¹ 5( 5) 2015
Мысалы: Сәлеметсіз бе Қайырлы күн. Сізге не керек? Маған нан беріңізші. Қандай нан? Ақ наннан біреу, қара наннан екеу беріңізші. Қанша тұрады? Жиырма бес теңге Алыңыз. Рахмет. Сау болыңыз. Сау болыңыз. " Емхана ", " Аурухана "- ойындарында ауырған адам мен дәрігердің арасындағы қарым-қатынас, ауру адамға деген аяушылық, көмек, мейірімділік қасиеттері сөз болып жатады. Мысалы: Сәлеметсіз бе. Қайырлы таң. Қал-жағдайыңыз қалай? Менің басым аурып тұр, Менің тамағым аурып тұр. Аузыңызды ашып " а-а-а " деңіз. Тамағыңызды көрсетіңіз. Сізге дәрі жазып берейін, осыны ішіңіз. Рахмет, сау болыңыз Сау болыңыз. " Қонақ күту "- рәсімін көрсететін біздің ұлтымызға тән мінез " Ақ әжеде қонақта " " Бізге қонаққа Ақмарал келді " Мысалы: Сәлеметсіңдер ме, балаларым. Сәлеметсіз бе, әже. Қонаққа қош келдіңдер, төрлетіңдер. Дастархан жаяды, Балалар дастархан жасасуға көмектеседі. Тағамдардың атын атайды. Дәмдерін, түсін айтады. Бата береді. Сау болыңдар балаларым. Сау болыңыз әже. Драматизация ойындары- бұл ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарма ертегінің және де т. б сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Драматизация ойындарының өзіндік ерекшелігі сол, ертегінің немесе әңгіменің сюжеті бойынша балалар бір рөлдерді атқарады, оқиғаларды дәл жүйелілікпен жасайды. Балалардың сүйікті ертегілері:
" Шалқан ", " Бауырсақ ", " Сараң бай мен Алдар көсе ", " Маша мен аю ", " Үйшік ", " Жеті лақ ", " Үш аю " т. с. с Драматизация ойындарының көмегімен балалар шығарманың идеялық мазмұнын, оқиғалардың логикасы мен бірлігін, олардың дамуы мен себептік шартын жақсы түсінеді. Драматизация ойындарында баланың тілі дамиды, қызығушылығы артады. Сол ертегі кейіпкерлерін көз алдарына елестетіп арман қиял сезімін тудырады. Мысалы: " Мақта қыз бен Мысық " және " Маша мен аю " ертегілерінде драматизация ойыны өте қызықты да басқаларға қарағанда күрделірек. Тәрбиелік мәні өте жоғары. Келесі дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар- оқыту формасы болып табылады.
Дидактикалық ойындардың педагогикалық құндылығы балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады.
Оларды шешу үшін оларды жұмылдыру, керекті зейін қою, ой күшін жұмсау, іс-әрекеттерінің жүйелілігі қиыншылықтарды жою керек. Бұл ойындар балалардың тіл мәдениетін дамытуда өте пайдалы қызмет атқарады, балаларды қандай да бір ой міндетін шешудің алуан
Ïåäàãîãèêà
түрлі ұтымды тәсілдеріне үйретуге мүмкіндік береді. Дидактикалық ойындар- " Не өзгерді?", " Ненің бұтағы?", " Жапырағынан таны ", " Қай жануардың құйрығы?",
" Не артық?",- Баланың тіл мәдениетін дамытуға арналған ойындар. " Белгіні дұрыс қой, атын ата ", " Шынжыр ", " Тапқыр ",
" Ненің төлі " Бұл ойындардың бала тілінің дамуына маңызы зор. Дидактикалық ойындардың мынадай типтері жасалған: Суреттік лото Тақырыптық суреттер Домино Суреттік кубик. Суреттік карточкалар, картотекалар Бұл типтік дидактикалық ойындар үстелдік ойындар қатарына орын алады.
Құрастыру ойындары баланың ой-өрісін дамытуға үлкен көмегін тигізеді. Қимылды ойындар бала өмірінде қимыл қозғалыстың дамуына, дене бітімінің әсем, сымбатты болуына әсер етеді. Қимыл-қозғалыс ойындар түрлері: Секіру, Жүгіру, Лақтыру, Қағып алу, Өрмелеу Қимылды ойындар баланың нервтік-психикалық дамуына әсер етеді, жағымды эмоция туғызады, тілдерін дамытады.
Бұл ойындарды баланың еркі, тапқырлығы, шапшаңдығы, батылдығы дамиды, көңілкүйлері көтеріңкі болады. Мысалы: " Қасқыр мен қойлар " ойынын алып қарайық. Санамақпен қасқыр болатын баланы атаймыз. Қойлар да, қасқыр да төрт тағандап жүреді. Ойынға шын берілу, шындық түрінде қабылдау. " Аю мен аралар " ойынын қимыл-қозғалыс дамытумен қатар дыбыстарды дұрыс айтуға қызмет етеді. Қимылды ойындардың өзіне тән ерекшеліктері болады. Заттық дамытуда ойындар үлкен рөл атқарады. Қазіргі кезде сабағымда жиі қолданатын ойындар: 1 Топпен жұмыс. Екі топқа бөлініп жарыса ойнаймыз,
( сұраққа кімдер көбірек, дұрыс жауап береді ойыны) 2 " Шынжыр " триз әдісі бойынша. 3 " Топтау " 4 " Бес асық " 5 " Сюжетті-ролдік " 6 " Схемамен жаңылтпаш жаттату " Тағы да сол сияқтылар, балаларға өте ұнайды, олар қуана-қуана ойнап, сабаққа белсене қатысады. Балабақшадағы басты мәселе тек тілді үйрету емес, балалардың ақыл-ойын дамытып, тіл байлығын арттыра отыра балаларды қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Ол үшін ең маңызды талап-дыбыс есту қабілетін дамытып ажырата алуға үйрету. Сондықтан балалардың жеке дыбыстарды дұрыс айтуын үнемі қадағалап, кей балаларда болатын тіл мүкістігін түзету, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру үнемі назарда болу керек.
Ойын түрлері сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын күшейтеді. Балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырып тілдерін дамытуға үлкен әсер етеді.
Қорыта келе, ойынның баланы жан-жақты дамытуда алатын орнының ерекше екенін көруге болады және ойында озған бала өмірде де озып, биік белестерді бағындыратынына кәміл сенеміз.
74