EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 31

Ìåêòåïò ³ í äàìó áàFäàðëàìàëàðû
бағытталу, оқытудың сапасын нақты анықтайтын стандарттық өлшемдер жүйесін құру. Өлшем нормаларының бірі- тапсырманы орындау уақыты. Оқу процесін дамытуда БжС білім беру технологиясын ойлану жылдамдығын арттыру еске сақтауда, оқу үлгерімінің сапасын жаңартуда, оқу материалын игеруде үлкен жетістіктерге жеткізетіні тәжірибеде дәлелденіп отыр. Ф. Я. Вассерманның " Биоақпараттану және синергетика " білім беру технологиясында оқытылатын пәндердің оқу материалының меңгерілуіне сәйкес келетін қажетті технологиялық карталар құрылымын да ұсынған. Түрлі технологиялық карталар арқылы оқушылардың қабылдауы, есте сақтау қабілеті өседі, ойлау- сөйлеу дағдысы қалыптасады, танымдық көзқарасы жетіледі, ең құнды, пайдалы материалды тауып, өз бетінше ізденіспен еңбек етуге талпындырады. Бұл оқушының уақытты үнемді пайдаланып, өз ойын тұжырымдап айтуға дағдыландырып, шығармашылық ізденіске жол ашады. Математика пәніи үшін құрастырылған карталары: " Алгоритм ", " Биоинтернет " " Жаттықтырғыш ", " Логика ", " Лидер ", " КТС ".
" БжС " технологиясы бойынша өткізілген математика сабақтарының дәстүрлі сабақтарынан айырмашылығы:
- Жаңа сабақ оқу әрекетінің жалпыланған әдісі( ОӘЖА) арқылы түсіндіріледі.- Тапсырма деңгейлеп беріледі.- Тапсырманы орындауға уақытты шектеп көрсетеді.- Өздігінен білім алуға мүмкіндік жасалады.- Барлық оқушы қамтылып, бағаланады. БжС білім беру технологиясының карталары мұғалімдерге сабақты жоғары деңгейде сапалы өткізуіне ықпал жасайды.. Әр картаның өзіндік ерекшелігі, құрылымы, мақсаттары бар. Олар гуманитарлық пәндерге де, жаратылыстану пәндеріне де негізделген. Аталған технологияның ерекшелігі: мұнда мұғалім тек басқарушылық рөл атқарады, көп түсіндіре бермейді, қажетті мәліметтерді қайдан табуға болатынын және қалай оқып-үйренетінін айтып, бағыт беріп отырады. Мұғалім- пікір таласты ұйымдастырушы, білім алуды ұйымдастырушы. Ғалым-практик Ф. Я. Вассерман жүргізген зерттеу тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижиесінде оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды. Ол көрсеткіш 63 % төмен емес. Әр сабақтағы оқушылардың білім сапасын есептеп, 63 % салыстырып отыру керек. " Биоақпараттану және синергетика " технологиясы бойынша тақырыптық жоспарлау төмендегідей қадамдардан тұрады:
- берілген тақырып бойынша қандай білім, білік, дағды бар екенін анықтай білу;- білім, білік, дағды уақыты бойынша бөлу;- жеке сабақтағы білім, білік, дағдының әрбір компонентін меңгеруін жоспарлай білу. Бұл жерде мынадай қағидаларды басшылыққа алу керек:- меңгеру сапасын жоғалтпай, білім берудің ақпараттық бөлігін мейілінше азайту;
- білік, дағдыларын практикалық меңгеруге арналған уақыт ресурсын ұлғайту;
- жекелеген тақырыптарды ілгерілей, оза меңгеру есебінен уақыт ресурсын босату, сол арқылы пәндік білімді тереңдете меңгертуге мүмкіншілік жасау. Осылайша білімді хабарлама түрінде беру уақытын 30- 40 %-ға қысқарту- сонша мөлшерде пропорционал түрде білім сапасын арттыруға технологиялық әсер етеді.
