¹ 5( 12) 2016 Ìåêòåïò ³ í äàìó áàFäàðëàìàëàðû
КУРМАШЕВА АЛМАГУЛЬ АМАНТАЕВНА
директордың ОТІ жөніндегі орынбасары
СМАГУЛОВА АНАРА МЕЙРАМОВНА
математика пәні мұғалімі
Берілген мақалада Семей қ. № 3 орта мектебінің математика сабақтарында білім сапасын басқару жөніндегі педагогикалық жобасы берілген.
В данной статье представлен Проект по управлению качеством образования на уроках математики средней школы № 3 г. Семей.
This article presents the Project to implement the Program of education and socialization of pupils of the secondary school № 3 of Semey city.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБА
Математика сабағында " БжС " технологиясын қолдану арқылы оқушының білім сапасын басқару
Жобаның тақырыбы: Математика сабағында " БжС " технологиясын қолдану арқылы оқушының білім сапасын басқару.
Мақсаты: 2015-2016 оқу жылында "№ 3 ЖОББМК "-де дайындалған " БжС " технологиясын енгізу бағдарламасы негізінде математика пәнінен білім сапасын басқаруды жеке тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыруға бағыттау. Тақырыптың өзектілігі: оқушылардың математика пәнінен алған академиялық білімдерін өмірде қолдана алу; жоғарғы сапаға қол жеткізу; оқушылар дарындылығын ерте жастан анықтау. Зерттеу объектісі: 2-4 және 5 сыныптар. Енгізілу мерзімі: 2015 қаңтар- 2017 мамыр Қазіргі қарқынды дамып жатқан әлемде білім саласында өзгерістердің болуы заңды құбылыс. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауы " Қазақстан-2050 " стратегиясында: " Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды "- деп атап көрсеткен. Ендеше, білім берілуімен ғана маңызды емес, маңыздысы- білім беру сапасы өзінің міндеттерін қаншалықты орындауда және оқушылардың академиялық білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдану деңгейлері қаншалықты? Неліктен біздің алдымыздан шыққан оқушылар халықаралық PISA, TIMSS, PIRLS зерттеулерінде өз білімдерін жоғарғы деңгейде көрсете алмайды? Осы сұрақтар ұрпақ тәрбиесі үшін жаны ауыратын әр ұстазды мазалауы қажет. Оқыту сапасын көтеру- бүгінгі техникасы қарыштап дамыған өркениетті заманның өзекті мәселесі. Қазақ педагогикасы мен мектебі алдында білім, тәрбие берудің тың, жаңащыл бағыттары жолға қойылуда. Олар-оқу, тәрбие, даму үдерістерін жандандыру. Осының барлығы жеткіншектерге жүйелі білім, саналы тәрбие беру ісіне тәуелсіз ел талабы тұрғысынан қарау қажеттілігінен туындап отыр. Мемлекетіміздің қолдауымен қазіргі білім саласында аз жұмыстар атқарылып жатқан жоқ. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік курсынан өткен ұстаздардың осы бағытта қосар үлестері қомақты. Десек те, аталған курстан өткен ұстаздар әр мектепте өте аз мөлшерде.( Біздің мектепте қызмет жасайтын ұстаздардың 10 %-ы ғана қамтылған).
Мектептің даму жоспарына енгізілген өзгерістер, зерттеу жұмыстары, коучингтер " бүкіл ұжымды өзгерте қойды, білім сапасын айтарлықтай дәрежеге жеткізді " деп айту жасандылық болар. Қазірде алдымызда тұрған басты мақсат, қандай технологияны қалайтынын ұстаздардың өз еншісіне қалдыра отырып, сапалы әрі табысты оқуға қол жеткізу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін, ұстаздардың барлығына қол жетімді болып отырған " Биоақпараттану және Синергетика " технологиясын игеруді қолға алдық. 2014-15 оқу жылының екінші жартысында ұстаздарымыздың 38 %-ы осы технология бойынша курстан өтіп, Астана қаласы мектептерімен тәжірибе алмасуға барды. Аталған технологияны өз мәнінде игерген 15 мектепте бір апта көлемінде болып, өз мектебімізге оралған соң ұжым ұстаздарымен тәжірибе бөлісу мақсатында ашық сабақтар өткізді. Қала көлемінде екі рет семинар беріліп, оқу жылы соңында ата-аналар үшін " Ашық есік " күні ұйымдастырылды. Әр ата-анаға өз баласының жекелеме пәндер бойынша білім деңгейлерін сырттай бақылауға мүмкіндік жасалды. 2015-16 оқу жылында да аталмыш технологиямен жұмыс жоспарлы түрде жүргізілуде. Жас ұстаздардың 10-ы осы технология бойынша курстан өтті. Математика пәнінің оқытылуына үлкен мән беріліп, мектепішілік бақылау БжС технологиясы регламентіне сай барлық сыныптарда әр тарау сайын жүргізіліп, нақты білім деңгейлерін анықтауға мүмкіндік алдық, әрі мұғалімдерге коррекциялық жұмыстар енгізіп, меңгеруде қиындық тудырған материалдарды қайталап жүргізуге жағдай жасалуда. Әрине, мұндай жүйелі ұйымдастырылған жұмыс нәтижесіз де емес, білім сапасының айтарлықтай ілгерілеуі көңіл қуантады. Мектеп психологтарының ұйымдастыруымен аптаның үш күнінде " Жаттықтырғыш ", " Сөздік қор ", " Логикалық тапсырмалар " жаттығулары жүргізілуде. Курстан өткен ұстаздар мектепішілік және көршілес мектептер үшін семинарлар өткізді. Енді осы БжС технологиясының ерекшелігіне нақтырақ тоқталар болсақ:
Қазақстандық ғалым Ф. Я. Вассерман көптеген қазақстандық және халықаралық педагогтардың тәжірибесін зерттеп, " Биоақпараттану және синергетика "( БиС) білім беру технологиясын тамаша қарастырып, оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды. Автордың жасаған қорытындысы бойынша оқыту сапасын басқару-оқыту нәтижесін толық көрсететін көрсеткіштер мен критерийлердің талабын орындауға
28