Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор екенін байқадым. oОқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.
- Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын( проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану.
- Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.
- Блок- схема, графиктер, диаграмма, карта т. б. Тірек- схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары.
- Ойын арқылы оқыту. Сөз жұмбақ, ребустар. Логикалық есептер. Тестілеу және бақылау. Оқушының білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек деп ойлаймын. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдаланып білім берудің әр түрлі аспектілерін дамытуға болады. Мәселен, электронды оқулықпен жұмыс жасағанда, компьютерлік бағдарламада таңдап алған тараудың барлық тақырыптардың теориялық материалдары, есеп шығару үлгілері, өз беттерімен жұмыс істеуге арналған жаттығулар, әр тақырып бойынша оқушылардың білім сапасын тексеруге арналған тест тапсырмалары беріледі және сынып оқушыларының әрқайсысына жеке-жеке нұсқаулар бойынша жұмыс жүгізуге қолайлы. Бұндай бағдарламалардың ерекшелігі сол, әрі уақытты да үнемдейді, әрі мұғалімнің де, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады. Өз іс- тәжірибемнен бір мысал келтіре кетейін: Мысалы егер IV шіректің бұрыш болса, онда мәнін табыңыз деген есептің шығару жолын үш тәсілмен үйретеміз: * формуланы қолдану * тікбұрышты үшбұрыштың анықтамасы( геометрия) бойынша шешу
* кесте қолдану, сонда оқушы бір есепті жан- жақты түсінеді, есте сақтайды. Біз өз тәжірибемізде оқушыны өз орныма қоймас бұрын, ең оңай тапсырма " тірек сызбалар " жасаудан бастадық. Сызбаны жаңа сабақ өткенде, бекітуде жиі пайдаланамын. Мысалы: Құжаттармен жұмыс, файлдарға, бумаларға амалдар қолдану тақырыбын өткенде көшіру мен қиюды салыстыру үшін Венн
¹ 5( 12) 2016
диаграммасын қолдану. " Тірек сызбаларын " сызып үйренген оқушы модель сызуға да дағдыланады. Әсіресе, қорытынды сабақтарда, белгілі тақырып бойынша қорытындыны модель түрінде қорғап шықса, ол есте сақтау қабілеттеріне тиімді, себебі, түрлі формадағы модель үлгілері кез-келген сәтте бағытбағдар берсең, көз алдарына елестеуі мүмкін. Алдын ала дайындаған оқу материалдары- презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер- сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Бұл оқушының сабаққа деген қызығушылығын, әрі өз бетінше іздену қабілетін арттырады. Бұл сапалы білім берудің ең басты факторы болып табылады. Оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады. Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін жарыс, сайыс сабақтарын, әр түрлі ойын түрлерін қолданып, оқушыларды ізденімпаздыққа баулимын. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Біз қазiргi математиканың сабағының тиiмдiлiгiнiң арттыру мақсатында негiзгi ақпараттық мүмкiндiктердi: жаттықтырушы- бағдарламалар, Microsoft Office Excel- де тестер мен сынақтар қолданамын. Жоғарыда айтылған Exsel бағдарламасы көмегімен жауабын таңдап және автоматты түрде баға қоятын тест құрастыруға болады. Қорыта келе, айтарым математика пәні мұғалімі педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеп, компьютерлік техниканы математика пәнін оқытуда тиімді пайдаланып, сабақ өтсе, сапалы білім беруге қол жеткізуге болатындығы айқын. ХХІ ғасырда оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге мәлім. Біз жастарды ақпараттық мәдениетті сауатты адам етуге ұмытылуымыз керек. Сондықтан ХХІ ғасырда біз ұстанатын қағида " Білім бүкіл өмір бойына " болуы шарт. Бүгінгі күні біздің басты мақсатымыз- өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Сондықтан әрбір ұстаз ерінбей ізденсе ғана жұмысының өз нәтижесін көре алатынына сенемін. Мұғалім беделі- мектеп абыройы "- құрметті ұстаздар!
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Дайырбеков С.. " Қоғамдық гуманитарлық бағыттағы мектеп оқушыларының математиканы оқыту 2. Информатика негіздері журналы № 1,2005. 3. Информатика негіздері журналы № 3,2005. 4. Колягин Ю. М., Огенесян В. А. " Методика преподавания математики " Москва " Просвещение " 5. Блох А. Я., Гусев В. А. " Методика преподавания математики в средней школе " 6. Информатика негіздері журналы № 3,2006 7. Информатика негіздері журналы № 1,2004 8. Информатика Физика 9. 2009-2012 жылдар аралығында Республика көлемінде жарияланған " 21ғасырдың инновациялық мектебі " атты халықаралық жоба авторы профессор Рудик Г. А. 10. Махметова А. Жаңа оқыту технологияларының білім сапасын арттырудағы рөлі. 11. Математика және физика. 2011 12. Интернет жүйесі.
109