БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДА ОЙЫННЫҢ РӨЛІ
Ïåäàãîãèêà
¹ 5( 5) 2015
Мақала мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне арналған. Автор баланың сөйлеу дағдыларын дамытудағы негізгі құралдардың бірі ретінде ойын түріндегі оқыту формаларын сипаттайды.
Статья посвящена вопросам обучения и воспитания детей дошкольного возраста. Автор описывает формы игрового обучения как один из действенных методов развития речевой деятельности ребенка.
The article is devoted to questions of training and education of preschool children. The author describes the game form of training as one of the most effective methods of development of speech activity of the child.
САГИТОВА БАЯН ҚАБЛАНҚЫЗЫ
Петропавл қаласы " Болашақ " бөбекжай бақшасы " МКҚК қазақ тілі мұғалімі
БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДА ОЙЫННЫҢ РӨЛІ
Баланың қолының бұлшық еттері мен саусақтарын дамыту, сөйлеу түсініктерімен таныстыру барысында оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі- ойын.
Ойын- адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Қазақ халқының негізгі ойшылы Абай Құнанбаев: " Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?",- деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен білім беру жұмысында олардың жеке дара мүмкіндіктері мен қабілеттерін аса ескере отырып оны жүзеге асырамыз. Сол сияқты баланың тілін дамытуда да оның сөйлеу мүмкіндіктерін жас ерекшелігі және жеке дара ерекшелігін бөліп қарастырамыз. Баланың сөздік қорын дамытуда жеті міндет қоямыз: 1. Сөздік қорын дамыту, 2. Грамматикалық дағдыларын қалыптастыру, 3. Тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу. 4. Диалог түрінде әңгімелесу дағдысын қалыптастыру, 5. Әңгімелесіп сөйлеуге үйрету, яғни- монологты сөйлеуге үйрету. 6. Көркем әдебиетпен таныстыру, 7. Сауат ашуға дайындау. Осы міндеттер баланың даму кезеңінен бастау алады. Олай болса, осы негізгі жеті міндетті кірістіре отырып, белгілі бір тақырыпқа сай балалардың сөздік қорын дамытуға арналған ойындарды ұйымдастыру жұмыстарын қараңыз. Ол келесі қатарда көрсетілген ойындар арқылы жүзеге асады. Олар әр түрлі дидактикалық ойындар, жұмбақ жасыру т. б с. с. ертегілер, сюжеттік-рөлдік ойындар, сөз тіркестерін құрау. Әңгімелесу, сөйлесу- балалардың үлкендермен және өз қатарластарымен сөз арқылы қатынас жасауының негізгі түрі. Бұл балалардың тілін дамытудағы әдіс түрі. Мектеп жасына дейінгі бала өзін қоршаған ортамен байланыста болады, оны танып білгісі келіп қызыға қарайды. Әр түрлі сұрақтар қойып, оған жауаптар алғысы келіп тұрады. Іші толған бөлменің, Ойыншығым мол менің, Босқа тізіп қоймайық, Келе ғой дос, ойнайық. Осы өлең жолдарын оқысақ ойын кезінде ойыншықтардың қандай қызмет атқаратынын, бала өміріндегі маңыздылығын айтпай-ақ түсінуге болады. Сол ойыншықтар алуан түрлі болып, бала сезіміне әсер етіп, әр түсті баланы қызықтыратындай болса қандай тамаша! Осы ойыншықтарды таңдай біліп, өз орнына пайдаланса өте жақсы. Ойыншықтар туралы сөз етсек, ойыншықпен ойнаған кезде бала бойындағы әр түрлі мінездерді көруге болады. Бала көпшіл ме, әлде жеке
ойнауды ұната ма? Ойындар арқылы осы мінездерді анық байқауға болады. Ойыншықтардың бала өмірінде қоршаған ортамен танысуда, сенсорлық тәрбиеде, тілін дамытуда, тіл мәдениетін қалыптастыруда алатын орны ерекше. Ұлы педагог- Н. Д. Ушинский әр баланың ойыны әр түрлі болатынын айтады.
Ойынның негізгі ерекшеліктері- ол балалардың қоршаған өмірді адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарымқатынасын бейнелеуі. Ойында бөлме теңіз де, метро станциясы да, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Ойынның өздері ойлаған түпкі ниетімен мазмұнына лайықты маңыз береді.
Ойын- процесінде сөйлеу қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алып ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады. Балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастар пайда болуына және дамуына көмектеседі. Бейненің ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады. Ойынның түпкі ниеті- бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: " Дүкен ", " Аурухана ", " Ұшқыштар ", " Балабақша ",
" Жануарлар ", " Шаштараз ", " Жолда жүру ережесі " болып ойнаулары. Сюжетті рөлдік ойындарды алып көрсетсек. Бұл ойынның бала өмірінде алатын орны, маңызы жоғары.
Сюжетті рөлді ойындар- өмірден алынады. Бұл- өмір айнасы. Бұл ойын негізі балалардың өз өнерпаздығы. Кейде бұл ойындарды творчестволық сюжетті рөлді ойындар деп атайды. Алуан түрлі еңбек балалардың ойындарының негізгі тақырыптарының бірі. Олар барлық адамдардың тұруына, жұмысқа баруына жайлы болу үшін үйлер салады. Машиналар жасайды, малды күтеді, құс өсіреді, адамдарды емдейді, ыдыстар мен ойыншықтар жасайды, іс тігеді. Біздің балалардың ойындарынан адамдар арасындағы қарым-қатынастар көрініс табады. Рөлдік ойындарда бала өмір құбылыстарын белсенді түрде қайталап жасайды, осының бәрі оның өмірін бай мазмұнмен толтырады. Сюжетті рөлдік ойынды бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеттері болып табылады.
Мысалы: " Дүкен " ойынын алайық. Ондағы қатысушылар сатушы мен алушылар. Бұл ойынды сатушы мен сатып алушы арасындағы диалог түрінде, сөз мәдениеті, қарым-қатынас көрсетіледі.
73