¹ 5( 12) 2016
Yñòàçäàðäûí ïåäàãîãèêàëûê òýæ ³ ðèáåñ ³ íåí
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектепте қазақтың ұлттық ойындарына арналған ашық сабақ өткізудің үлгісі ретінде берілген. Мақала орта мектеп ұстаздарына, әдіскерлерге, мұғалімдерге, студенттер мен магистранттарға арналады.
ТУРГАНБАЕВА БИЖАМАЛ ОРАЗБЕКОВНА
ИСБАЕВА ГҮЛЗИЯ ДҮЙСЕНОВНА
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
Данная методическая работа представляет собой пример провидения открытого урока, посвященного казахским национальным играм. Разработка будет интересна учителям, методистам, а также студентам и магистрантам педагогических специальностей.
This methodological work is an example of the providence of open lesson devoted to the Kazakh national games. The article will be of interest to teachers, instructors, students and undergraduates of pedagogical specialties.
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын ойнату, білімдерін кеңейту. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларға қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет беру, тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп, пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты, әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық:. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылық жұмыс істеуге жұмылдыру, мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту. 3. Тәрбиелік: Оқушылардың туған жеріне, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: ұлттық ойын туралы баннер, суреттер, түрлі-түсті шарлар, компьютер, ұлттық ойынға арналған ұяшықтар, үлестірме қағаздар, ойынға қажетті заттар Ойынның жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1 Ұлттық ойындар туралы түсінік беру. Ұлттық ойындар адамды, жылдамдыққа ептілікке ойлау қабілеттерін арттыруға, өнерлі болуға үйретеді. Зеректікті ептілікті, және икемділікті қажет ететін ойындар, Кейбір ұлттық ойындарға тоқталайық, есте ұстайық.
" Тоғызқұмалақ " ойыны- шахмат сынды ежелгі ойын түрі. Ойынға екі адам қатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа салып ойнайды. Ол шеберлікті, ойлануды айла тәсілді қажет ететін математикалық есепке құрылған күрделі ойын түрі.
" Көкпар " ойыны үлкен тойда, аста көкпар берілетін болған. Той немесе ас иесі бір серкені ойынға арнап шығарған. Көкпаршылар екі топқа бөлініп, серкені тартысады.
" Қыз қуу " ойыны ұлттық киім киіп, жүйрік ат мінген қыз бен жігіт бірін бірі қуған. Қыз қашып, жігіт қуып жетсе, қыздың орамалын алады, не болмаса бетінен сүйеді. Егер жігіт жете алмаса, қыз оны қамшының астына алады.
" Сиқырлы таяқ " ойыны. Ортаға қыздар шығады, көздері орамалмен байланған. Сиқырлы таяқпен допты тауып алу керек. " Арқан тарту " " Тартысайық арқанмен, Кімнің тобы мықты екен. Кімнің күші аздау боп, Кім озып алға шықты екен." Жамбы ату " ойыны-шауып келе жатқан аттың үстінен нысананы дәл көздеп, атып түсіру. Бұл ойынның нұсқалары басқа халықтарда да кездеседі. Атпен шауып келе жатқан кісі садақпен жамбыны атып түсіріп, жеңіске жетуге тырысқан. Басқа халықтарда да кездеседі. Жамбы ату жігіттерді шабандоздыққа, мергендікке үйрету де елеулі роль атқарған.. Ойын туралы мақал-мәтелдер. * Ойна да, күл, оқы да біл. * Ойна, бірақ жұмысты да ойла. * Көп оқыған озар, Көп ойнаған тозар. Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде қала мектептерінің арасында өткізілген
" Тілдер Фестиваліне " дайындалған материалдар негізінде әзірленді. Әр мектеп оқушылары келіп бір ұяшықты таңдайды Мысалы 15-ші ұяшық сұрағы ашылады
110
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР