн , арты соқпақ екенін өмір көрсетіп отыр . Адал еңбек , ынталы ісімен озғандар - қай заманда да көш соңында қалмаған .
Білім беру өз алдына , тәжірибе тағылымсыз , адамдық пен адалдыққа баулитын тәрбиесіз болмайды . Әл- Фараби бабамыз тәрбиесіз берген білімнің құмға құйған судай болатынын айтты емес пе ?
Білімді тұлға , білікті маман болғанда ғана индустриялық-инновациялық жобалар мүлтіксіз орындалады . Ендеше , білім - сөз жүзінде ғана емес , іс үстіндегі тәжірибеден көрінуі тиіс . Яғни , оқушы 40 %
білімді партада отырып теориядан көкейіне түйсе , 60 % тәжірибе үстінде оқығанын көзбен көріп , қолымен ұстаса ұтылмайды .
Нарық найқалып жүруді қаламайды . Жіті қимылдауды , бүгінгі бітетін істі ертеңге қалдыру - алға қойған мақсатыңа көп жағдайда жеткізбейді .
Білім беру жүйесінде екі жақтың жауапкершілігі болады . Оның біріншісі , теориялық білім берушілер болса , екіншісі , тәжірибе үстінде оқуға баулу болып келеді . Осы екі тарап жұмған жұдырықтай біріксе , теория мен практиканы таразы басында тең ұстағандар , жаңашылдыққа бой ұрғандар , тың реформаларды бірден қабылдайды . Одан нәтиже шығаруға білім білегі мықты жастар шоғыры осылайша қалыптасып келеді .
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу , жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады . Педагогикалық тәжірибе - оқыту , білім беру және тәрбие тәжірибесі , дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін , белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс .
Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі - бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі .
Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз . Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі , тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі . Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін , бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді , әдістерді табысты түрде қолданып , басқа мұғалімдерге үлгі болып , озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады .
Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы : шығармашылық ізденіс , жаңалығы бар тәжірибе , жаңашылдардың тәжірибесі . Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды , себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді . Сондықтан , бірінші кезекте осы тәжірибені талдап , баға беріп , тарату керек . Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын , себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып , қол жеткен жетістіктермен шектелмейді , жаңа әдістерді қолданып , немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып , бірте-бірте жаңашыл болады , олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады , бірақ жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап , қорытындылап , тарату керек .
Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері , оған қойылатын талаптар . Бірінші белгісі - қоғам дамуының бағытына , әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі . Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері
35