EURASIAN EDUCATION №4 2015 | Page 53

ßñëè-ñàäèê “Àæàð" аналардың қатысы қандай түрде болмасын қолдау табады: олар тәрбиешіге ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде көмектесуі мүмкін; ата-аналар алқасы салмақты шешімдер қабылдауға белсенді қатысады; олар балаларының жақсы жақтары мен көмек қажет ететін әлсіз жақтары туралы мәліметтер бере алады. Балабақша мен отбасының байланысы тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара құрметі мен сеніміне және әріптестік қарым-қатынас орнату үшін бірлесе күш жұмсауында. "Тәй-тәй" технологиясы бойынша жұмыстануда тәрбиешінің қызметі "Тәй-тәй" технологиясымен жұмыс істейтін топтардағы тәрбиешілер мәлімет беруші емес, бағыттап, танымдық процесті жеңілдетеді. Ол біліктілікті ынталандырып, оқуға деген жауапкершілікті бөліседі; ол топтағы ортаның қауіпсіздігін жоспарлайды. Тәрбиеші балаларды түрлі материалдармен қамтамасыз етеді және қоршаған ортамен шектеусіз қарым-қатынас жасауға қолайлы жағдай туғызады. Тәрбиеші балаларға ашық сұрақтар қою арқылы балалардың зерттеу мен жаңа мәліметтерді игеруіне көмектеседі. Ашық сұрақтарға бірнеше жуық жауаптар берілуі мүмкін. Олар сонымен қатар баланың ойлау жүйесін түсінуге мүмкіндік береді. Сұрақ-жауап ойлауды ғана емес, баланың тілін де дамытады. Тәрбиеші балалармен бірге ойнайды, әңгімелеседі. Ол балалардың білсем деген ынтасын бөлісіп, олар ұйымдастырған заттың бәріне қызығушылық танытады. "Тәй-тәй" технологиясы арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде бал аға өз бетімен жұмыстануға жағдай туғызады. Балалар да өздерінің мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сай жұмыс түрін таңдау арқылы жекешелендіруді жүзеге асырады. Қызықты, әрі икемделген жұмыс түрлерін (тапсырмаларды) жоспарлап, әр баланың қалай орындағанын немесе ойнағанын бақылай отырып, тәрбиеші материалдар мен тапсырмаларды ауыстыруы, не жеке балаға бейімдеп өзгертуі мүмкін. Әр баламен жеке жұмыс жасау үшін топтық жұмыстарды шағын топтарда өткізу тиімді. Осындай көзқараспен оқыту баланың өз деңгейінде өсуі мен дамуына игі әсер етеді. Дамыту орталары заттар мен ойыншықтарды балалардың еркін қолдана алуын, тілінің, танымдық, эстетикалық дамуын, баланың ізденімпаздық қабілетінің дамуын, технологиясымен жұмыс жасайтын топтардағы ахуалдың өзі балаға өз бетімен таңдау жасауға мүмкіндік беруін қамтамасыз етуі керек. Оқу іс - әрекеттеріне қолайлы көркем әдебиет, құм және су, ғылым, өнер, ойын орталықтары жұмыс жасайды. Көркем әдебиет орталығында балалардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін дамыту. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру жасына лайықты көркем әдебиет шығармаларын оқып беріп, оқылған шығарма мазмұнын әңгімелетуге, мақал-мәтел оқу, жұмбақ жасыру арқылы балалардың тілін ширатып,көркем сөз өнерін сүйе білуге баулып,адамгершілік сапалары игертіледі.