EURASIAN EDUCATION №5 2015 | Page 40

¹ 5( 5) 2015 Ïåäàãîãèêà
ТЛЕУГАЖИЕВНА
Семей қаласының № 47 орта мектебі оқу ісінің меңгерушісі
38
АЛПИЕВА АЙМАН
САРИНА НАЗИГУЛЬ УРАЗГАЛИЕВНА
Семей қаласының № 47 орта мектебі оқу ісінің меңгерушісі
" Тиімді білім беру "- білімді тек " беріп " қана қоймай, сонымен бірге білімнің арқасында оған құндылық көзқарасын дамыту сабағы. Алайда адамның көптеген құндылыққа деген көзқарасы өзгеріп отырады. Ең алдымен, құндылықтардың өздерінің мағынасы, яғни, оларға деген жеке көзқарас өзгереді. Қазіргі заманғы психологиялық- педогогикалық және әдістемелік әдебиетте " сабақтың дәстүрден тыс нысаны " әлі күнге дейін нақты анықтамаға ие бола алмай, шашыранды ұғым ретінде қалып отыр. Синонимдердің, олардың ішінде " қалыптан тыс сабақ ", " сабақтың дәстүрден тыс технологиялары ", " сабақтың дәстүрден тыс түрі " сияқты атаулардың аса көптігін айта кеткен жөн. Дәстүрден тыс сабақты дәстүрден тыс( бекітілмеген) құрылымы бар, суырып ойдан шығарған дәріс ретінде анықтау кең тараған. Сонымен қатар, дәстүрден тыс сабақ ойластырылуы, ұйымдастырылуы және өткізу әдістемесі бойынша әдеттегіден тыс деп есептеледі. Педагогтардың дәстүрден тыс сабақ туралы пікірлері кереғар. Бірі бұл сабақтардан педагогикалық ойдың өрлеуін, мектепті демократияландырудағы дұрыс қадамды көреді. Екіншісі, керісінше, бұл сабақтарды педагогикалық ұстанымдардың қатерлі бұзылуы, еңбек ете алмайтын және еңбек етуге құлқы жоқ оқушылардың жалқаулығының ықпалымен педагогтардың еріксіз ығысуы деп есептейді. Әдістеме авторлары негізінен дәстүрден тыс сабақтардың кейбір түрлерінің технологиясын сипаттауға көңіл бөледі, яғни, аса маңызды болып табылатын мазмұндық және аспектісін ескермей, ұйымдастыру аспектісіне зейін бөледі. Негізгі екі ұстанымды атап көрсетуге болады( К. Л. Володарская бойынша).
Бірінші ұстаным дәстүрден тыс сабақты аралас сабақтың айқын құрылымынан бас тарту және сан қилы әдістемелік амалдарды байланыстыру деп уағыздайды.
Екінші ұстанымда соңғы кезде жарық көріп, қазіргі заманғы мектепте біртіндеп берік орынға ие болып келе жатқан сабақ түрлері туралы сөз болады.
Дәстүрден тыс- дәстүрден толығымен бас тартқан, өзінің барлық бөлшектері әбден жаңаланған, әдеттегіден мүлде тыс деген ұғымды білдіреді. Бұл педагогикалық мәдениеттің неғұрлым биік деңгейімен айшықталатын педагогикалық шеберліктің әлдеқайда жоғарғы дәрежесі. " әлдеқайда жоғары "- жоғарғы емес " ең үстіндегі "- жоғарғы педагогикалық пилотажды іске асыратын жеке
Мақала қазіргі орта мектеп мұғалімдері қолданып жүрген сабақ түрлерін саралауға арналған. Авторлар " дәстүрлі " және " дәстүрден тыс " сабақ ұғымдарының ара жігін ажыратуды, сонымен қатар дәстүрден тыс сабақтың түрлері мен олардың мақсат-міндеттерін түсіндіруді көздейді.
Статья посвящена классификации современных видов урока, проводимых в средней школе. Авторы статьи разделяют понятия " традиционный " и " нетрадиционный " урок, выделяют виды, цели и задачи нетрадиционного урока.
The article is devoted to the classification of modern types of lessons conducted in high school. The authors divide the concept of " traditional " and " non-traditional " lesson, distinguish types, aims and objectives of non-traditional lesson

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ САБАҚТЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ

тұлғаға бағытталған сабақтар. Осы шыңға барар жолда " әдеттегідей емес сабақ " және " әдеттегіден мүлде тыс сабақ " деген анықтамаларға тоқтала кетелік.
Сабақта не әдеттегідей емес? Ең алдымен, әрбір сабақ бағдарлама талаптары арқылы көзделген жалпы мақсатқа жетуге мүдделі. Ал ол мақсатқа жету әр түрлі құралдар көмегімен іске асады. Тағы бір ортақ сән- бірталай дәстүрлі құрылымға деген біршама " тұрақтылық ". Ол сабақтың ұйымдастыру сәтін, жаңа сабақ түсіндіруді, өткен тақырыптың игерілуін бақылауды қамтитын үйреншікті барысын қайталауы мүмкін немесе әдеттегі кезеңдердің барысы өзгертілген нысанда, ұйымдастырудың өзгертілген тәсілдерін қолданған, ойындық негізінде, т. б. қалыпта болуы мүмкін.
Анағұрлым әдеттегіден тыс болып табылатыны- оның мазмұны мен беру тәсілдері. Осы мазмұнының, әдістері мен нысанының әдеттегіден тыс болуы арқасында сабақ жеке тұлғаның дамуына қажетті үдеу береді. Әрине, әр кезде әр түрлі жағдай болады. Барлығы мұғалімнің ұстанымына байланысты. Алайда, осындай сабақтарда оқыған баланың дамуы жемісті болады. Әлі жеке тұлға емес, бірақ- білім беру үрдісінің мүдделі субъектісі. Бұл неге дейсіз ғой? Оқыту бағдарламасында берілген жалпы мақсат ауқымында әдеттегідей емес сабақтар өз мақсатына жетуді мұрат етеді: оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, соның арқасында оқыту тиімділігін көтеру. Көптеген сабақтар қарастырылатын материал көлемі мен мазмұны жағынан мектеп бағдарламасы ауқымынан жиі шығып кетіп отырады да, оқушылар мен мұғалімдер тарапынан шығармашылық қатынас болуын көздейді. Мұндай сабақ- оқушылар үшін өзге психологиялық күйге көшу, қарым-қатынастың басқаша стилі, жағымды көңіл-күйі, өзін жаңа қалыпта сезіну. Осының бәрі- өзінің шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімнің ролін бағалап, оның практикада қолданылуын көру, әр түрлі ғылымның өзара байланысын түйсіну мүмкіндіктері, бұл- өз бетінше әрекет ете білу және өз еңбегіне мүлдем басқаша көзқарас. Мұғалім үшін әдеттегідей емес сабақ, бір жағынан, оқушыларды жақынырақ біліп, түсіну, олардың жеке ерекшеліктерін бағалау, қарым-қатынас мәселелерін шешу мүмкіндігі. Екінші жағынан, бұл өзін-өзі жүзеге асыру, жұмысқа шығармашылықпен қарау, өз идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігі.