Ýêîíîìèêàëûê ãåîãðàôèÿ
Моноқалалар еліміздің экономикасында маңызды рөл атқарады . Айталық , Ақмола облысы өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде Степногорск қаласының иеленетін үлесі едәуір ( 2009 жылы 32,3 %, 2010 жылы 27,5 %, 2011 жылы 28,9 %), ол өнеркәсіптік өндірістің орталығы болып табылады .
Ақтөбе облысы Хромтау қаласының аумағында Қазақстанның хром кен барлық көлемі және ТМД-ның хром кенінің 95 % -ы өндіріледі .
Қазақстанның Қостанай облысының Жітіқара қаласындағы хризотил-асбест кендерін өндіру мен байыту және осының негізінде тауарлы асбестті өндірумен айналысатын жалғыз ғана " Қостанай минералдары " АҚ-ның асбест комбинаты бар . Қостанай облысы экономикасына Рудный қаласында орналасқан " Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі " АҚ-ның жұмыс нәтижелері ( темір кенін игеру ) үлкен ықпалын тигізеді . Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде кәсіпорын 57 % үлесті , ал салық бойынша - 62,4 % құрайды . Негізінен қорғаныс саласында арнайы жұмыстарды атқару үшін Кеңес Одағында жабық әкімшілік-аумақтық елді мекендер құрылған болатын , оларды қазіргі уақытта Моноқалалар қатарына жатқызуға болады . Қазақстанда мұндай қалалар қатарына Курчатов қаласы жатады .
Моноқалалардағы өнеркәсіптік өндіріс бір-екі салаларға маманданумен сипатталады , ал басқа салалардың дамуы айтарлықтай емес немесе қала құраушы өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс істеуін тоқтатқан . Өндіріс көлемінің төмендеуі немесе қала құраушы кәсіпорындардың тоқтауы қаланың әлеуметтікэкономикалық жағдайының жалпы нашарлауына алып келеді .
Моноқалалардың ішінен өнеркәсіптік өндірісі тежелген немесе толық тоқтатылған қала топтары ерекшеленеді . Олар - Жаңатас , Қаратау , Серебрянск . Моноқалаларда шағын бизнесті дамытуға төмен өндірістік және тұтынушылық сұраныс , кәсіпкерлерде өтімді кепілді мүліктің болмауы салдарынан қаржылықкредиттік ресурстарға қол жетімсіздігі кедергі келтіреді . Қазіргі таңда моноқалалардан халықтың ірі қалаларға қарай қоныс аударуы байқалады . Оған себеп : тұрақты жұмыс орнының болмауы немесе жұмыс орындарының тозығы жетіп , бүгінгі күн талаптарына сай келмеуі , оған қоса жалақының төмендігі мен уақытында төленбеуі . Моноқалаларды дамыту бағдарламасы ескі өндіріс орындарын жаңарту және кеңейту арқылы жұмыссыздық көрсеткішін төмендетуді , шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді қарастырады . Сондай-ақ коммуналды инфраструктураны модернизациялауды , әлеуметттік жағдайды жақсартуды ( жаңа мектеп , аурухана , балабақша , сапалы тұрғын үй ) көздеп отыр . Нәтижесінде ішкі көші-қонға оң әсер етіп , жаңашыл білікті мамандар келіп , тұрғындар құрамының кәсіби жағынан сапасының артуына әкеледі деп күтілуде .
Моноқалалардағы өнеркәсіптік дамудың экологиялық салдарлары қатарына атмосфералық ауаның ластануы , топырақтың , тұщы судың және су қоймаларындағы балықтардың химиялық ластануы , халықтың ауруының жоғарылауы жатады .
Өткен кезеңде елдің моноқалаларының көбінде негізінен қала құраушы кәсіпорынның немесе басым саланың жағдайымен байланысты кешенді проблемалар пайда болды . Өндіріс көлемдерінің төмендеуі , қала құраушы кәсіпорындардың ішінара немесе толық тоқтауы моноқалалардағы әлеуметтікэкономикалық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеліп соқты .
