EURASIAN EDUCATION №4 2015 | Page 52

¹ 4( 4) 2015
“ Àæàð " ÿñëè-áàêøàñû,
Мақалада автор М. Мантессоридің технологиясының тиімді тұстарын қарастырған. Ата-ана, бала және педагог арасындағы ортақ мақсатты баяндайды. Баланың жетілуі мен дамуына қажетті негізгі құралдардың ерекшеліктеріне тоқталады.
Автор рассматривает преимущества использования технологий М. Мантессори, а также устанавливает общую цель между педагогом, родителями и ребенком. Особое внимание автор уделяет особенностям развития учащихся.
The author considers advantages of using M. Montessori technologies, and also establishes a common goal between the teacher, parents and the child. The author pays special attention to the attention of pupils ' development.
СУЛЕЙМЕНОВА АЛМАГУЛЬ СОЛТАНБЕКОВНА
КМҚК № 12 " Ажар " яслибақшасының тәрбиешісі
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАҒЫ ОҚУ- ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ " ТӘЙ-ТӘЙ " ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа Жолдауында " Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым- қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек "- деп айтылған.
Жас ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен міндетті шешуге мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің орны ерекше. Олар өмір есігін жаңа ғана ашқан жас буындар денесінің, ақыл- ойының, сана- сезімінің дамуына, адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық талғамның қалыптасуына жағдай жасайды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсатты қоғам талабынан туады. Өйткені елімізге Отанын сүйетін, білімді, моральдық бейнесі жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген адамдар қажет.
Даму ортасының негізінде тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемесі, баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт.
- Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;
- Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету;
- Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру;
- Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым- қатынасты орнату;- Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау; Мұндай педагогикалық технологиялардың жан- жақты тараған түрінің бірі " Тәй-тәй " технологиясы. " Тәй-тәй " технологиясының негізін қалаушы М. Мантессори. Мантессори педагогикасының негізі-арнайы орта құрып, онда баланың өзін-өзі дамытуына ықпал жасау. М Мантессори: " Баланың өзіп жетілуі үшін не қажет?"- деген сұрақ қойып, оның қажеттілігі, өзіне қызмет етуге, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс болып табылатынын өзі ашқан мектептерде дәлелдеп берген. Сондықтан баланы өмірге бейімдеу дамытушылық ортада жүзеге асады. Дамытушылық ортасы дегеніміз-балалардың
қызығушылығын туғызатын алуан түрлі, тартымды материалдар ашық қолжетімділікте болатын, педагог жасаған зат-кеңістік ортасы; ондағы балаларды оқыту және тәрбиелеу жағдайы әрбір балаға өзіні жеке қарқынмен дамуға мүмкіндік береді. Мантессори материалдары дегеніміз-балалардың өздігімен жұмыс істеуіне арнап жасалған және қатені бақылауға мүмкіндік беретін оқу құралдары. Яғни Мантессори тобындағы жетекшінің атқаратын қызметі-белгілі бір іс-әрекетті баланың өзінің орындап шығуына көмек беру. Біздің " Ажар " мектепке дейінгі ұйымында " Тәй-тәй " технологиясы мен әдістемелерді оқу-тәрбие үрдісінде қолдануда тиімділігін байқадық. " Тәй-тәй " технологиясының негізгі мақсаты әр баланың жеке қабылдауы мен даму кезеңдерін есепке ала отырып білім беру.
Технологияның балаларға іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігіне, зерттеу ісімен шұғылдануына, іскер және тапқыр болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар оқутәрбие үдерісіне отбасы белсенді қатысады. Ата-аналар жалпы ашық есік күндері өнер орталықтарында әр бағыттағы өнерді қабылдауын дамыту мақсатында( мүсіндеу, жапсыру, сурет) ата- аналар тәрбиешілерге көмектеседі. Сезім мен өнерді түсінуге тәрбиелеу. Өнермен шұғылдануға қажетті құралдарға жауапкершілікпен қарауға үйрету. Ақыл ой қабілеттерін дамыту майда қимыл қозғалыстардың нақтылығын дамыту өзіндік шығармашылық қасиеттері арқылы( жапсыру, мүсіндеу, сурет салу) өткізілген әртүрлі тақырыпқа сай табиғи материалдардан заттық мазмұнды және сәндік сурет салу, немесе сәндік бұйымдар жасауға жетекшілік етеді. Алдын ала дайындық жұмыстар жүргізіліп табиғи материал қалдықтарын жинауға көмектеседі. Атааналарға түсінік жұмыстары жүргізіледі. Өнер орталығында балалардың қабылдауын, көрнекі-бейнелі ойлауын, зейінін дамытуға, дербестігімен жауапкершілігін қалыптастыру, ұсақ саусақ қозғалыстарын, ептіліктерін дамыту арқылы еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді. Алтын күз атты тәрбиелік шарада ата-ана мен балалар бірлесе күзгі өнім әртүрлі көкөністерден бұйымдар жасады. Балабақшадағы балалардан коммуникативтік тілдік құзіреттілікті меңгерген, ана тілі мен ұлтаралық тілді меңгеруге мүмкіндігі бар, ересектермен және құрдастарымен еркін қатынас жасайтын мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыруда ата-анамен тәрбиешілердің бірлесе жұмыстануының маңызы зор. Сондықтан, " Тәй-тәй " технологиясы бойынша атааналар берілген білімді үйде бекітіп, толықтыруға көмектеседі; тәрбиешілер балалардың үйдегі үйренгенін оқу бағдарламасын игертуге пайдаланады. Мұнда ата-
50