EURASIAN EDUCATION №4 2015 | Page 56

¹4 (4) 2015 Сонымен, Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. Интерактивті тақтаны пайдалану сабақтың негізгі тапсырмаларын білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Балалар өтетін тақырыппен жұмыс жасауға әуес, ынталы келеді. Сондықтан да, интерактивті тақтамен жұмыс жасау балалардың белсенділігін “Àæàð" ÿñëè-áàêøàñû , дамытуға әсер етеді, олардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады. Білімді игеру үстінде баланың ақыл-ойын дамытуға, ғылыми білімді игертуге, деректерді есте сақтауға әрбір сабақ үстінде интерактивті тақтаны пайдалану қажет-ақ. Өйткені, берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, балаға қызықты, жалықтырмай игеруге септігін тигізеді. Интерактивті технологияны қолдану арқылы тәрбиеші мен бала арасында екіжақты байланыс орнайды. Бұл байланыс негізінде екеуіне де тиімді. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1. М.Мұқашева Әдебиеттi оқытудың инновациялық технологиясы: [Оқу құралы], Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2002.- 134 бет 2. Нұрпеисова С.А. Интерактивті тақта бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын қалыптастыру құралы ретінде // Ізденіс. - Алматы, 2008. №12. - Б. 225- 228. 3. Тұңғышбаева Ә. Заман талабына сай оқыту әдісі. Білім шапағаты. 54