EURASIAN EDUCATION №4 2015 | Page 44

¹ 4( 4) 2015
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойынтапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды( заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: " Дәл осындайды тауып ал ", " Салыстыр да, атын ата ", " Қай ағаштың жапырағы ", " Бірдей ойыншықты тап ", " Қайсысы көп, қайсысы аз ", т. б. Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: " Суретті құрастыр ", " Қандай затқа ұқсайды?", " Қай сурет тығылды?", " Бір сөзбен ата ", " Кім байқағыш ", " Қиылған суреттер ", " Ұқсасын тап ", " 4-ші не артық?", " Есіңде сақта ". Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: " Сөз ойла ", " Сөз құра ", " Жұмбақ ойла ", " Жақсы-жаман ", " Жалғастыр ", " Үш сөз ата ". Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, " Пішіндер көрмесі ", " Өрнекті есіңде сақта ", " Қиын жолдар ", " Суретті жалғастыр ", " Биші адамдар ", " Көңілді таяқшалар " тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты
“ Àæàð " ÿñëè-áàêøàñû,
үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем. Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады. Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы, " Моншақ ". Қызыл-сары көк моншақ. Мен жасаймын көп моншақ. Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді. Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1." Тәрбиелей, оқытайық "- республикалық педагогикалық журнал " Бала мен балабақша ". 2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру. 3. Мектепке дейінгі педагогика. " Мектеп ", 2006 4. " Өзін-өзі тану " пәні бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты. Алматы: " Бөбек " ҰҒПББСО, 2006. 5. " Ойын өмір айнасы " Алматы 2001. 6. Мектепке дейінгі білім 2007 ж.
42