EURASIAN EDUCATION №4 2015 | Page 43

ßñëè-ñàäèê “ Àæàð "
ойынға қызықтыра отырып зейінін , қиялын дамытады . Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен , өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды . Әр бала өз жетістігіне қуанып , мәз болады . Сондықтан да ойынтапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн . Тәрбиеші балалармен ойынды ( заттармен , үстел үсті және сөздік ойын ) үш түрлі етіп өткізуіне болады . Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды , табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді . Мысалы : " Дәл осындайды тауып ал ", " Салыстыр да , атын ата ", " Қай ағаштың жапырағы ", " Бірдей ойыншықты тап ", " Қайсысы көп , қайсысы аз ", т . б . Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино , лото , суреттер қолданылады . Мысалы : " Суретті құрастыр ", " Қандай затқа ұқсайды ?", " Қай сурет тығылды ?", " Бір сөзбен ата ", " Кім байқағыш ", " Қиылған суреттер ", " Ұқсасын тап ", " 4-ші не артық ?", " Есіңде сақта ". Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге , дұрыс жауап айтуға , сөз мағынасын түсінуге , орынды сөйлеуге үйренеді . Мысалы : " Сөз ойла ", " Сөз құра ", " Жұмбақ ойла ", " Жақсы-жаман ", " Жалғастыр ", " Үш сөз ата ". Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар , " Пішіндер көрмесі ", " Өрнекті есіңде сақта ", " Қиын жолдар ", " Суретті жалғастыр ", " Биші адамдар ", " Көңілді таяқшалар " тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді . Бұл аталған жаттығу , тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып , таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады .
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік , ойынды өткізу , ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды . Ойынға қажетті құрал , заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады . Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады . Ойынды талдау , бұл ойынның өз мақсатына жетуі , балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады . Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды , тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді . Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып , ауызша сөйлеу машығын игереді , таным белсенділіктері қалыптаса түсіп , ақыл-ойы өсіп жетіледі , әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді . Міне , сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем . Сонымен , баланың сөздік қорын дамытумен қатар , тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады . Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады . Бала саусағын ойната отырып , тілін дамыту Саусақ ойыны-бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан , әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық . Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлеңтақпақ шумағын сахналау болып табылады . Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы , қабілеті дамып , ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады . Саусақ ойынын ойнай отырып , балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды , жан-жануарларды , құстарды және ағаштарды бейнелей алады . Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады , шаттанады , сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып , есінде сақтайтын болады . Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып , оң , сол , жоғары , төмен т . б . түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді . Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары , соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды . Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан , бала қолының ептілігін толық жетілдіру , түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды .
¹ 4 ( 4 ) 2015
Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі , көңілді түрде ұйымдастыруға болады . Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі , әр қимылы көрсетіледі . Мысалы : " Саусақтар сәлемдеседі " ойынын алайық . Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі . " Адамдар келеді ". Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады . Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген " қуырмаш " ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған . Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып , өлең шумағын қызыға айтады . Мысалы , " Моншақ ". Қызыл-сары көк моншақ . Мен жасаймын көп моншақ . Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып , моншақ тәрізді бейнелейді , әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет , әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді . Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге , олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды . Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту , сөздік қорларын дамыту , ауызша сөйлеуге үйрете отырып , үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану , әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген .
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді . Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып , оларды айналасындағы заттармен таныстырып , атын атай білуге , қасиеті мен сапасын , түртүсі және пішінін ажырата білуге , өмірдегі , қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым , түсініктерін дамыта отырып , белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз . Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің : - балалардың сөздік қорларын дамыту ; - жаңа сөздерді меңгерту ; - үйренген сөздерін тиянақтап , анықтап , әрі байытып отыру басты міндет саналады . Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс . Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын , тапсырма , жаттығулардың орны ерекше . Соның ішінде ойын - баланың шын тіршілігі . Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып , таңдап алады . Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды . Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп , таным белсенділігінің дамуына жол ашады . Қай бала болмасын ойынмен өседі , өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты . Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз . Ол өзін еркін ұстайды . Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы , бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы . Баланың білуге деген құштарлығы , сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады . Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады . Тәрбиеші бақылау , заттарды қарау , сурет қарау , жұмбақ шешу және құрастыру , саяхат , ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады . Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық , дамытушы ойындарды , тапсырмаларды қолдану , балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға , оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді . Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді . Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып , балаларды ойнай білуге , ойын ережесін сақтауға , әрі оларды ойната отырып , ойлануға бағыттайды , заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады , ойынға қызықтыра отырып зейінін , қиялын дамытады .
41