Ïåäàãîãèêà
¹5 (5) 2015
Авторлар мақалада балабақшаішілік бақылаудың
негізгі түрлеріне тоқтала келе, әдіскер жұмысының
мазмұны мен құрылымына жан-жақты сипаттама
береді.
Әдіскер
жұмысының
бағыттаушы,
қадағалаушы, бағалаушы сипатқа иелігін дәлелдей
келе, балабақшаішілік бақылауды ұйымдастырудағы
әдіскердің негізгі міндеттерін айқындайды.
АБИЛЬДИНА
НАЗИРА
БЕЛЯЛОВНА СЕЙДАХМЕТ
БОНИ
БЕКТЕМІРҚЫЗЫ
Астана қаласы №27
"Балауса" балабақшасы
МКҚК меңгерушісі Астана қаласы №27
"Балауса" балабақшасы
МКҚК әдіскері
Статья посвящена вопросам деятельности
методистов дошкольного учреждения образования.
Авторы статьи описывают виды и задачи контроля,
осуществляемого методистом детского сада.
Статья будет интересна специалистам дошкольного
образования.
Article is devoted to the activities of the preschool educa-
tion methodologists. The author describe the types and the
problem of control exercised by a methodologist in the kin-
dergarten. The article will be of interest to specialists of pre-
school education.
БАЛАБАҚШАДАҒЫ БАҚЫЛАУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӘДІСКЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ
Балабақша - мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымы -
білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы. Бала
бойындағы ізденімпаздықты арттырып, жаңалыққа
қызығушылығын оятатын, тәрбие мен тәртіпті сіңіріп,
болашақ бағдарын анықтауға көмек беретін мекеме.
Бүгінгі таңда әлемдік білім кеңістігінде балабақша
қабырғасындағы балаларды оқытудың педагогикалық
мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің
жаңаша жетілдір ілген әдіс-тә сілд ерін ізд естіру,
жаңалық қа ж ол ашу бағыт тары қар асты рылуда.
Сондықтан да, қазіргі кезде болып жатқан тарихи-
әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы жаңалықтар бүгінгі
ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде, мектепке дейінгі
жастағы сәбилердің дамуына, тәрбиелеуіне жаңаша
көзқараспен қарауды қажет етеді.
Өйткені заманауи қоғамда сәбидің қоғамға кірігуі,
өз белс енділігін кө рсетіп, ж ан-ж ақты дамуы,
әлеуметтенуі үшін балабақша, мектепке дейінгі тәрбие
мен біл ім б еру мекемесі маңы зды орын алады.
Балабақша жұмысына қойылатын талап пен міндеттің
күшеюі тәрбиешілер қауымына жүктелген жүкті еселей,
тәрбиешілер жұмысын ұйымдастырар әдіскердің
міндеттерін, жауапкершілігін арттыра түседі.
Со ңғы уақы ттағ ы демокр атия лық жаңарулар,
ақпараттық еркіндік тәрбиешілердің, әдіскерлердің
шығармашылық қызметіне заңды түрде еркіндік берді.
Еркіндік бере отырып, баланың жан-жақты дамуына
жоғары деңгейде әсер ететін технологияны таңдау
міндеті жүктелді. Ал ол міндетті шешетін де, жүзеге
Басқару қызметі
асырушы да шебер тәрбиеші, тәрбиешілердің кәсіби
шеберліктерін шыңдап, шығармашылықпен еңбек
етуіне бағыт беріп, қазіргі заман талаптарына сай
инновациялық бағытта дұрыс ұйымдастыра білетін -
әдіскер екені сөзсіз. Әдіскер - оқу - тәрбие әдісін
жетік меңгерген маман. Оның міндеті - тәрбие мен
білім үдерісін талдау және қадағалау, озат тәрбиеші
мен балабақша тәжірибесін жинақтап таратады.
Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетеді. Балабақша
әдіскерінің негізгі міндеттері білімділік, зерттеушілік,
енд іруш ілік ,
ақ параттық ,
кеңес
берушілік,
сараптамалық, бағалаушылық бағытта анықталады.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі әдіскердің
жұмысы - бақылаушы емес, бағдар беруші. Әдіскерге
жүктелетін негізгі қызметтік міндеттер мен әдіскер
жұмысының мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды
төмендегідей топтастыруға болады:
Әдіскер әр педагогтің, әсіресе, жас мамандардың
ерекшеліктерін, деңгейін бағдарлай келе, жеке-дара,
қажет көмек көрсетуі тиіс.
білім беру үдерісінің барысында туындайтын өзекті
мәселелерді шешуге, әдістемелік қажеттіліктерін
өтеуге көмектесу;
жас маманд арды ң жаңа еңбек жағ дайы на
бейімделуіне қолғабыс ету;
кәсіби даму мен өзін-өзі жетілдіруді ұйымдастыру
мен жоспарлау;
Әдіскердің әдістемелік қызметінің мазмұнын П.И.
Третьяков пен К.Ю. Белая былай жіктейді:
Жұмыс мазмұны
1.Ақпараттық-талдау Педагогтердің кәсіби қасиеттері, педагогтік тәжірибесі, педагогик а мен
психологиядағы жаңа зерттеулер туралы мәліметтерді жинақтайды.
2.Мотовациялық-
мақсатты Мекеме басқарушы мен педагогтермен бірлесе отырып балабақшадағы ғылыми-
әдістемелік жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтайды. Педагогтерге еңбекті
ғылыми ұйымдастыруға көмектеседі, жағдай жасайды. Озық педагогикалық
тәжірибені, заманауи ғылыми еңбектерді жүйелейді және насихаттайды.
3.Жоспарлы-болжамдық Диагностикаларға негізделе отырып, ұжымның ғылыми-әдістемелік жұмысының
дамуын болжайды. Балабақша басшылығымен бірігіп МДҰ даму
бағдарламасын,жылдық жоспарын, әдістемелік жұмысын жоспарлайды.
4.Ұйымдастырушы-
орындаушылық Балабақшаның жылдық жоспарын жүзеге асырады. Педагогтерге әдістемелік көмек
көрсетеді. Педагогикалық кеңестердің отырыстарын ұйымдастырады және өткізеді.
Өзара сабақтарға қатысуды, ашық сабақтарды, конкурстар мен ашық есік күндерін
ұйымдастырады. Балаларға диагностик алар, педагогтер мен ата-аналарға
47