ßñëè-ñàäèê“ Àæàð " ¹ 4( 4) 2015
Қолданылатын материалдар |
№ 1,2,3,4,7,8,9,10, J1 |
Қатысушылар жасы |
3 жастан бастап |
Қатысушылар саны |
3 және оданда көп |
Біріккен білім беру салаларын қамтиды. |
« Қоғамдық қатынасты дамыту », « Тіл дамыту » |
Ойынның шарты: қапқа аталған заттар салынады. Балалар оны қолмен ұстау арқылы оның қандай зат екенін айтады.
" Қарлығаш " ортаңғы тобының балаларына " Сиқырлы қап " ойынын ойнату арқылы балалардың сипап- сезуі дамыды, тілдік қорлары кеңейді. Заттарды бір- бірінен ажырата білулері арта түсті.
Д. Б. Эльконин бойынша мектепке дейінгі балаладың танымдық үрдістердің дамуына келсек, олардың оқу ісіндегі қабылдауы- формамен түстерді тану және атауға келіп тіреледі. Мысалы, түрлі түсті құмыра салу үшін, олар форма, көлем жағынан әртүрлі болып келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардаң қабылдауында төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде де болса құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды. Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын, олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады. Мұндай қабылдауда белсенділік жағы аз болады. Жасы өсе келе балалардың қабылдау саласындағы қателер азая бастайды. Бала заттың негізгі белгілерін байқай алатын болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді, оның мәніне ішкі, сыртқы құрылысына, жасалу принципіне зер сала бастайды. Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің көрінуімен ұштасады. Байқау- белсенді ой-әрекетінің балада дамып келе жатқандығының көрінісі. " Космос " ойыны. Мақсаты: қоршаған ортадағы заттарды қабылдауын қалыптастыру, айналасындағы болған жайттарды айтып беруді үйренеді. Құрдастарымен тіл табыса білу, қиялын, өзіндік шығармашылық әрекетін іске асырады.
Қолданылатын материалдар |
№ 7; 8; 9; 10; 12 |
Қатысушылар жасы |
4 жастан бастап |
Қатысушылар саны |
2 және одан көп |
Білім беру салаларымен бірігуі |
« Көркемдік – эстетикалық даму » |
Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға " Космос " ойынын ұсынады. Мақсатты түрде балалардан космос туралы не білесіңдер деп сұралады. Балалар жапсыру арқылы " Ракета " жасайды. Тәрбиешілер балаларға космосты елестете отырып ұшуды ұсынады. Сол үшін балалар әр түрлі ғарыштық заттарды жасайды.( жұлдыз, метеориты, ғарыш, комета, т. б) Қағаздан жапсырған ракеталарымен балалар ұшады. Алдымен тәрбиеші ғарышқа саяхат жасайды, содан кейін балаларға жасатады. Аталған топтың балалары ойынды бар ынталарымен ойнайды. Сонымен қатар жапсыру оқу іс- әрекетінде белсенділіктері артты. Жапсыра отырып ұқыптылыққа, тазалыққа үйренеді.
Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары. Оларды бір- бірінен ажырата білуге, оның сипатын атай білуі тиіс.
" Көгалда " ойыны.
Мақсаты: табиғат әлемін әр жағынан көрсете білу. Ойлау қабілетінің кеңеюі, Құрдастарымен тіл табыса білу, қиялын, өзіндік шығармашылық әрекетін іске асырады.
Қолданылатын материалдар |
№ 7; 8; 9; 10; |
Қатысушылар жасы |
4 жастан бастап |
Қатысушылар саны |
2 және одан көп |
Білім беру салаларымен бірігуі |
« Әлеуметтік |
– |
қатынас |
дамыту », |
« Көркемдік – эстетикалық даму », « Тіл |
дамыту » |
47