EURASIAN EDUCATION №5 2015 | Page 50

¹ 5( 5) 2015 Ïåäàãîãèêà
5. Бақылаудиагностикалық сауалнамалар жүргізеді, педагогтерді аттестаттауға қатысады. Балабақша мен мектептің, басқа мекемелдердің өзара әріптестігін жүзеге асырады.
Балабақша басшысымен бірігіп балабақшаішілік бақылауды жүзеге асырады( шұғыл, тақырыптық, қорытынды); оқу-тәрбие үдерісінің сапасын, пәндік-дамыту ортасын бағалайды.
6. Реттеуші-түзетушілік Педагогтерге оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға, біліктілігін арттыруға, тәжірибелік-ізденіс жұмысын ұйымдастыруға көмектеседі.
Әдіскер қызметкерлерді білім берудегі өзгерістермен, жаңалықтармен уақытылы таныстыруға, назарларына жеткеруге міндетті. Әдістемелік кабинетті толық жасақтап, педагогтерді қажет ақпаратпен қамтамасыз етеді. Әдістемелік кабинет- мамандар кәсібін дамыту институтының бір құрылымы болып табылады. Кабинет әдіскерлері өз мақсат міндеттеріне байланысты жұмыстарын атқарып, тәрбиешілерге лайықты әдістемелік көмектер мен білімін жетілдіру жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми жаңалықтарды іске асыруға көмектеседі. Негізгі мектепке дейінгі тәрбие әдіскерлерінің міндеті- озат тәжірибелі мамандар еңбегін жинақтап, іс- тәжірибесін тарату. Қазіргі уақыт мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ісінің мән- мағынасын, сипаты мен бағыт- бағдарын жаңаша түрлендіруді талап етеді. Міндеттерді жүзеге асырудың өзі мамандардан кәсіби икемділік пен шеберлікті, сан қырлы шығармашылықты қызметті талап етеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып, ескі мазмұнның орнын жаңасы басуда. Жаңа білім парагдимасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Сондай-ақ, әдіскер балабақша ішілік бақылауды ұйымдастырады. Балабақшаішілік бақылау- оқу-тәрбие үдерісінің жағдайы туралы ақпаратты жинақтаудың және кәсіби шеберлікті дамыту мен жетілдіру мақсатында әдістемелік көмек көрсетудің жүйесі. Балабақшаішілік бақылауды ұйымдастырудағы мақсат- тәрбиеленушінің қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оның жан-жақты, үйлесімді дамуы үшін түрлі шығармашылық әдістемелер мен технологиялардың негізінде әр бала мен педагог үшін тиімді, қолайлы жағдай жасау. Бақылауды кім жүргізетініне қатысты, бақылауды екіге бөліп қарастыруға болады: мазмұндық, яғни мекеменің өз ішінде педагогикалық диагностика, тестілеу, педагогикалық үдерісті қадағалау құралдары арқылы мемлекеттік стандарттардың орындалуын, инновациялық қызмет барысында білім берудің мазмұнына өзгеріс енгізудің негіздемесін тексеру, қандайда бір технологияны енгізудің тиімділігін бағалауды бақылау және сырттан мамандарды тарту арқылы жүзеге асатын сыртқы бақылау.
МДҰ бақылауды жоспарлау технологиясының нұсқасын төмендегідей санамалауға болады:
1. Әр педагог " Жеке бас паспортын " толтырады, өзінің кәсіби шеберлігі туралы жан-жақты, толық мәлімет береді.
2. Өзінің жұмыс жоспарын, әдістемелік ізденіс тақырыбын әдіскермен бірігіп келіседі, талқылайды.
3. Әдіскер әр педагогтің " Жеке бас паспортын ", бақылау жоспарларын жүйелейді, жинақтайды.
4. Әдіскер бақылаудың технологиялық картасын жасайды. 5. Балабақша меңгерушісі бақылаудың жоспарын бекітеді. 6. Балабақша әкімшілігі тексерулердің, яғни әкімшілік және жеке тексерулердің жоспарын әзірлейді.
