EURASIAN EDUCATION №5 2015 | Page 56

¹ 5( 5) 2015
Машинамен тоқылған бұйымды тарқатқанда балаларға " Қаз шөпті жұлады " ойындары көмектеседі. Бала өзін керемет " сиқыршы " сияқты, сезінеді. Бөлшек мата еді, одан жіп қана қалды. Әр түрлі жіптерді дайындап алып, олардың түстерін атаймыз. Жұмыстың басында қатты қағазға дөңгелек тәрізді етіп ПВА желімін қалың етіп жағамыз. Оның ортасына бір дөңгелек, бір түсті жіп саламыз, басқа бір түсті бес дөңгелекті айналдыра саламыз және оларды санаймыз. Көркем сөз қолданып, тақпақ және санамақ айтамыз. Көркем сөз: Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты- еңбек. Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты- еңбек. Сабағыңа жөндеп Әзірленсең- еңбек. Қиындықтың бәрін. Еңбек қана жеңбек. Сонымен көктем гүлі дайын. Жұмысты күрделендіре отырып, даярлық тобында " Қоян ", " Қар адам " фонын түрлі-түсті қатты қағаздар етіп, желімді қоянның денесіне ұқсастырып сопақ етіп жағып, оған жіп қиындысын саламыз. Көздерін, мұрынын, аузын жабыстырамыз- ақ қоян сонымен дайын. 6-7 жастағы балалар қайшымен еркін жұмыс істей алады, жіптерді қиындыларға өз беттерінше еркін қияды.
" Жемістер " және " Құмыра " деген элементтер дайындап алуға болады. Жеміс, құмыраның бейнесін қаттырақ қағаздан қиып аламыз, жіптің керек түсін дайындаймыз. Шаблонды желімдеп, дайын элементтерді реттеп саламыз, таяқшамен тегістеп, дұрыстаймыз. Керек болса жылжытуға болады. Оқу іс-әрекеті соңында жұмыстардың көрмесі міндетті түрде өтуі тиіс. Балалар жұмыстарын бір-бірімен салыстыра алады, өздеріне ұнаған жұмыстарды таңдайды, неліктен ұнағанын түсіндіреді. Балалардың өз қолымен жасаған панно балалар мекемесін әсемдеуге арналған ең жақсы материал болып табылады. Түрлі-түсті жіппен жүргізу жұмысын әр оқу жылында балалармен жалғастырып отырамыз. Жұмыс біртіндеп күрделене түседі. Ересектер тобында " Күннің көзі ", " Шарлар ", " Жапырақтар әлемі ", " Жемістер ", " Моншақтар ", " Қар ", " Аққала ", т. б. тақырыптар бойынша жұмыс жүргізілді. Жалпы, бұл тақырыптармен тоқтамай, балаларды қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен, бұйымдарымен, қазақтың киімдері, оның ішінде " көрпеше ", " түскиіз ", " кілем " сияқты ұлттық оюларымен жақын таныстыруға мақсат қойдым.