" Биоақпараттану және синергетика " технологиясымен танысып, саралай келе төмендегідей артықшылықтарды бөліп алуға болады:- нақты нәтижеге, сапа көрсеткішіне бағытталуы;- оқыту формасының белсенділігі;- жекелей, даралап оқытуды қамтамасыз етеді;- деңгейлеп оқытуды жүзеге асырады; түзету, коррекция және рефлексия жұмыстарын
¹ 5( 12) 2016
сабақтың әрбір кезеңінде іске асыруға болады; зерттеуізденушілік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Математика пәні үшін ең тиімді жағы- мұғалім өтілген материал бойынша сыныптағы әр оқушының нені игергенін және қай тақырыпты меңгере алмай жатқанын нақты көріп отырады. " Оқушының сынақ парағы "( қосымша 1) жүргізіледі. Әр тарау аяқталған сайын кескіндеме алынып, нәтиже төмен болған жағдайда қосымша дайындалуға бір апта уақыт беріледі. Межелі уақытта кескіндеме қайталап алынады. Екінші баға тек қайта тапсыру нәтижесінде ғана қойылады. " Максималды балл " қатарына барлық тақырыптар бойынша ең жоғарғы нәтиже қойылады. " Оқушы жетістіктерінің парағына "( қосымша 2) нәтижесі қондырылып отырады. Оқушы жетістіктерінің парағында мұғалім белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін толтырып отырады. Оқушының өз оқу үлгеріміндегі жетістікке жетуге және оны табысқа жетуге ынталандыруға, үндеуге бағытталған. Нақты нәтижені бақылап отыруға ата-ана да, сынып жетекшісі де мүмкіндік алады. Әрі оқушының өзі де төмен нәтижесін өзгертуге міндетті болады. Мұғалім үшін тағы бір тиімді жері- параллель сыныптар ішінен альфа топтарын жеке, гамма топтарын жеке, бетта топтарын жеке алып нәтижелі жұмыс жасауға болады. Әрбір оқушы жылдамдыққа үйреніп, альфа тобынан түсіп қалмау үшін талпыныс жасайды. Математика мұғалімдері осы технологиямен жұмыс жасағалы біз оқушылар білімінің нақты деңгейіне көз жеткіздік. Ағымдағы тексеру жұмыстары тек бақылау ғана емес диагностикалық сипатта да қызмет атқарады. Оның мақсаты- түзету жұмыстарының қажеттілік деңгейін анықтау. 2-11 сыныптар аралығында математика пәнінен жоспарлы түрде әр тарау сайын кескіндеме алынып, төмен үлгерім көрсеткен сыныптардың түзету жұмыстарын жүргізуін, " қарызды өтеуге "( қосымша 3) жұмыс жасауларын талап етіп отырдық. Сабақтарда байқалғаны:- оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырмаларды өз беттерінше орындайды;
- дағды қалыптасады, шаршамайды және өз білетінін басқаға үйретеді;- өзара қарым-қатынас қалыптасады;- жұппен, топпен, ұжымдық жұмыс түрлері қолданылады;- бағалаудың түрлі формаларын пайдаланады;- машықтандыру жаттығулары жасалады;- оқушылардың шебер орындауы үнемі уақытпен шектеледі;- сыныптағы ешбір оқушы қалыс қалмайды;- сыныптағы әр оқушымен жұмыс жасауға мүмкіндігі бар. Оқушылардың еске сақтау қабілетін, зейінін, ойлау қабілетін, жылдамдығын дамытуға ықпалы зор. Білімнің үлкен көлемін меңгеруде де оқушылар жаппай ой қозғалысына түседі де бүкіл сыныпқа жүктеме бөлінеді, сөйтіп тану қуанышына мүмкіндік туады. Есеп шығарудың саны да, тапсырмалар көлемі де 3 есе артты.
Материалды жоғары деңгейде меңгертуде, жылдамдықты, есте сақтауды, зейінді жаттықтыруда, оқылатын материалға, жалпы оқу үрдісіне деген қызығушылықты қалыптастыруда, ұжымдық шығармашылықты тұрақтандыруда " БжС " технологиясының әсері зор. Алдыңғы екі тоқсан көрсеткішін саралай келе оқушылар білім сапасында айтарлықтай ілгерілеудің барлығына көз жеткіздік( Қосымша5). Қазіргі заманғы мектеп бала үшін қызмет ету керек, ол білімді өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек. Мектеп бітірушінің мақсаты барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, іздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп іс-әрекет жасай алатын болу
29