7. Балабақша ішілік бақылаудың ортақ картасы жасалады. 8. Ортақ карта МДҰ меңгерушісімен бекітіледі. Жоғарыдағы әр педагогтің жеке міндеттерін жинақтаған бақылауды жоспарлаудың алгоритміне сүйене отырып, әкімшілік әр педагогтің басқаруға ат салысуына, өз үлесін қосуына жағдай жасайды.
Балабақшаішілік бақылауды ұйымдастырудың негізгі формаларына әкімшілік бақылау, өзара бақылауды, жеке бақылауды жатқызуға болады. Әкімшілік бақылау педагогтердің ағымдағы жұмысын бақылау, яғни топтарға бару, тақырыптық тексерулер, білім кескіндерін өткізу. Бақылаудың осы түрі арқылы педагогтің кәсіби шеберлігін, әдістемесін жетілдіруге, педагогикалық қызметінің көрсеткіштерін жоғарылатуға ұмтылады. Өзара бақылау дегеніміз- өзара келісім мен сенімге негізделген жұмыстың диалогтік түрі. Педагогтерге өз жұмысына өзіндік талдау жасау дағдысын қалыптастыруға, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды жоспарлау барысында жеткілікті кәсіби деңгейге ие болады, балаларды тәрбиелеудегі нәтижелері жақсы көрсеткіштерге ие. Жеке бақылау- әдіскердің педагогпен біріге отырып жасаған жеке бағдарлама бойынша педагогикалық көмекті ұйымдастыру. Әдіскер көмек қажет ететін педагогтермен жеке жұмыс жоспарын әзірлейді. Әдіскердің бақылауды ұйымдастыруын жүзеге асыру алгоритмін былай көрсетуге болады:
1. Қиындықтар мен мәселелерді диагностикалау. Педагог жұмысындағы кемшін тұстарды анықтау. Зерттемелер, сауалнамалар жүргізу арқылы қиындықтарды нақтылау.
2. Мәселені шешудің жолы мен тәсілдерін бірігіп анықтау. Педагог пен әдіскер біріге отырып, анықталған қиындықты шешудің жолдарын, туындау себептерін қарастырады.
3. Педагог пен әдіскердің мәселені шешуге бағытталған бірлескен қызметін жоспарлау. Анықталған қиындықтар, олардың себептері, оларды шешу жолы анықталғаннан кейін бірлескен жұмыстың жан-жақты жоспары дайындалады. 4. Әдіскердің кеңесіне сүйенген, педагогтің қойылған міндеттерді орындаудағы белсенді қызметі. Әдіскер педагогтің жоспарға сай қойылған талаптар мен міндеттерді, жұмыс түрлерін орындауын үнемі бақылауда ұстауға, кемшін тұстарына нұсқау беріп, әдістемелік көмек көрсетуге дайын болуы тиіс.
5. Педагог пен әдіскердің бірлескен қызметінің нәтижесіндегі жұмыс қорытындыларын сараптау. Жеке қолдау көрсетілген педагогикалық қызметтің тәрбиеші жұмысын авторитарлық әдіспен басқарудан ерекшелігі- педагог әдіскердің көмегімен, қадағалауымен, бағыттауымен өз жұмысындағы кемшіліктерді, қиындықтарды анықтайды, шешеді. Бұл жұмыста да оң нәтиже берері сөзсіз. Әдіскер педагогке қажет әдістемелік көмекті көрсетуі үшін жеке тұлға психологиясын жетік білуі, педагогикалық ұжымның әр мүшесінің жетістікке жету мүмкіндігінің барлығына сенуі тиіс. Қазақстан Республикасы өз дамуында жаңа белеске көтерілген шақта еліміздің ертеңгі іргетасының беріктігіне жауап берер отаншыл азаматтардың, білімді ұрпақтың бүгінгі тәрбиесі- ең басты, ең маңызды құндылық екені ақиқат. Бұл мәселенің маңыздылығын айқындай келе, Елбасы " Қазақстан- 2050: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты " атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласына тың міндеттер жүктеді. Президент Н. Ә. Назарбаев " бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керектігін " атап көрсеткен
48