¹ 4( 4) 2015
Ойынның шарты: Тәрбиеші " Көгалды " ойынын ұсынады. Мақсатты түрде балалардан сұрайды, көгал дегеніміз не? Онда не өседі? Нелер, кімдер өмір сүреді? т. б. балалар үй жануарларын біле ма? Солардың қайсысы көгалда жүреді? Балалар жапсыру арқылы " Шөп " жасайды. Тәрбиеші балаларға көгалда жүретін
“ Àæàð " ÿñëè-áàêøàñû,
жануарларды орналастыру. Бірақ, балалар жануарларды көгалға орналастыру бір шартпен ғана жүзеге асады, телефон арқылы. Балалар барлық жануарларды орналастырып болғанда тәрбиеші балалардан " бұл жануар саған көгалда орналастыруын сұрады ма " деп сұрайды.
" Қарлығаш " ортаңғы тобына жүргізілген бұл ойынның жетістігі жақсы болды. Балалардың тілдік қорлары байыды, сұраққа жауаптары толық әрі нақты бола бастады. " Менің демалысым " атты дүйсенбілік сұраққа бәрі толық, қызықты қылып жауап беруге талпынады. Ұлттық ойындар халқымыздың өз ұрпағын ойынсауықтарда бәсекеге түсіп, жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.
Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы-балалар ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында. Мысалы " Асық " ойыны. Мақсаты: Балаларды дәлдікке, тез шешім қабылдауға үйрену, қолын икемділікке үйренуі, тепе- теңдікке үйретеді.
Ойынның шарты: Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы балалардың жас мөлшеріне қарай белгіленеді. Сонда 1-1,20 см немесе 1,5 метрге дейін болады. Мұны " көн " деп атайды. Сонда ойнаушылардың өзара келісімі бойынша көннен 4-5 м. не одан да көп мөлшерде асық ататын орын белгіленеді. Оны сызықпен белгілейді. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады. Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады. Ойыншы асыққа дәл тигізіп, оны көнбе сызығынан шығарса, оны алады да, сақасы түскен жерден қайта атады. Сөйтіп көннен шығарғандарын ала береді. Егер оның сақасы көндегі асыққа тимей кетсе, асықты келесі
ойыншы атады. Ал тігілген асықтарды бұзып, бірақ көннен шығара алмаса, қалған ойыншылар асықтарды сол жатқан қалыбында атып, көннен шығарып алуға тиіс. Ойын көндегі асықтар бойынша біткенше ойнала береді. Көндегі асық біткен соң, ойынға қатынасушылар бірбірден көнге қайта асық тігіп, ойын қайта басталып, жалғаса береді.
" Бес тас " ойыны Бестас ойыны 5 адам топ құрап ойнайды. Ойынға қойдың құмалағынан үлкендеу 5 домалақ тас немесе асық пайдаланылады.
Ойының шарты: Ойнаушылар ең алдымен, кім-кімнен кейін ойнайтынын өздері анықтайды. Ол үшін ойыншылар кезекпен бес тасты тобымен 4 рет жоғары лақтырып, қолдың сыртымен тосып алады да, алақанмен қаршып ұстайды. Қаршып ұстау дегеніміз- тасты қолды еңкейте жоғарыдан төмен қарай қағып алу. Лақтырылған бес тасты қолдың сыртымен тосып алу және қаршып алу кезінде бірнеше тас жерге түсіп кетуі мүмкін. Кім көп тас қаршып алса, сол бірінші ойнау кезегіне ие болады.
Бірінші кезек алған ойыншы бестас ойынының шартын бұзып алғанға дейін ойнайды. Одан кейін екінші кезектегі, ол тоқтаған соң, үшінші кезектегі ойыншы ойнайды. Ойын осылай жалғаса береді. Тастарды қаршып қағып алу кезінде басқа тастарды қозғалтуға болмайды және қақпа тасты түсіріп алмауы керек. Ойыншы ойынның шартын бұзғанға дейін ойнай береді. Тек ойынның шарты бұзылған жағдайда ғана келесі ойыншы кезек алады. Ал келесі кезек келгенде ойнаушылардың қай-қайсысы болсын, ойынды өзінің бұрынғы тоқтаған жерінен жалғастырады. Ойын мынадай жүйелермен орындалады: Бірлік. Бес тасты жерге иіріп тастаған соң, біреуін қақпатас етіп жоғары лақтыра отырып қалғанын бірбірлеп қағып алады.
Екілік. Тастарды жерге иіріп тастап, жердегі төрт тасты екі-екіден қағып алады.
Үштік. Үш тасты бірге, бір тасты жеке қағып алады. Төрттік. Мұнда алақандағы бес тастың ішінен қақпатас етіп жоғары лақтырып, ол қайта түскенше төрт тасты жерге қойып үлгереді де, тағы лақтырып, жердегі тастың төртеуін қайта жинап алып қақпатасты қағып алады. Жалақ. Ойында үш немесе бес жалақ болады. Қақпатасты жоғары биіктікте лақтырып жіберіп, сұқ саусақпен жерді үш немесе бес рет " жалатып " үлгеру керек. Үш рет жалау немесе бір рет жалау ойыншылардың өзара келісулері бойынша белгіленеді.
Алақан. Қақпатасты лақтыра отырып,
48