EURASIAN EDUCATION №4 2015 | Page 58

¹ 4( 4) 2015
7. Игі іске арналған бірлескен еңбек; 8. Сипалау, құшақтау; Баланың жатар алдында басынан сипау немесе қайырлы таң тілеп бетінен сүю, құшақтау немесе иығынан мақтау айтып қағу, баланың ата-ананың сүйішпеншілігін сезуіне жеткілікті. Сезімін эмоционалды білдіру Балаға отбасындағы атмосфера өте маңызды. Оған ата-ананың сатып әперген суық компьютері мен планшеті қоршаған ортаның барлық әдемілігін, адамгершілік қатынастағы барлық сезімдер мен эмоцияларды көрсетпейді. Бала ата-анасының бетпердесін, олардың шынайылығы мен сенімдік қатынасын айнытпай қайталайды. Мадақтау сөздер Балаға дер уақытындағы қолдау, құптау өте маңызды. Мақтау, мадақтау естімеген бала сылбыр, ынтасыз болады. Бірақ мадақтаудың да өз орны болуы тиіс. Балаңызды тек жасаған ісі үшін ғана мақтаңыз. Қамқорлық Қамқорлық пен көмек баланың гармониялыөсуіне көп көмегін тигізеді. Ата-аналар баланың денсаулығына, тамағына, киіміне қамқор болуы тиіс, көңіл бөліп, оған маңызды деген жайттарда көмек көрсетіп, қолдау танытуы қажет. Сыйлықтар Ата-аналардың балаларына көп уақыттары бола бермейді. Сондықтан олар өз күнәларын сыйлықтармен жуғылары келеді. Ол сыйлықтардың сондықтан бағасы болмайды. Ойыншықтарды, сыйлықтарды орнымен, мағыналы түрде сыйлау қажет. Сонда ғана ол бала үшін бағалы болмақ. Уақыт Бала үшін ата-анасының оның жанында көп уақыт бірге болуы сүйіспеншіліктің бір белгісі. Егер анасы жұмысбасты болып, баласына көп көңіл бөлмесе, баласы оны өзін жақсы көрмейді деп ойлауы мүмкін. Балаларға көп көңіл бөліңіз, киноға, серуенге көп шығыңыздар. Игі іске арналған бірлескен еңбек. Бала отбасында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысқанды ұнатады. Оған өзі көтере алатын жұмыс тапсырыңыз. Сонда бала өзінің осы үйдің бір бөлшегі екендігін сезінеді. Бір қажетке жарағанына қуана іске кіріседі. Сол арқылы баланың бойында жауапкершілік қабілеті қалыптасады.
Сергіту сәті " Сағат " 12 11 1 10 2 9 3 8 4 7 5
6
Ата-аналарға сағат суреті салынған қағаз беріледі. Сағат сандарының жанына ата-аналар қатысып отырған ата-аналардың аттарын жазады. Содан соң тәрбиешінің нұсқауымен тапсырмаларды орындайды. 1. Қол беріп амандасады.
“ Àæàð " ÿñëè-áàêøàñû,
2. Құшақтайды 3. Арқасынан қағады 4. Жымияды 5. Аяқпен амандасады 6. Мұрнынан тартады 7. Көзін қысады 8. Шапалақ қағады 9. Басынан сипайды 10. Иық қағысады 11. Комплимент айтады 12. Бетінен сүйеді Тәрбиеші: " Ойнай отырып үйренеміз " деп аталады.
Осы ойын түрлеріне мысал келтірейік. Орнына... 1. " Бол тез, сені қашағы күтуге болады " деудің орнына Бұйрықпен: " Старт, дайындал … кеттік!" деңіз. 2. " Тез ішіп-же, әйтпесе тәтті жемейсің " дегеннің орнына, қызықтырып " Тәрелкеңдегі кішкентай ғана котлет жоғалып кеткенде саған дәмді бір тағам ұшып келеді " деңіз. 3. " Артыңды жинап жүр " деген зілді сөздің орнына, армандаған дауыспен
“ Егер сен сиқыршы болсаң мына үстелдің үстіне тәртіп орнатушы едің …" деңіз 4. Ашуменен: " Бөгет жасама!" деудің орнына " Сен барып ойнай тұр. Мен болған соң шағын мейрам жасаймыз " деген абзал. 5. " Еркелік жасамай, мен айтқан футболканы ки. Ал қызыл футболкаң кірде жатыр " дегеннің орнына " Қара сенің қызыл футболкаңның туысқаны бар екен. Қарашы, екеуі қандай ұқсайды. Кел, осыны киейік " деген жөн.
6. " Сен жатасың ба, жоқ па?" деген риторикалық сұрақтың орнына " Көрпені жамылудың бір әдісін көрсетейін бе!" деген орынды. 8. " Мен жоқ деген сөзді естімейтін болайын " деген сөздің орнына көтеріңкі дауыспен: " Қарашы, бізге қырсық келіп қалыпты. Ол біздің көңіл күйімізді бұзбай тұрғанда оны қуып жіберейік, кәне " десеңіз балаңыз өзінің неге бұлданып тұрғанын ұмытып қалатыны сөзсіз.
9." Қанша рет айтуға болады!" деген қатал сөздің орнына құпиялы сыбдырмен " Бір, екі, үш, құпия хабарды жеткізгелі тұрмын. Қалай естіп тұрсыз!" деп құлағына сыбырлаған абзал.
10. " Қолыңды жудың ба?" деген сурақтың орнына " Сенің қолыңнан аққан су қап-қара болатынына бәстесейік пе?" десеңіз, баланы қол жууға дағдыландырасыз.
Күнделікті қалыптасқан зілді мәнердегі сөздерді жаңа сөздермен ауыстырсаңыз барлығы өзгеріп шыға келетініне көз жеткізесіз. Баланың көңіл-күйі, сіздің көңіл күйіңіз, барлығы өзгереді. Тек байқап көрсеңіз болды! Рефлексия " Екі жұлдыз, бір тілек " Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, сіздерге арналған оқыту семинарымыз осымен аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Арамыздағы достық қарым-қатынас үзілмей, жалғасын таба береді деген сенімдеміз.
56