¹ 5( 12) 2016
Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
Мақала ұстаздар тәжірибесінде жобалау әдістерін пайдалану мәселесіне арналған. Мақала авторлары қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жобалауды жүзеге асырудың өзіндік артықшылықтары туралы сөз қозғайды. Авторлар жобалау жұмысын балаларға білім мен тәрбие берудің тиімді түрі ғана емес, педагогтар мен атааналардың балаларға білім беруге деген ынта-жігерін біріктірудің бірден бір құралы ретінде ұсынады.
ХАДЖИМОВА МАДИНА СЕРИКБЕКОВНА
ЖИЛКИБАЕВА ГАУХАР АЙТБЕКОВНА
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
Статья посвящена использованию методов проектной деятельности в педагогической практике учителей. Авторы статьи рассказывает о преимуществах реализации проектной деятельности на уроках казахского языка и литературы. По мнению авторов, проектная деятельность- не только наиболее продуктивная форма обучения детей, но и эффективный инструмент по интеграции усилий педагогов и родителей, направленных на обучение и воспитание учащихся.
The article is devoted to the use of methods of project activities in the teaching practice of school-teachers. The authors describes in detail the benefits of the implementation of project activities at the Kazakh language and literature lessons. According to the authors, the project activity- not only the most productive form of education of children, but also an effective tool to integrate the efforts of teachers and parents, aimed at training and education of students.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА " ЖОБАЛАП ОҚЫТУ " ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы " Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты " атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген еді. Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы № 832 қаулысымен бекітілген " Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары " қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты-Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген болатын. Елбасы Н. Ә. Назарбаев " Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр ",- деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. Ал ел тағдыры, оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болған.
Мектептегі басты тұлға- мұғалім десек, бала өмірінде мұғалім ерекше роль атқарады. Оқушылардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы да сабырлы азамат боп жетілуі, тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты болмақ. Демек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің
лайықты тұлғасы деуге болады.
Ұстаздардың келешектегі мақсаты- рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жетіле дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мен қалыптастыру мәселесі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытовтардың шығармаларының негізгі арқауы болған. Әсіресе ұлы ғұлама Абайдың еңбектерінде адам бойындағы негізгі қасиеттер: қайрат, ақыл, жүректің сапалық деңгейіне қарай және олардың өзара қатынасына байланысты қалыптасатын " Толық адамды ", ол, түсіндіріп айтқанда білімді, адамгершілігі жоғары, парасатты жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеп жетілдіру мақсаты көзделеді.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін әр мұғалім сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сынып аралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т. б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып, мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Осы ретте, шығармашылыққа жақын кейбір оқушылар әңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туады. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат-
112