EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 36

¹ 5 ( 12 ) 2016
ÁIËIÌ ÁÅÐÓ ÌÝÑÅËÅËÅÐI
Мақала орта мектепте үш тілділікті дамыту мәселелеріне арналған . Автор қазақ , орыс және ағылшын тілдерінде оқыту міндеттерін жүзеге асыруға қатысты мектеп тәжірибесімен бөліседі .
Статья посвящена вопросам развития трехъязычия в средней школе . Автор приводит пример из школьной практики по реализации задач обучения на казахском , русском и английском языках .
АМИРОВА ШЫНАР СЕРИКХАНОВНА ағылшын тілі пәні мұғалімі
Статья посвящена вопросам развития трехъязычия в средней школе . Автор приводит пример из школьной практики по реализации задач обучения на казахском , русском и английском языках .

ҮШТІЛДІЛІКТІ ОРТА МЕКТЕПТЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына " Қазақстан-2050 " стратегиясы : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты " атты Жолдауында әрбір қазақстандықтың өміріндегі үштілділіктің маңыздылығы туралы айтқан еді . Осы орайда Шығыс Қазақстан облысындағы қабылданған " Үштілділікті дамыту " бағдарламасын жүзеге асыру қарқынды жүріп жатыр деуге болады . Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты : бастауыш , орта , жалпы орта білім беру бағдарламаларын жетік білу , оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін арттыруды қамтамасыз ету . Міндеттері : - көптілділікті оқытуды жүзеге асыруда Отандық және халықаралық тәжірибелерді үйрену ; - аймақтық бағдарламалардың жүзеге асырудың механизмін анықтау ; - көптілділікті оқытудың мазмұнын іске асыру ; - көптілділікті енгізудің оқу әдістемесін дамыту ; - оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастырудың деңгейін бағалау мен бақылау үшін өлшемдер әзірлеу . Күтілетін нәтиже : Тілдер пәндерінің мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін көтеру ; Ағылшын , қазақ , орыс тілдері бойынша бірыңғай оқу әдістемелік кешенін енгізу : Оқушының қазақ , орыс , ағылшын тілдерінде еркін сөйлеу функционалдық сауаттылықтың қалыптасуының негізі ; Көптілділікті әр пән бойынша жүзеге асыру ( география , математика , физика , биология ); Шетелдік жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік жасау үшін оқушының ағылшын тілінен халықаралық емтихан тапсыруына жағдай жасау ; Мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру . Әр мектеп осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып , өз бағдарламаларын құрды . Біздің мектепте де бағдарлама құрылып , жұмыстар атқарылуда . Келесі кезекте мектептегі өткен ағылшын тілі пән бірлестігінің " Жарқын болашақүш тұғырлы тіл ", " Основа будущего - в полиязычии ", " The brightly future -in the poligloting " атты апталығы туралы сөз етпекпін . Мақсаты : Н . А . Назарбаевтың " Тілдердің үштұғырлығы " бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында сайыстар , әндер , мақал-мәтел жарыстары , жұмбақ шешу арқылы оқушылардың орыс тілі және ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру . Апталық жоспарына сай пән мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізді . Мектеп мұғалімдері ашық сабақтар мен іс- шараларға қатысып , тәжірибе алмасты . Г . К . Сейтханова , А . Б . Мақсұтова , Ш . С . Амированың ашық сабақтары БжС оқу технологиясымен жүргізіліп , оң баға берілді .
Мәселен , 1 " В " сыныбында " Бауырсақ " және " Үйшік " ертегісінің желісі бойынша қуыршақ театры қойылды . Қойылым қазақ тілі , орыс тілі және ағылшын тілінде өтті . Бұл жұмыс педгогикалық колледждің әдіскері Б . Ж . Койгельдина мен Ш . С . Амированың бірлескен жұмысы болатын . Оқушылар ертегіден өте жақсы әсер алды . Үзілісте барлық 1-ші сынып оқушылары осы қойылымды тамашалады .
Елбасының " Тілдердің үштұғырлығы " бағдарламасы аясында өткен , " Фольклорлық поэзия " мерекесінде 3-4 сынып оқушылары үш тілде ән салып , әнге сахналық қойылым көрсетті . Мерекені тамашалауға келген ата-аналар , ән арқылы тілді үйрену жеңіл екендігін айтып , алғыс білдірді . Мерекені ұйымдастырушылар ағылшын тілі пән мұғалімдері Г . К . Сейтханова мен А . Б . Мақсұтова қатысушыларды грамоталармен марапаттады . Үзіліс уақытында оқушылар мақал-мәтел жарысына қатысып , жұмбақтар шешті . Сонымен қатар , мектепте " Тілдердің үштұғырлығы " акциясы өтті . Қабырғаларға әртүрлі тақырыптағы сөздердің үш тілдегі баламасы жазылып , ілінді . Біздің ендігі ұранымыз : Қазақ тілін - дамытамыз ! Орыс тілін - қолдаймыз ! Ағылшын тілін - үйренеміз ! Өздеріңіз байқап отырғандай , үштілділікті орта мектеп қабырғасында жүзеге асыру күнделікті оқыту үрдісіндегі әрбір қарапайым әрекетті үш тілде жүзеге асырудан басталады .
34