Ïåäàãîãèêà
өз ісіне сенімділіктері арта түсті. Балалардың шығармашылық ізденіске талпынатындығы іс-әрекет барысын талдай, қорытындылай отырып байқалды. Қол еңбегі жұмысы мектепке дайындығына және мектепте оқуына өте тиімді болмақ. Сиқырлы жіптің сырын ашып, құпиясын балаларға жеткізу үшін өз жұмысымда алдыма мынадай мақсат қоямын: 1. Балаларда еңбек ету техникалық дағдыларын қалыптастыру. 2. Балаларды еңбек етудің әр түрлі дәстүрден тыс тәсілдерімен таныстыру.
3. Балаларды еңбек етудің әр түрлі дәстүрден тыс тәсілдерін пайдалана отырып, өзіндік қайталанбас бейне жасауға үйрету.
Дұрыс техникалық дағды бала бойында сабақ сайын дамып, қалыптасып отырады. Балалар еңбек ету тәсілдерін құрғақ түсіндіргеннен емес, өздері тәжірибе жасаудан үйренеді. Сол сияқты балаларға дәстүрден тыс әдістің: " баспамен ", " түрлі-түсті жіппен ", " таяқшамен ", " желіммен ", " қажетсіз заттармен " еңбек ету үйретіледі. Бұл күрделі техника, бірақ нәтижесінде еңбектің ақталғанын көрудің өзі бала үшін бір ғанибет болады. Бұл балалардың жеке шығармашылығын және эстетикалық талғамын дамытады. Жіппен жұмыс жасаудың кезеңдері: 1. Алдын-ала жүргізілетін жұмыс. Түрлі-түсті жіптерді даярлау, тоқыма киімдерді тарқату, жіптерді қайшымен қию. 2. Тақырып бойынша эскиз сызу( сұлба немесе нобай) 3. Жіптің түстерін заттың пішініне сәйкес таңдау. 4. Сұлбаға желім жағу. 5. Жіптерді сұлбаның үстіне салып тегістеу, және пішінін келтіріп желімдеу.
Болашақта осы жұмысымды әрі қарай жалғастырып, күрделендіріп, балалардың қызығушылықтарын арттырып, оларға жеткізіп үйретуді жоспарлаймын. Еңбек процесі кезінде баланың ойлау әрекетіне тікелей әсер ететін саусақтарының ұсақ моторикасы, сөйлеу қозғалысы аппараты жетіледі. Дәстүрден тыс әдістәсілдердің тиімділігі анықталады. Сабақ жоспары Тақырыбы: " Қазақтың ұлттық қолөнері және оюлары "
( мектепалды даярлау тобы)
Сабақтың мақсаты: Балаларды ұлттық өнердің әсемдігіне және қолөнер түріне деген сүйіспеншіліктерін, көркемдік эстетикалық талғамын дамыту. Халықтың тұрмыс салт-дәстүріне қызығушылықтарын ояту, шығармашылық ойлау қабілеттерін, мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын молайту. Қол еңбегінің дәстүрден тыс тәсілдерімен таныстырып оны меңгере білуге тәрбиелеу. Еңбек ету арқылы қолдың ұсақ саусақ қимыл қозғалысын жетілдіру.
Көрнекілік: Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектері, сәнді қолданбалы бұйымдары, зергерлік бұйымдар, суреттер. Құрал-жабдықтар: Түрлі-түсті жіптер, бастырма, қарындаш, желім, үлгілер. Сабақтың барысы: Қайырлы таң құрметті қонақтар, балалар! " Алтын қол " шеберханасына қош келдіңіздер! Бүгін, бізге келген қонақтармен амандасайық. Арайлап таң атты, Алтын шуақ таратты. Қайырлы таң балалар, Қайырлы таң қонақтар.
Енді сөзді қыздарға береміз:
1-қыз: Шебер біздің әжемізде, Шебер біздің анамыз да. Шебер біздің апамыз да, Біз де шебер баламыз.
2-қыз: Дайын қалам, қағазымыз,
Түрлі-түсті жіп дайын. Еңбек ете аламыз, Ұлттық бұйым саламыз.
¹ 5( 5) 2015
Бүгін " Алтын қол " шеберханасында еңбек етеміз. Ұлттық қолөнер түрімен біз үйде, балабақшада танысып жүрміз. Әрқайсымыздың үйдегі шебер әжелеріміз, оюлап талай әдемі нәрселерді тігетіндерін білесіңдер. Сол бұйымдарға не жатады? Көрпе, кілем, көйлек, шапан, қамзол, тымақ, сәукеле, тақия, текемет, алаша т. б,
Ал аталарымыз ағаштан, темірден қандай бұйымдар жасаған? Сандық, ұршық, бесік, қамшы, домбыра, үстел, кебеже т. б. Зергерлік бұйымдарға не жатады? Сақина, сырға, шолпы, бойтұмар, қапсырма, шашбау, алқа, білезік Өте дұрыс тауып айттыңдар, енді естеріңе ыдысаяқтарды түсіріп, атап беріңдерші: кесе, тостаған, астау, ожау, табақ, самаурын, шайнек, т. б. Дұрыс, осының барлығы ыдыс аяқ түрлері. Ыдысаяқты салатын, әжелеріміз қапшық тігетін. Оны қалай атайды? Аяққап. Дұрыс айтасыңдар!
Осы бұйымдардың бәрін немен әшекейлеп өрнектеген? Оюлармен. Сендер қандай ою түрлерін білесіңдер? Оюлар: қошқармүйіз, жұлдыз, гүл, ботакөз, тарақ, балдақ, құс қанаты, омыртқа, құс тұмсығы, толқын т. б.
Ойын: " Оюды танып айт " Сонымен осы бұйымдардың бәрін халқымыз бір сөзбен " қолөнер " деп атайды.
Сендер осы қолөнер түрлерін қалай меңгергендеріңді, өздеріңнің жұмыстарыңда көрсетесіңдер.
Сергіту сәті: Маған арнап жекелеп, Әжем басты текемет. Бір топ адам аяқпен, Теуіп бердік төпелеп. Басу қызық текемет, Үсті-үсті төпелеп. Алда біреуі жіппен, Саумалайды жетелеп. Әрі біраз аунаттық, Бері біраз аунаттық. Қабат шидың сыртынан, Қайнақ суды саулаттық. Өздерің де, қолдарың да дем алды, енді жұмысқа кірісуге болады. Алдымен ойланайық, кім қандай бұйым, қандай зат жасайды. Алдымен жасайтын бұйымды бастырмамен сызып, жіптің түсін таңдап, анықтаймыз.
Балалар жұмысқа кіріседі. Қойылған сұрақтарға жауап береді, жұмыстарымен таныстырады. Қандай ою-өрнектерін пайдаланғандары жайында әңгімелейді.
Қорытынды: Балалар, жұмыстарыңды бітіріп, нәтижеге жету үшін біраз еңбек еттіңдер. Өнер-еңбек туралы мақал-мәтелдерді еске түсірейік:
Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын.
Өнерді үйрен де жирен.
Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей.
Еңбек түбі- береке, Көптің түбі- мереке.
55