EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 29

Ìåêòåïò ³ í äàìó áàFäàðëàìàëàðû
оқушылар( әдетте жоғары сынып жасында кездеседі). Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар. Мұғалім міндетті: 1. дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін жете білуге, олардың талабы мен қызығушылығын сезуге; 2. зияткерлік дамудың жоғары деңгейінде болуға; 3. дарынды балаларды оқытумен байланысты әртүрлі міндеттерді орындауға дайын болуға;
Сынып бойынша дарынды оқушылар тізім ін құрастыру II кезең-сараптамалық 2016-2017 оқу жылы Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістерін ашып көрсету. I саты( бастауыш мектеп)- дарынды балаларды айқындауда олардың белгілі бір әрекеттегі табыстары есепке алынады: оқу-білімдік, көркемдік, физикалық және т. б.
Осыған байланысты келесі бағыттағы жұмыс түрлері жүргізіледі:- көркемсөздің шеберханасы( тіл маманы);- " Әсемдік әлемінде "( бейнелеу өнері пәні мұғалімі);- " Жас зерттеуші "- тағайындалған жетекші;- " Шығыс жұлдызы "-жетекшісі( ән-күй пәні мұғалімі, тәрбие жөніндегі орынбасарлар)
2-саты( 5-9-сыныптар)- бұл кезеңде әрекеттің сабақтағы және сыныптан тыс әркелкі түрлері арқылы баланың танымдық, шығармашылық мүмкіндіктері мен қабілеттерін жеке бағалау өткізіледі.
II кезеңде оқуға факт бойынша емес, ойлауды дамытатын, өзіндік жұмысқа итермелейтін, кейін өз бетінше іске асыру мен өз бетінше оқуға жол салатын идеялар мен тәсілдер, әдістер арқылы бірте-бірте көшу керек, сол мақсаттың бірте-бірте шығуы олардың көп рухани, зияткерлік және физикалық күш жұмсап, жетістікке жетуі үшін қажет.
3-саты. Үлкен мектеп айрықша білім беру кеңістігі болып табылады. Онда бір жағынан, әлеуметтікдағдыланған тұлғаның қалыптасуы бойынша оның міндетті қызметінің қоғаммен орындалуы аяқталса, екінші жағынан, құзіреттілік кешені үшін жағдайдың жасалуына әкелетін білім жүйесінің артық байланысымен басым білім беру парадигмасының бірте-бірте бағытталуы шынайы жүріп жатады, ол көп факторлы ақпараттық қарым-қатынастық кеңістік жағдайында өз ойларын жүзеге асырушы адам қабілеті ретінде қарастырылады.
3 кезең- ұйымдастырылған-әрекеттік. 2017- 2018 оқу жылы
Түрлендірілген бағдарламалар мен оқулықтар әзірлеу, қазақ тiлiнде оқытатын жалпы білім беретін мектептерде дарынды балалармен жұмысты дамыту үшін нұсқаулар құрастыру. Интеграцияланған ашық сабақтар, ғылыми конференциялар, жобалар арқылы педагогикалық ұжымға нәтижелерді ұсыну. 4 кезең- 2019 жыл қорытындылау Дарынды балалармен жұмыс бағдарламасын іске асыру үшін мұғалімдердің әдістерін қорыту. Мектеп педагогикалық кадрларының дарынды балалармен жүргізген жұмысының қорытындысын қала кеңістігінде нәтижелерін көрсету. Бағдарламаның деңгейін одан әрі дамытуын анықтау. Тәжірибесі жинақталған жүйесін енгізу.
¹ 5( 12) 2016
ІҮ. Жұмыстың басты бағыттары 4.1. Оқушылармен жұмыс. Жобаның жүзеге асырылуы дарынды оқушылармен тікелей жұмыс жүргізумен байланысты. Бұл кезеңде дарынды балалармен жүйелі және мақсатқа бағытталған жұмыс жасау жоспарланады және келесі бағыттардың іске асырылуы қарастырылады: Үйлестіруші бағыт. Ғылыми-зерттеушілік бағыт. Ғылыми-әдістемелік бағыт. Эксперименттік бағыт. Танымдық болмысы жоғары деңгейдегі оқушылармен жұмыс Мақсаты: 1. Оқушылардың дамуы мен өзін-өзі дамыту шартын туғызу бағытында мектептің педагогикалық ұжым жұмысын ұйымдастыру.
Дарынды балалармен жұмыс. Жоғары сынып оқушыларының көбісі оқуды жалғастыруы уәжсіз және өзін кәсіптік бағытқа дайындауға талпынады, мұнда білім алуды даралау идеясын жүзеге асыратын және шығармашылығын көрсету және оқушылардың іске асыруына мүмкіндік беретін технологиялар әлдеқайда зор көмек береді. Бұл бәрінен бұрын проблемалық оқыту технологиясына және " шағын топтарды " оқыту әдістемесіне сәйкес жобалық білім беру технологиясы болып табылады. 2. Шағын топтарда білім беру әдістемесі. Бұл әдістеме семинар сабақтарда әсерлірек қолданылады. " Шағын топтарда " білім берудің мәнісі сыныптың 3-4 топқа бөлінуінде жатыр. Мақсатқа сай олардың әрқайсысына 5-7 адамнан бөлінеді, мұндай бала санымен білім беру жағдайы жақсырақ жүргізіледі.
Әрбір микротоп семинарда талқыланып жатқан сұрақтардың біріне жауап дайындайды, ол сұрақтар өз қалаулары немесе жеребе тастау жолымен таңдалынады. Сұрақтарды талдау барысында әр топтың оқушылары шығып сөйлейді, қарсы пікір айтады, пікірлерді сараптайды және толықтыру жасайды. Оқушылар дұрыс жауап үшін жеке бағалар алады, ал " шағын топтар " белгілі ұпай жинайды. Жобалық оқыту технологисы Жобалық білім беру жүйесі негізінде оқушылардың білімді өзіндік іздену процесі жағдайында шығармашылық қырынан меңгеру, яғни жобалау жатады. Жобалау өнімі- сөйлеу мәтіні, реферат, баяндама және т. б. ретінде келетін оқу жобасы.
Дарынды балалармен мақсатқа бағытталған жұмыстың ұйымдастырылуы. Дарынды балалармен жұмыс барысында қолдау көрсету және ынталандыру жүйесінің міндетті жоспары, дарынды бала әрекетін бағалау өте маңызды болып табылады. 4.2. Ата-аналармен жұмыс Ата-аналармен жұмыс жүйесін құру 4.3 Педагогикалық ұжыммен жұмыс Әдістемелік қамтамасыздыру Ү. Бағдарламаның жүзеге асу механизмі: ҮІ. Жұмыс нәтижелерін рәсімдеу. 1. Дарынды оқушымен жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінің компьютерлік презентациясы.
2. Әдістемелік, дидактикалық материалдардың жинағы. 3. Оқушылардың дарындылық қабілетттерінің даму мониторингі. 4. Бағдарламаны жүзеге асырудың электрондық материалдар қоры.
27