¹ 4( 4) 2015“ Àæàð " ÿñëè-áàêøàñû,
ТАЛАСБАЕВА ҚЫМБАТ КАУКЕНОВНА
КМҚК № 12 " Ажар " яслибақшасының тәрбиешісі
46
Мақалада мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеумен оқытуда ойын технологияларының әсері баяндалады. Баланың жетілуіндегі ойын технологиясының рөлі жан-жақты қарастырылады. Мақалада ойын технологиясын өткізудің мәнімен баланың дағдыларының қалыптасуына қаншалықты әсері жазылған. Сонымен қатар, автор ойын тапсырмаларының түрлері берген.
В статье описывается влияние игровых технологий в процессе обучения и воспитания детей дошкольного возраста. Всесторонне рассматривается роль игровых технологий в развитии ребенка. Также автор уделяет внимание значению использования игровых технологий в формировании способностей ребенка и приводит виды заданий.
The article reports the effect game technologies on the education and learning process of the pre-school children. It was written about the role of the game technology in development of early child. Also, was said that what kind of importance of gaming technology to the formation of skills of child. Inaddition, authorgivestypesofthegameassignments.
" МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ТАНЫМ ҮРДІСІН ДАМЫТУ "
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың " Қазақстан-2030 " Қазақстан халқына арналған Жолдауында " біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, азат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады " деп көрсетілгеніндей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш-білім нәрі.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты- тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы
өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы: 1. Зердесін дамыту; 2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту; 3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту; 4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту; 5. Танымдық үрдісін дамыту; 6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту; 7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту;
Ф. Фребель бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.
Балалардың ойлауын дамытуда оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін тәрбиеші тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады.
Таным әрекетінің бірі- қабылдау. Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс.
Осы орайда Ф. Фребельдің " Сиқырлы қап " ойынының мәні зор. Ол ойынның мақсаты: сенсорикалық дағдысын дамыту, танымдық қабілетін арттыру, ойлау қабілетін арттыру, қиялының, ойлауының, назар аударушылықтың, есте сақтауды ойын арқылы дамытады.