Қазақтың ұлттық өрнектерімен әшекейленетін қолөнерінің түрлері де, атаулары да көп. Солардың ішінде халық арасында көбірек қолданылатын- ол оюөрнек. " Қазақ халқының қолөнері " тақырыбында өткізілген оқу іс-әрекетінде балаларды оюдың түрлерімен таныстыру, оның шығу тарихы туралы әңгімелеу, ою-өрнек туралы мақал-мәтелдер жинау, сөздік қорын байыту, халық өнерін қастерлеуге үйрету, көркемдік өнеріне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу мақсаты көзделеді. " Өнер- таусылмас азық, жұтылмас байлық "-дейді халық. Ою белгілі бір заттың пішінін білдіреді. Осы жұмыс барысында балаларды екі топқа бөліп, тақпақтар және өнер туралы мақал-мәтелдер айтуға болады. Мақал-мәтелдер: Ою ойғанның ойы ұшқыр. Өнерді үйрен де жирен. Өнерлі бала сүйкімді. Өсер халықтың қанаты- оның өнері. Өнерлі елден өнерлі ұл-қыз шығар. Өнер білсең өлмейсің. Өнер- бұлақ, білім- шырақ. Балалар ою-өрнек салмас бұрын тәрбиеші дауыстап айтқан тақпақ ізімен, қол саусақты қимыл-қозғалысқа
Ïåäàãîãèêà келтіріп, жаттығу жасап алады: Ал, балалар, тұрайық. Ою-өрнек сызайық. Қошқар мүйіз, Ботакөз, Қарға тұяқ, Тышқан із, Бүршік пен Гүл әдемі, Ою-өрнек әлемі. Қылқаламды алайық, Сәнді өрнек салайық. Содан кейін балалар жұмысқа кіріседі. Жұмыс барысында " Сыйлық " дүкеніне саяхат жоспарлап, балалар қазақтың ұлттық бұйымдарымен, ойыншықтарымен, сыйлықтарымен танысып көп әсер алады. Қолөнер- халықтың өз қолымен жасайтын ұлттық мәдениет пен өнер туындысы. Қолөнер- зор өнер. " Шебердің қолы алтын "-дейді атам қазақ. Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі- оның қолөнері. Ағаштан, темірден түйін түйген, жүннен көз жауын алатындай бұйым жасаған, асыл тастардан сән бұйымдар соққан, сүйек пен мүйізді, шиді қиынынан қиыстырған халық шеберлерінің ісі- мақтауға тұратын өнер туындысы.
" Казіргі заманғы өнер мұражайы " қызметкерлерінің қатысуымен балаларға халық өмірі мен тұрмысы, өнер байлығы жайлы әсерлі әңгімеленді. Халық өнерінің ертеден келе жатқан шеберлік мұраларының, казіргі біздің өмірімізге ұштасып отырған туындылары, және оларды бізге жеткізуші, он саусағынан өнері тамған майталмандары жайлы айтылып өтті. Балаларға халықтың қолөнерінің алуан үлгілері: әр түрлі оюлар, киімдер, текеметтер, кілемдер, ыдыстар, осының бәрі алтын қолды адамдармен сұхбаттасқандай, бірінен-бірі асып түсіп жататын өнер үлгілерін көзбен көргендей айтып отырды.
Түрлі-түсті жіппен жұмыс істеу барысында, балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау, көру қабілеттері дамиды. Сонымен қатар шыдамдылық, төзімділік қасиеттері қалыптасады. Бастаған жұмысын аяқтауға, еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылады. Балалардың еңбек еткенде, жіптерді тарқатқанда қолдарының ұсақ саусақ қимылдары дамиды. Сондықтан:
- Халықтық қолданбалы қолөнер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.
- Халықтың қолданбалы қолөнеріне, ұлттық мәдениетіне сүйіспеншілігін ояту.
- Ұлттық қолданбалы қолөнер шеберлерінің еңбегімен таныстыру.
- Күнделікті тұрмыста қолданылатын, қарапайым ұлттық нақышта орындалған бұйымдарды жасауды үйрету талап етіледі.
Ұлттық тәрбие үнемі білім берушілік негізде жүріп отыруы тиіс. Эстетикалық тәрбие жағынан үлгі ретінде, мен өз жұмысымда пенопласт, паролон, т. б. материалдарды қолданамын, өйткені ол үлкен, оны жылжытуға болады, ою ретінде құрастыруға болады. Әр оқу іс-әрекетінде алдын ала үлкен жұмыс жүргізіледі. Балалар өлеңдер, жұмбақ, санамақтар жаттайды, әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданыланады. Жұмыстың бұл түрін игеруде ата-аналар көп көмек көрсетеді. Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың басты мақсаттарын негізге ала отырып, қол еңбегін жүзеге асыруда, алға мынадай міндеттер қоямыз: Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды өнер әлеміне баулу, эстетикалық талғамын, шығармашылық құзіреттілігі мен қиялдау қабілетін дамыту, эстетикалық сезімді ояту, көркемдік талғамын қалыптастыру, еңбекке тәрбиелеу, өз елінің өнерін сүюге, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының айшықты мәнерін сезінуге тәрбиелеу. Өз тобымда балалармен еңбек жұмысын жүргізу барысында, балалардың қарым-қатынастары белсенді бола түсті, дос жауапкершілік сезімдері оянып,
54