ßñëè-ñàäèê“ Àæàð "
¹ 4( 4) 2015
Мақалада балабақшаға алғаш келген тәрбиеленушінің бейімделу үрдісі баяндалады. Автор баланың бейімделуіне және ата- аналардың жиі кездесетін алғашқы қиындықтарына арналған семинар ұсынған. Сонымен қатар, баламен қарым-қатынасқа түсудің икемді жолдарын ұсынады.
Статья посвящена процессу адаптации ребенка в детском саду. Автор представляет план семинара, посвященный адаптации детей и наиболее часто встречающимся проблемам родителей. Рассматриваются подходящие пути построения отношений с ребенком.
The article focuses on the process of the childs adaptation in kindergarten. The author represents the outline of the seminar, dedicated to the childs adaptation period and most common problems of their parents. Along with this, the author considers appropriate ways of building relationships with the child.
БАЙМОЛЛАЕВА УМИТ САРҚЫТБЕКОВНА
КМҚК № 12 " Ажар " яслибақшасының тәрбиешісі
БАЛАНЫҢ БАЛАБАҚШАДАҒЫ БЕЙІМДЕЛУ КЕЗЕҢІ
( Ата-аналарға арналған оқытатын- дамытатын семинар)
Семинар мақсаты:- Балалардың балабақшадағы бейімделу кезеңі туралы ата-аналарға түсінік беру;
- Бала мен ата-ана арасындағы, ата-ана мен балабақша арасындағы қарым-қатынас деңгейін жоғарылату;
- Ата-аналарға балаларымен қарым-қатынасы туралы ой тастау;- Ата-аналарға тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру. Семинар барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі " Келіңіз, таныс болайық!" а) Психологиялық ахуал ә) Топқа бөлу 2. Мағынаны тану " Балабақшадағы бейімделу кезеңі " а) Жағдаяттық сұрақтар б) Таныстырылым в) Медбике кеңесі 3. Тәжірибелік бөлім а) " Жақсы сөз- жарым ырыс " ә) " Жүректен жүрекке " б) " Ойнай отырып үйренеміз " 4. Рефлексия " Екі жұлдыз, бір тілек " Қатысушылар: ата-аналар, педагогтар Жабдықтар: экран, компьютер, проектор, смайликтер 1. Тәрбиеші:- Құрметті ата-аналар, педагогтар, бүгінгі " Балабақшадағы бейімделу кезеңі " атты семинарымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі семинарды мына Ли Тоубердің сөздеріменмен бастағым келіп отыр: Мен баламның жүрегіне сөзбен жол тапқым келді, бірақ олар құлағының сыртынан өтіп жатты.
Мен баламның жүрегіне кітаппен жол тапқым келді, бірақ ол маған түсінбеген көзбен қарады. Ол ақырында теріс айналып кетті. " Мен баламның жүрегіне қайтсем жол табамын?"- деп айқайладым мен. Ол менің құлағыма ақырын ғана сыбырлады: " Жай ғана мені түсін "- Бүгінгі тақырыбымыз балаға, баланың балабақшадағы бейімделу кезеңіне арналмақ. Қазір сіздерді ортаға, шеңбер құруға шақырғым келіп отыр.( Атааналар ортаға шеңбер жасап тұрады)
- Қазір сіздердің әрқайсысыңызға бір минуттан уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде көршілеріңізге өздеріңіз туралы айтып бересіздер. Уақыт біткен соң бір-біріңіз туралы не білдіңіздер соны ортаға саласыздар.( Бір-бірі туралы әңгімелеп береді)- Енді " Бала-адамның бауыр еті " деген мақалды бөліп айтып шығыңыздар.
( Мақал бойынша үш топқа бөлініп отырады)
І. Жағдаяттық сұрақтар, рөлдік ойындар( ата-аналар жағдаяттан шығу жолдарын көрсетеді және соны рөлмен ойнап шығуы қажет) № 1 жағдай Балаңыз балабақшаға келе жатқан кезде аяқ астынан өзгеріп сала берді. Балабақшаға аз ғана жер қалғанда жүруден бас тартты. Осы жағдайды сіз қалай шешер едіңіз? № 2 жағдай Анасы үш жастағы баланы тісін тазалауға үйретіп жатыр. Әкесі бұған сенімсіздікпен қарап, өзінің бұған бес жастан бастан үйренгенін айтады, баланы бұл жастан тіс тазалату ақымақтық екенін айтады. Осындай екі жақты пікірмен баланы пайдалы әдеттерге үйрету жеңіл бола ма?( керек жабдықтар: тіс щеткасы, орамал, галстук) № 3 жағдай Қыз бала сумен ойнағанды өте жақсы көреді. Ол қолына түскен заттың бәрін су қылады, жуады, гүлге су құяды. Бірақ бұл анасына ұнамайды. Ылғи да су болып жүреді, үйдің ішінің барлығы су. Сонда анасы не істеуі қажет?( керек құралдар: шелек, гүл, қуыршақ, су, лейка) ІІ. Таныстырылым. а) Балабақшадағы баланың бейімделу кезеңдері. Оны жеңу жолдары. б) Медбике кеңесі ІІІ. " Жақсы сөз-жарым ырыс " Тәрбиеші:- Құрметті ата-аналар, семинарымыздың тәжірибелік бөліміне көштік. Бұл бөлімнің бірінші тапсырмасы " Жақсы сөз-жарым ырыс " деп аталады. Екі топ күнделікті балаларымызға айтылып жүрген сөздердің жақсы және жаман жақтарын саралайсыздар. Ал үшінші топ баға береді. Оны " Қызыл лента " стратегиясы бойынша өткізбекшіміз. Әр топтан сөз айтатын ата-ана алдарындағы қызыл жалаушаны көтеріп барып сөз алады. Қай топтың уәжі басым болғанын үшінші- сарапшы топ анықтайды. Өз қызыл жалауларын соларға береді.( Керек жабдықтар: қызыл жалаушалар) Тәрбиеші:- Келесі бөлім " Жүректен жүрекке " деп аталады. Бұнда біз балалардың жүрегіне қалай жол табудың жолдарын қарастырамыз. Бала мен ата-ана арасындағы жақсы көру әр түрлі жолдармен көрінеді екен. Олар: 1. Сипалау, құшақтау; 2. Сезімін эмоционалды білдіру; 3. Мадақтау сөздері; 4. Қамқорлық; 5. Сыйлықтар; 6. Уақыт;
55