EURASIAN EDUCATION №5 2016 | Page 115

Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
¹ 5( 12) 2016
оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен шығармашылық жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса- ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады. Жобалау технологиясы мерзіміне қарай қысқа мерзімді( сабақ кезінде орындалатын шығармашылық жұмыс), орта мерзімді( оқушының 1 ай көлеміндегі зерттеу жұмысы) және ұзақ мерзімді( оқушының1 жыл көлеміндегі зерттеу жұмысы) жоба болып бөлінеді.
Осы жоба бойынша үш мерзімге байланысты әр мұғалім оқушымен бірлесе отырып, тақырыптарды анықтап, шығармашылық ізденіс қабілеттерін жетілдіруде. Төмендегі бірнеше жобалар дәлел ретінде ұсынылады.
Қысқа мерзімде, Хаджимова Мадина Серикбековнаның 10 " А " сынып оқушыларымен " Абайдың " Әуелде бір суық мұз ақыл зерек " өлеңі мен он жетінші қара сөзінің ұқсастығын табу және тәрбиелік мәнін ұғыну " мақсатында өткізген сыныптан тыс сабағы. Орта мерзімде Жилкибаева Гаухар Айтбековнаның жетекшілігімен 5 " В " сынып оқушысы Ерланова Арайдың Мұхтар Әуезовтың Абай жолы роман- эпопеясындағы " Ақын қонақтар " үзіндісіндегі қос сөздерді зерттеу жұмысы.
Ұзақ мерзімде Карменова Галина Нұраждарқызының жетекшілігімен 8 " Б " сынып оқушысы Кәрібаева Ақсәуле " Семейдегі алғашқы ойын-сауық кештері " тақырыбында ғылыми жоба қорғап, нәтижесінде қала бойынша ІІ орын, облыс бойынша ІІІ орынға ие болды. Жобалап оқыту технологиясы дайын өнімді қабылдау емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау- жобалау технологиясының негізі. Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдында әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі ісәрекеті. Технологияның негізгі ұстанымы:- Естігенімді- ұмытамын;- Көргенімді- есте сақтаймын;- Өзім істегенімді- меңгеремін; Күтілетін нәтиже:- Оқушылардың тілге деген қызығушылығы артады;- Жасампаз, өнерпаз, шығармашыл тұлға қалыптасады;- Тілдік қоры кеңейеді;- Еңбекті бағалай біледі; Қорыта келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту- бүгінгі заман талабы. Осы орайда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс үйрете білу өте маңызды. Педагогтің сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының алдынан шыққан оқушы- өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Мұғалімнің сабағының өн бойындағы негізгі мақсаты, оның негізгі мәнін естен шығармай, әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда өз мақсатына жетеді.
113