EURASIAN EDUCATION №5 2015 | Page 10

¹ 5( 5) 2015
экономикалық мәселелердің шешілуіне ғана емес, ең бастысы, өндірістік күштерді орналастыру мәселелерін де шешуге мүмкіндік береді. Моноқалаларды дамыту арқылы тұрақты дамудың үш негізгі мақсатына қол жеткізуге болады: экономиканың тиімділігі, әлеуметтік тепе-теңдік және қоршаған ортаның тұрақтылығы. Себебі Қазақстандағы өндірістік күштер мен еңбек күшінің оннан бірі осы қалаларда орналасқан. Қазақстан қалаларының әлеуметтік-экономикалық және демографиялық даму мәселелері Қазақстандық тарихнамада тек жанама және қысқа түрінде жарияланған, шағын қалалардың әлеуметтікэкономикалық және демографиялық даму мәселелері толық зерттелмеген. Қазақстан қалалары мен халқына арналған соңғы еңбектердің ішінен, А. К. Қошанов пен М. Х. Айдархановтың еңбектерін ерекше атап өтуге болады, мұнда нарықтық қатынасқа көшу жағдайында шағын қалалардың дамуына экономикалық талдау жасалған. Оларды пікірінше Қазақстандағы кенттенудің ерекшелігінің бірі табиғи байлықтар мен шикізат базасын игеру үдерісінің нақты ортасы болып табылады. Яғни, Қазақстандағы кенттену белгілі мөлшерде республиканы шикізат базасына айналдыруды көздеп жүргізілген, бұрынғы кеңестік одақ саясатынан шыққан. Ол көбіне, республика экономикасының кешенді дамуының әділ қызығушылығына байланысты болған емес, басқа
Ýêîíîìèêàëûê ãåîãðàôèÿ
жағынан қарайтын болсақ, Қазақстанда қалалардың кенттенуі мен индустриялануының өзара тығыз байланысы және өзара тәуелді болуы, кенттену деңгейі елдің экономикалық, ал маңызды деңгейде әлеуметтік дамуына да нақты және сыйымды көрсеткіші ретінде ілгері басады деп айтуға болады [ 3 ]. Қазақстанда жоғары деңгейде ұйымдастырылған урбандалған зоналардың болмауы( заманауи қалалық инфрақұрылымдардың шоғырлануы, ақпарат каналдары, елді мекендердегі экологиялық қолайлы өмір т. б.) болашақ ресурстардың, яғни біліктілігі жоғары, мобильді жұмыс күшінің, инновациялық технологиялардың, ақпарат көздерінің шоғырлануына кедергі келтіруде.
Осыған байланысты 2012 жылдың 25 мамырында Үкіметте " Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы " қабылданды. Бағдарламаның бір артықшылығы- жүзеге асуы тиіс мерзім аралығында дамытылуы тиіс қалалар санының оңтайлы мөлшері таңдалып алынған. Себебі мұндай қысқа уақыт аралығында республикадағы барлық 87 қаланың дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес болар еді. Моноқалаларды дамыту аймақтардың өзіндік ұйымдастырылуына, ресурстарын тиімді іске асыруына, экономикалық өсу зоналарының қалыптасуына, ұзақ мерзімді дамуда барлық инфрақұрылымдардың жақсаруына жағдай жасайды [ 4 ].
ӘДЕБИЕТТЕР 1. Моноқалаларды дамытудың 2012- 2020 жылдарға арналған бағдарламасы., Астана, 2012 ж. 2. Қазақтан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері, Астана қ., 2015 ж. 3. Теоретические и прикладные проблемы географии. Материалы международной научно-практической конференции / Под ред. Г. М. Джаналеевой.- Астана, 2014.-269 с. Часть І. 4. Интернет ресурстары: // reftrend. ru / 699302. html
8