¹ 5( 12) 2016 Ìåêòåïò ³ í äàìó áàFäàðëàìàëàðû
СЕЙТХАНОВА ГҮЛМИРА КӘДІРҚЫЗЫ ағылшын тілі мұғалімі
Берілген мақалада Семей қ. № 3 орта мектебінің дарынды балалармен жұмыс жасау бағдарламасы берілген.
В данной статье представлена Программа работы с одаренными детьми средней общеобразовательной школы № 3 города Семей на 2015-2020 годы.
This article presents the Project for education quality management in mathematics lessons of the secondary school № 3 of Semey city for 2015-2020.
"№ 3 ЖОББМК " КММ " ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР " БАҒДАРЛАМАСЫ
І. Жалпы мағлұмат 1.1. Бағдарламаның атауы- Жалпы білім беретін мектептерде дарынды балаларға арналған жұмысты енгізу
1.2. Бағдарлам а құрудың негізі- Қазақстан Республикасының " Білім туралы " Заңы, Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
1.3. Құрастырушы- " № 3 жалпы білім беретін орта мектеп-кешені " Семей қаласының әкімшілігінің білім бөлімі 1.4. Мақсаты: жалпы білім беру мекемелерінде жаңа технологиялар мен әдістерді қолдана отырып дарынды балалармен жұмыс жүйесін құру 1.5. Міндеттері:- Дарынды балалармен жұмыста Отандық және халықаралық тәжірибелерді оқып білу.- Бағдарламаны игерудің механизмін анықтау.- Пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.- Дарынды баланың психологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан тану және олармен жұмыс істеудің әдістемелік жолдарын таңдау
- Дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру Дарынды балалармен жұмыста оқу әдістемелік жоспарын құру. 1.7. Күтілетін нәтиже- Рухани зияткерлік және шығармашылық дарыны бар балалар санының артуы.
- Біздің мектеп жастарының әлеуметтік құндылық өлшемін " білім " категориясы секілді мағынада көтеруге өзгерту.
- Дарынды балалармен жұмыс істеуде заманауи әдістермен қаруланған педагог санының өсуі.
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға арналған іс-шаралар ауқымын кеңейту.
- Оқушылардың жобалық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
- Дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың біліктілігін арттыру- Дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін жасау- Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін оқытудың жаңа технологияларын жоспарлау мен жіктеу.
- Дарынды балалармен жұмыс жасаудың әртүрлі қырынан проблемалар шығару. ІІ. Түсінік хат Бағдарламаның мақсаты: жаңа технологиялар мен әдістерді қолдана отырып дарынды балалармен жұмыс жүйесін құру, оқушылардың білім-білік дағдыларын тереңдету, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу.
Міндеттері:
1. Дарынды оқушыны анықтау, оқушылармен ғылыми жұмыспен, конференцияларға қатыстыру. 2. Дарынды баланың психологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан тану және олармен жұмыс істеудің әдістемелік жолдарын таңдау, көмек көрсету. 3. Дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру. Дарынды балаларға арналған жұмыс формалары 1. Зерттеу сабақтар. 2. Практикалық сабақтар. 3. Шығармашылық сабақтар. 4. Теориялық-қорытындылау( ғылыми баяндама, ғылыми жоба қорғау, байқаулар, олимпиадалар, интеллектуалдық сайыстар) 5. Ғылыми жұмыстардың презентацияларын дайындау.
ІІІ. 2015-2019 жылдарда бағдарламаның орындалу кезеңі 1-кезең- дайындық 2015-2016 оқу жылы Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау. Мектепте шығармашылық орта туғызу жұмыстың бар кезеңдерінің ішіндегі ең маңыздысы болып табылады. Диагностика және мониторинг жүйесін дамыту. Сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыру. 1-11 сынып " Жас зерттеуші ", " Шығыс жұлдызы ", " Талапты ұл-қыз- тарихи жұлдыз " бағытындағы жұмыстарды бастау. Пәндерден сабақ беретін мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру Міндеттері:- Нормативті негізді үйрену.- Дарынды оқушылармен жұмыс жасауды жоспарлау.- Міндеттерді үлестіру- Жобаны іске асырудың материалды-техникалық, педагогикалық шарттарын талдау. Диагностика: Дарындылықтың шығу тегінен бөлек оның диагностикасын жасау. Мектептегі ұстаздарға оқушылардың әлеуетті мүмкіндігін танып білуіне көмектесетін әлеуметтік педагогтың және директордың ТЖ бойынша орынбасарының ролі осыған байланысты арта түседі. Бұл жұмыс кезеңінің қорытындысы бойынша дарынды баланың үш түрін көрсетуге болады:
1. Басқалармен тең жағдайдағы ой дамуы жағынан жалпы жоғары деңгейлі балалар( бұл көбінесе мектепке дейінгі және кішкене мектеп жасындағы балаларда кездеседі).
2. Ғылымның белгілі бір көлемінде арнайы ой дарындылығымен ерекшеленетін балалар( жасөспірім шағында). 3. Оқуда белгілі бір себептермен табысқа жетпеген, бірақ айқын танымдық белсенділігі, психологиялық қорының шынайылығы, айрықша ой резерві бар
26