¹ 4( 4) 2015“ Àæàð " ÿñëè-áàêøàñû,
КМҚК № 12 " Ажар " яслибақшасының тәрбиешісі
52
ЖҰМАБАЕВА БОТАКӨЗ ТИМУРҚЫЗЫ
Автордың мақаласы интерактивті оқыту технологиясын балабақшада қолдануға арналады. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мектепке дейінгі жастағы баланың дағдыларын артттырудың тиімді жолдары ұсынылады. Автор балабақшада интерактивті сабақты жүргізудің артықшылықтарына тоқталған. Мақала педагогикалық мамандықтағы студенттерге, мектеп және балабақша қызметкерлеріне пайдалы.
Статья посвящена использованию интерактивных методов обучения в детских садах. Автор предлагает эффективные пути развития навыков детей дошкольного возраста и останавливается на преимуществах ведения интерактивных уроков. Статья будет интересна студентам педагогической специальности, а также учителям школ и воспитателям в детских садах
The article is devoted to the use of interactive teaching methods in kindergartens. The author offers effective ways of developing skills of preschool children and stops at the benefits of doing interactive lessons. The article will be interesting to students of pedagogical specialty, as well as school teachers and kindergarten teachers.
ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАЛАБАҚШАДА ҚОЛДАНУ
Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы- мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс- тәсілмен берілетін тәлім- тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан- жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті, мағынасына өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға Қазақстандық білім беру реформасын ең басты мақсаттарының бірі иновациялық технологияларға сүйене отырып, бүлдіршін бойына танымдық қасиетін қалыптастыру, шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. " Интерактивті оқыту " 1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болған. " Интерактив " деген сөз ағылшынның " interact "(" inter "- " өзара ", " act "- " әрекет ету ") деген сөзінен шыққан. Яғни, интеракция- жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интерактивті оқыту- бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. [ 1; 225 ] М. М. Мұқашеваның педагогикалық тұрғыдан берген анықтамасында " Интерактивтілік- бұл дидактикалық құралдардың( орта, мазмұн, оқу құралдары, іс- әрекет) әрбір субъектінің өз нәтижесі үшін рөлдік жауапкершілікте болуын қамтамасыз ететін және қарымқатынас кезінде субъектілер арасында " Полидиалог ", өзара әрекет, өзара түзутелер, қатынастар орнатуды көздейтін іс-әрекетті ұйымдастыра білу қабілеті " делінген. [ 2; 15 ] Интерактивті әдіспен өткен сабақта, балалардың белсенділігін артып, өз бетінше жұмыс істеу қабілеті, монологты, диалогты сөйлеу іскерліктері артады. [ 3 ] Ж. Аймауытовтың: " Баланың ынтасын арттыру үшін, оқытатын нәрседе бір жаңалық болу керек " деп айтқанын ескерсек, іс-әрекеттердің қозғаушы күші, қызығушылықты тудыратын-компьютердің, элетронды оқулықтың, интерактивті тақтаның ролі балалар үшін ерекше екені белгілі.[ 3 ]
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ
" Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында "
( Н. Ә. Назарбаев)
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірімультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді. Бала бақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.
Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсаты- баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу ісәрекеттерге белсенді қатысуына, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқытуда балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға араналған пайдаланатын компьютерлік құралдар бар: олар қөру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлау т. б. Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда оқуға, жаңа білім алуға деген құштарлық туғызады. Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы( түс, графика, дыбыс, замануи видеотехникалық