Мазмұнды суреттер арқылы жүйелі сөйлеп құрап,сөйлеуге үйретіледі. Құм мен су орталығында сезім қабілеттері дамиды,кеңістік және көлемдік өлшеу түсініктері қалыптасады, ірі және майда қозғалыстары жетіледі. Ғылым орталығында Баланың табиғатқа деген сүйіспеншілік,қамқорлық қарым-қатынасын қалыптас- тыру мақсаты көзделеді. Жануарлар дүниесі мен өсімдіктердің құпия сырларына деген қызығушылығы әртүрлі зерттеу, іс-тәжірибе жүргізу, бақылау жұмыстары арқылы артады. Байқау және ажырату ¹4 (4) 2015 қабілеттерін дамыту. Әр түрлі эксперименттер жасау және зерттеу жұмыстарымен айналысу арқылы түсініктерін дамыту Ойын орталығында желілі-рольдермен танысуға мүмкіндік беріліп,әлеуметтік дамуы мен қатар қарым- қатынас ептіліктері де ойын үстінде дамиды. Әр түрлі рольдермен танысуға мүмкіндік туғызу. Әлеуметтік қарым-қатынастарды дамыту. Қолдың ірі және майда қимылдарын жетілдіру. Орталықтардағы жинақталған материалдар балалардың белсенділігін ынталандырады, олардың барлық бес сезімін ашып, қолдануға итермелейді. Тәжірибе жасап, зерттеп, жаңалықтар аша отырып, балалар өз "болжамдарының" дұрыстығын тексереді, білімді өзіндік жеке тәсілмен игереді. Дәл осындай әдіспен балалар мәселе қойып, оны шешуге, сын тұрғысынан ойлауға, таңдау жасауға және түсініктер қалыптастыруға үйренеді. Еш уақытта кіші жастағы балаларды өздерін қызықтырмайтын тапсырмаларды орындатуға, тақырыптарды оқып үйренуге мәжбүрлеуге болмайды. Топтың ішкі көрінісі балаға орталықтар мен материалдарды таңдауға мол мүмкіндік беретіндей жағдайда ұйымдастырылуы тиіс. Топта балалармен өткізілетін әртүрлі ұйымдас- тырылған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, тәрбиеші барлық үйде болатын, әдетте тасталатын алуан түрлі материалдарды қолдануы мүмкін. Әрбір тәрбиеші белгілі бір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қажетті материалдардан "тілек" тізімін жасап, оны жинауға ата- аналар мен балаларды қатыстыруы керек. Бұл тізімді ата-аналарға арналған хабарландыру тақтасына, немесе жеке жазып беруге болады. Материалдар төмендегідей болуы мүмкін: - табиғи - тастар, тұқымд ар, жапырақтар, таяқшалар, қабықтар; - тұрмыстық - түрлі ыдыстар, пластикалық бөтелкелер, банкалар, тамаққа қосылатын бояулар, ағаш және темір қалдықтар, әжетхана қағазы, газеттер, пенопластар, картон қораптар, бөтелке қақпақтары, шегелер, шуруптар, мата қиықтары, азық-түлік қораптары, қаптайтын материалдар, журналдар, календарлар, үй бұйымдарының сынықтары. - жұмыстан немесе дүкеннен әкелінген материалдар - еденге төсегіштің қалдықтары, оқшауланған сымдар, ағаш сынықтары, ағаш үгінділері, пайдаланылған принтерге арналған қағаздар, қажетсіз деп тасталған әртүрлі заттар. Барлық жиналған материалдарды жүйелеп жазып, реттеп, қажет уақытында алуға ыңғайлы жерге сақтау керек. "Денсаулық", "Қатынас", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеуметтік орта" бес білім салаларына байланысты балалардың жас ерекшелік- теріне сай ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті педагог- тәрбиешінің шығармашылық ізденісі арқылы, педагогик алық үрдісті ұйымдастыруда педагогтар жаңашыл тәсілдерді пайдалануы жақсы нәтижелер көрсетуде. Құрылыс орталығының мақсаты сезім ойлау қабілеттерін әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын, ептіліктерін дамыту. Бүгінде балабақша жалпыға міндетті үш қадам бойынша жұмыс жасап келеді. Осы жылдан бастап "Тәй-Тәй" технологиясы енгізіліп, ондағы орталықтар бойынша балалар зерттеу бағытында, еркін ойнауға, өз ойын ашық білдіруге мүмкіндіктері бар. Жалпы алғанда "Тәй-Тәй" бағдарламасы баланы жан-жақты дамыту және ата-анамен тығыз байланыс орнату секілді екі бағытта жұмыс жасайды. Ең негізгісі ата- аналардың оқыту процесіне еркін қатысуларына жағдай жасалуда. 51