¹ 5( 12) 2016 Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
СУЛЕЙМЕНОВА АСЕЛЬ ЖУМАГАЗЫЕВНА
108
РАМАЗАНОВ ЕРКЕБҰЛАН РАМАЗАНҰЛЫ
математика пәнінің мұғалімдері
Жаңа ақпараттық технологияларды математика пәнін оқытуда пайдалану Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат- жана технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту. Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді, сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың пайдалануы- өмір талабы. Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен " ХХІ ғасыр- ақпараттандыру ғасыры " деп аталады.
Компьютер- ақпаратты өңдеу құралы. Компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып математика сабағында көрсету, түсіндіру, жаттықтыру, түзету және бағалауды жүзеге асыруға болады. Математика пәні мұғалімі педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеп, компьютерлік техниканы математика пәнін оқытуда тиімді пайдаланып, сапалы білім беруге қол жеткізуге болатындығы айқын. " Компьютер- уақыт талабы " біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Қазір жаңа заман. Біз бәріміз компьютерді толықтай білуге тиіспіз. Жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде- осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады. Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқу үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз- бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесі. Оқытудың ақпараттық технологиясы- білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау( педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек. Компьютер- бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретін
Мақалада мектеп оқушыларына білім беруде инновациялық технологияларды қолданудың маңызы мен артықшылықтары туралы айтылған. Авторлар білім берудегі инновациялардың түрлері мен тәсілдеріне шолу жасайды.
Статья освещает вопросы использования инновационных образовательных технологий в средней школе. Авторы описывают виды и методы инновационных образовательных технологий.
In this article referred the importance and benefits of using of innovative technologies in the education of school children. Authors made overview to different types of innovation in education.
ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНУ
зор құрал. Бірақ әлі күнге дейін біз осы зор құралдың шексіз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі-жаңа технология негіздері болып табылады. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады. Қазіргі уақытта әрбір жаңа заманғы адам компьютерді біледі, оны жұмыста да, үйде де қолданады. Компьютерлік технологиялардың жаңа заманғы әлемі бізге өте үлкен көлемді мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, аз уақыт ішінде ақпараттың өте зор көлемін өңдеуге көмектеседі. Оқушы, мұғалім және АҚТ сызба түрінде кескіндесек: Оқушы- АҚТ; Мұғалім- Білім қорын жинаушы, ұйымдастырушы, өз бетімен әрекеттенуші, саралаушы, кеңесші, өңдеуші. Ақпараттық технологияны пайдаланудың төмендегідей артықшылығы бар: білім мазмұнының заман талабына сай болуы, болашақта қажетті білімді толығымен алу, білімді өздігімен меңгеру, өзін-өзі бағалай алуы, өз күшіне сенімділіктің болуы, өз жетістігін көре алуы, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа бағыттайды. Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:- оқу материалын терең түсінуге;- оқу мотивациясының артуына;- алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына; Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?- Оқуға деген қызығушылығын арттырады- Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады- Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі- Уақытты үнемдейді- Қайталау мүмкіндігін кеңейтеді- Орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады.
Біздің математик ретінде өз алдыма қойған мақсатым: " Оқытудың озық ақпараттық- инновациялық технологиялар әдістерінің тиімді жағын пайдаланып, математикалық білім жүйесін дамытып, сапалы білім беру ". Жасалған жұмыстарымның негізінде оқушының есептің берілгенін толық оқып шығуға дағдыландыру, теорияны білу, оны логикамен ұштастыру, шапшаң ойлау қабілетін қалыптастыру, көру, есте сақтау қабілетін дамыту, есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру бағытында көп жылдардан бергі педагогикалық жұмыстарын жүргізіп келемін. Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның