EURASIAN EDUCATION №5 2015 | Page 55

ҚОЛ ЕҢБЕГІ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛДАРЫНЫҢ ҰСАҚ САУСАҚ ҚИМЫЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ
Ïåäàãîãèêà
¹ 5( 5) 2015
Мақала мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне арналған. Мақала авторы бүлдіршіндердің ұсақ саусақ қимыл қозғалыстарын, олардың дүниетанымы мен ойлау қабілеттерін жетілдіру мақсатында балаларды оқыту жұмыстарын ұйымдастырудағы өз тәжірибесімен бөліседі. Сондай-ақ автор мектепке дайындық тобындағы балаларды қазақ қолөнеріне баулу сабағының үлгісін оқырмандар назарына ұсынады.
Статья посвящена вопросам обучения и воспитания детей дошкольного возраста. Автор статьи делится собственным опытом организации деятельности детей в детском саду для развития их мелкой моторики, кругозора и мышления. Также автор делится разработкой урока по обучению детей старших групп азам казахского прикладного искусства.
ИСМАИЛОВА ДАНАКУЛЬ ТУРСЫНБЕКОВНА
Астана қаласының № 64 " Асыл бөбек " тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған балабақшасының тәрбиешісі
The article is devoted to questions of training and education of preschool children. The author shares his own experience in organizing activities for children in kindergarten to develop their fine motor skills, vision and thinking. The author also shares the development of a lesson to teach senior groups children the basics of the Kazakh applied art.

ҚОЛ ЕҢБЕГІ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛДАРЫНЫҢ ҰСАҚ САУСАҚ ҚИМЫЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ

Қоғамымыздың дамуына байланысты осы заманғы білім беру жүйесінің мақсаты жаңа әлеуметтік жағдайларда өз бетінше белсенді әрекет етуге жан-жақты жетілген тұлғаны дайындау болғандықтан, оның белгілі бір жетістікке қол жеткізу мүмкіндігін негізге ала отырып, бұл мақсатқа қол жеткізуді еңбекке баулу мен еңбек тәрбиесісіз елестету қиын. Осы міндетті шешу барысында еңбекке дайындаудың негізі қаланатын балабақша үлкен рөл атқарады.
Қазақ халқының қол өнері ұшан теңіз. " Шебердің қолы ортақ, өнердің тілі- ортақ "-дейді халық. Әбдіқас Тәжімұратовтың( филология ғылымының кандидаты) сан ғасырлар сынынан өтіп шығарған " Қазақ халқының қолөнері " кітабында қазақ халқының табиғи дарынымен өзектес халық өнерімен, тұрмысымен бірге өсіп, бірге қайнасып келген қол өнерінің әсем үлгі-нұсқаулары, өнер байлығы жайлы әсерлі әңгімелер халқымыздың қолөнерін қастерлейтін қалың оқырмандарға арналған. Жүннен жасалатын ұлттық бұйымдардың жасалу шеберлігін баршаға таныстырып, оның сан алуан сыры мен қырын оқырманға жеткізу көзделген. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын иіру, тігу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығы айтылады. Казіргі заман талаптарына сәйкес балабақшадағы тәрбиелеу, білім беру мазмұнын жаңарту көзделіп отыр.
Бейнелеу іс-әрекеті эстетикалық ықпал ету құралдарының бірі бола отырып, баланың жан-жақты дамуына тікелей әсер етеді. Балабақшада тәрбиенің ең маңызды құралы- еңбек. Еңбек тәрбиесі арқылы баланың әдет-дағдысы және ынталылығы, байқампаздығы, айнала қоршаған өмірге қызығушылығы дамиды, адамгершілік қасиеттерімен бірге іскерлік, еңбекке мәдениеттілік қасиеттері де қалыптасады. Қарапайым еңбек түрі барлық топтарда жүргізіледі. Қол еңбегі балабақшаның ересектер тобында жүзеге асырылады. Балалар өздеріне қажетті ойыншықтар, атрибуттар, әр түрлі машиналар, үйлер, қайықтар, жиһаздар, т. б. бұйымдар жасайды. Қол еңбегі балалардың жапсыру, құрастыра білу қабілетін, ойқиялын, өнер тапқыштығын дамытады.
Мектепке дейінгі балалардың балалар бақшасындағы еңбегі негізгі үш формада: тапсырма беру, кезекшілік,
ұжымдық еңбек іс-әрекеті формаларында ұйымдастырылады. Мысалы: мектепалды даярлау тобында балалар ағашпен, матамен, түрлі сымдармен, түрлі-түсті қағазбен жұмыс істейді.
Осы еңбек түрлерімен қатар мен мектепалды даярлау тобында тағы бір еңбек түрін қосымша алдым. Ол- түрлітүсті жіптермен еңбек ету үйірме жұмысы. Түрлі-түсті жіптермен жұмыс істеу- балалар үшін сиқырлы жұмбақ. Жіптің ашық бояуларының бейнелерден үйлесім тауып, дәл орналасуы бүлдіршіндерді таңдандырып, өзіне тартады.
Көркемдік іс-әрекеттің бұл түрімен айналысу баланың зейінін өзіне аударып, қиялын шарықтатып, көру арқылы есте сақтауын, қабылдауын, заттың пішінін, көлемін, түсті сезінуін дамытады. Сонымен қатар шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін қалыптастырып, бастаған ісін аяғына дейін аяқтауға, еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылдырады.
Ең алдымен " жіптен жасалған суреттер " деп өз жұмысымды үлгі ретінде балаларға көрсетіп, әңгіме өткіздім. Әрбір үйде қолданыстан шыққан заттар болады. Міне, осы заттарды біздің зерттеуіміз бен ойынымыз үшін қолдануға болады. Балаларға ойын үшін қолдан тоқылған тоқыма бұйымдары өте ыңғайлы: оны созуға да, біріктіруге, іліктіріп бір-біріне қосуға да болады. Түрлітүсті жіптерді қатты қағазға жабыстырып, " Қонжыққа " арналған кілемше жасауға болады. Теңіз толқындарына да ұқсатып жасасақ тіпті керемет. Ең алдымен, " Теңіз толқындары ", " Күннің көзі ", " Шар ", " Бұлттар ", т. б. балаларға қиындыққа түспейтін тақырыптар бойынша жұмысымды жүргізе бастадым. Алдымен, балалардың қандай киім кигендеріне көңіл аудардық. Белдемше, шорты, жемпірлердің шетін соза бастадық, сонда балалар кейбір бөліктер созылмайтынын көріп, мақта мен тоқыма бұйымдарының айырмашылығын түсіне бастады. Одан әрі балалар бөлшектермен ойнап, олардың түстерін, бір түстіні аладан айыра бастады. Қолмен ұстағанда жұмсақ па, үлпілдек пе, қалың ба, жұқа ма, суық па екенін айырады, созып көріп, тоқыма бұйымды матадан айырады. Балаларды екі топқа бөліп, " Қай топ, көбірек жіп орайды " жарысын ұйымдастыруға да болады.
53