Қазақстанның көптеген моноқалаларының негізгі проблемалары - жұмыспен қамтылғандар санының қысқаруы , тұрғындардың тұрмыс жағдайының нашарлауы , әлеуметтік шиеліністіліктің өсуі . Мысалы , соңғы 20-25 жылда " Қаратау " ӨБ ( қазіргі
¹ 5 ( 5 ) 2015
кезде " Казфосфат " ЖШС ) сияқты кәсіпорындарда қызметкерлер саны едәуір азайды - 10,6 мың адамнан 1,5 мың адамға дейін . Сораң қаласының " Қарағанды резинотехника " ӨБ-де 1985 жылы 7 мың адам жұмыс істеген болса , қазіргі уақытта жұмысшылар саны 500 адамнан аспайды . Осындай жағдай елдің басқа да көптеген моноқалаларында байқалады .
Өндіруші кәсіпорындардың шикізат базасының сарқылуы , өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі , қала құраушы кәсіпорындардағы ескірген технологиялар , Кеңес Одағының ыдырауына байланысты технологиялық тізбектердің үзілуі өндіріс көлемінің төмендеуі мен қала құраушы кәсіпорындар жұмысы тоқтауының негізгі себептері болып табылады .
Осылайша , моноқалалардың экономикасы мен әлеуметтік саласын талдау оларға тән негізгі проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді . Оларға мыналар жатады :
Қалалардың монобейінділігі Қазақстан экономикасының бірегей сипаты емес . Бір салалық мамандандырылған қалалар әлемнің басқа елдерінде де кең таралған . Әртүрлі елдер өздерінің моноқалаларының проблемаларын шешудің түрлі жолдарын таңдады . Біздегі жағдайға ең жақыны Германия , Австралия , Жапония және АҚШ сияқты елдердің моноқалаларының проблемалары .
Мысалы , Германияда Рур алабының көмір өнеркәсібіндегі құлдырауға байланысты проблемаларды шешу үшін мемлекет көмір саласын субсидиялау үшін " көмір пфенингі " салығын енгізді .
Әлемдік моноқалаларды дамыту практикасында Теннант-Крик қаласы ( Австралия ) тәжірибесінің орны ерекше . Қала шахталарындағы көмір шахталары сарқылғаннан кейін жұмыспен қамту деңгейін сақтау үшін мемлекет және қала құраушы кәсіпорын мамандар мен шахтерларды басқа кен орындарына көшіруді ұйымдастырды , бұл жұмыс орындарын ғана емес , кадр әлеуетін сақтап қалуға да мүмкіндік берді . Жапонияда моноқалалардың проблемаларын шешуді мемлекет пен қала құраушы кәсіпорын бірлесе жүзеге асырып отырды . Бұл жерде қызметкерлердің бір бөлігін компанияның басқа қалалардағы өндірістік қуаттарына ауыстыру ұйымдастырылды . Бұл ретте қала құраушы кәсіпорын экономиканың әртүрлі салаларында жаңа шағын кәсіпорындар құрды ( электроника және ақпараттық жүйелер , өмірге қажетті тауарлар мен азық-түлік өндіру , технопарк құру ).
Моноқаланың экономикасын әртараптандырудың табысты мысалдарының бірі ретінде Бирмингем қаласының ( АҚШ ) тәжірибесі саналады . Қаланың табиғи артықшылықтарын және инвестициялар тарту бойынша үкіметтің ойластырылған саясатын ( мысалы , ұсақ өндірушілерге бос өндіріс алаңдарын беру , жоғары білім инфрақұрылымын дамыту және басқа шаралар ) пайдалана отырып , қала металлургиялық қала құраушы кәсіпорындарының жабылуына байланысты проблемаларды шеше алды .
Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей , мемлекет тарапынан да , қала құраушы кәсіпорын тарапынан да бірлескен мүдделестік жоғары болған қалалар өздерінің проблемаларын шешуде неғұрлым табысты болды .
Қайта даярлау қурстарын , бизнес-инкубаторларды ұйымдастыру , қала құраушы кәсіпорынның жаңа өндірістерді құруы , салық жеңілдіктері сияқты негізгі күштер кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған моноқалаларда едәуір алға басу байқалады . Сонымен қатар , моноқалалардың проблемаларын шешу жолдарының бірі - қалалар экономикасын ұзақ мерзімдік әртараптандыруға бағытталған балама өндірістерді орналастыру бойынша " зәкірлік " деп аталатын жобалар болып табылады [ 1 ]. Моноқалаларды дамыту - тек өңірлердегі әлеуметтік ,
7