EURASIAN EDUCATION №5 2015 | Page 41

Ïåäàãîãèêà
Жіктеме- дәреже бойынша бөлу, ақпараттың көп мөлшерінен аса қажетті мағлұматты таңдап алу қажеттігі туған кезде жалпы негіздемелерді бөліп шығаруға мүмкіндік береді.
Типология- типтер бойынша, яғни негіздемелер емес, қандай да бір үлгілер бойынша бөлу.
¹ 5( 5) 2015
И. П. Подлайсыйдың " Педагогика " оқу құралында дәстүрден тыс сабақтардың ондаған типі бөлінген( 36- сы аталған), оның ішінде іскерлік ойын сабақтары( мысалы, " Ғажайып алаң "), т. б. бар. В. А. Щенев берген басқа жіктемеде сабақтардың қалыптан тыс түрлерімен толықтырылған дәстүрлі типологиясы берілген.
САБАҚ ТИПТЕРІ:
Жаңа білім қалыптастыру сабақтары
Білік пен дағдыға үйрету сабақтары
Білімді пысықтау, білікті бекіту сабақтары
Білім мен білікті тексеру және бағалау сабақтары
Лекциялық сабақтар
Практикумдар
Сыныптан тыс оқулар
мен семинарлары
Сынақ сөз жұмбақтары
Экспедиция( саяхат) сабақтары
Шығармалар
Қайталау- қорыту сабақтары
Байқаулар
Зерттеу сабақтары
Диалог сабақтары
Ойын түріндегі пікірталас « Не? Қайда? Қашан?» « Ғажайып алаң » « Бақытты сәт »
Білім сайысы
Сахналық сабақтар
Рөлдік, іскерлік ойын сабақтары
Кіріктірілген театрландырылған( сот сабағы » сабақтар
Шығармашылық жұмыстарды, жобаларды қорғау
Конференция сабақтары(« пресс-конференция »)
Кеңес беру сабақтары
Шығармашылық есеп
Кіріктірілген сабақтар Байқау сабақтары, жарыс сабақтары
Негізгі дидактикалық мақсаттары бойынша " классикалық " типология жоспарланған оқыту нәтижелерінен ғана емес, сонымен бірге оқулық таным үрдісінің сатыларынан да( жаңа материалдарды игеру, жаңа білім мен білік қалыптастыру, оларды бекіту және жүйелеу, алынған нәтижелерді тексеру және бағалау) шығады.
Проблемалық оқыту теориясының шығуы сабақтарды проблемалы және проблемасыз түрге бөлуге әкелді. Мұндай жіктемеде оқушылардың танымдық әрекетінің сипаты белгіленген. Сонымен бірге, бұл жіктеме негізінен жаңа материал өту сабақтарына қатысты.
Ең қиыны- ойын нысанындағы сабақтарды жіктеу. Оқытудың ойын технологиялары айрықша санқилы болып келеді. Ойынның негізгі сарыны- нәтиже емес үрдіс. Бұл олардың дамытушы маңызын күшейтеді, алайда білім беру әсерін төмендетеді. Әрине, егер бөліп қарамай, жүйелі түрде қарастырған жағдайда ойын сабақтарының білім беру мүмкіндіктері де жоқ емес. Мысалы, деректерді игеру мен қолданудан олардың байланысына қарай( сөз жұмбақ шешуден оларды құрастыруға қарай), сипаттаудан( саяхат сабақтары) түсіндіруге( экскурсия, зерттеу сабақтары) қарай жүруге болады.
Дәстүрден тыс сабақтардың жекелеген пәндер бойынша жіктемелерін дайындау белсенді түрде жүргізілуде.
Н. В. Короткова оқу әрекетінің сан алуан түрлеріне негізделген тарих сабақтары үшін оқу сабақтары нысандарының жаңа жіктемесін ұсынады: Қайта құру сабақтары( өткен немесе қазіргі болып жатқан елес жағдаяттың болуы, рөлдерді бөлу). Талқылау сабақтары( талқылаудың әрқилы түрлерін үлгілейтін жағдаяттың болуы, пікір таласын туғызу, сарапшылардың өткенді қазіргі заман көзқарасымен талдауы). Жарыс сабақтары( бекітілген ережелердің болуы, мазмұн желісі мен рөлдердің болмауы, субъектілік- объектілік қатынастардың алдыңғы қатарда болуы).
Пікірталас әрекеті негізінде:- Семинарлар( жеке жұмыс);- Құрылымдалған пікірсайыстар( топтық жұмыс);- Мәселелік- практикалық пікірсайыстар( сыныптың ұжымдық әрекеті). Зерттеу әрекеті негізінде:- Практикалық сабақтар( сыныптың ұжымдық әрекеті);- Мәселелік зертханалық сабақтар( топтық жұмыс);- Зерттеу сабақтары( жеке жұмыс). Тарихты оқытудың қазіргі заманғы әдістемесінің басыма даму бағыты оқушылардың түрлі сипатты тарихи әдебиет көздерімен белсенді жұмыс істеу нысандары болып табылады.
Кейбір авторлардың пайымдауынша, дәстүрден тыс сабақтардың өмірге келуі оқушылардың жаңа қажеттіліктерінің туындауымен тұспа-тұс келеді. Жариялылыққа ұмтылу " Қоғамдық білім байқауы " және " Пресс-конференция " типті сабақтарда көрініс тапты. Қандай да бір пікірді дәлелдеп шығуға мүмкіндік беретін ойтолдғауға, пікірсайыстарға, таластарға құмарлық- пікірталас сабақтарында. Бастамашылдық, шығармашылық ойшылдыққа әуес адамдардың қажеттігі және олардың көрінуін қамтамасыз ететін шарттардың болу қажеттігі- өнертапқыштық және шығармашылық сабақтарында, шығармашылық көрмелерде және есептерде. Іскерлік әріптестік, шығармашылық бірлестік сабақтарда топтық жұмыс нысандарын қолдану арқылы ұсынылды. Қоғамның адамға, оның ішкі жан-дүниесіне, ұмтылыстарына, қажеттіліктеріне бет бұруы- ақыл- кеңес сабақтарында және дидактикалық ойын сабақтарында, сонымен қатар, сабақ үстінде оқушы психологиясын ескеретін сан қилы тәсілдерді қолдануда.
Әдеттегідей емес сабақты дайындаудың тиімді тәсілдерінің бірі- оны барлық бөлімдерінің өзара бірлесе әрекет етудегі оң және теріс сәттеріне көріп, түсіну үшін " бөлшектерге " бөлу. Алайда, бөлшектеу алдында ненің басты деп қабылданатынын анықтап алған жөн. Осыған байланысты мұғалімнің " бастыны айқындап алу "
39