EURASIAN EDUCATION №4 2015 | Page 42

¹ 4( 4) 2015
“ Àæàð " ÿñëè-áàêøàñû,
Мақалада мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеумен оқытудағы ойын технологияларының әсері баяндалады. Баланың жетілуінде ойын технологиясының рөлі жан-жақты қарастырылады. Мақалада ойын технологиясын өткізудің баланың дағдыларының қалыптасуына қаншалықты әсер ететіндігі жазылған. Сонымен қатар, автор ойын тапсырмаларының түрлерін берген.
В статье описывается влияние игровых технологий в процессе обучения и воспитания детей дошкольного возраста. Всесторонне рассматривается роль игровых технологий в развитии ребенка. Также автор уделяет внимание значению использования игровых технологий в формировании способностей ребенка и приводит виды заданий.
АУКЕНОВА АҚҚАЙША АЙТЫКЕНОВНА
КМҚК № 12 " Ажар " яслибақшасының тәрбиешісі
The article reports the effect game technologies on the education and learning process of the pre-school children. It was written about the role of the game technology in development of early child. Also, was said that what kind of importance of gaming technology to the formation of skills of child. Inaddition, authorgivestypesofthegameassignments.

" ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ "

Ойын- бұл баланың рухани дүниесіне оны қоршаған ортасы туралы ұғымдардың және түсініктердің жандандыратын ағыны енетін үлкен жарық терезе сияқты ", деп Сухомлинский В. А. жазған болатын. Қазіргі заманда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жағдайы жаңаруда және дамуда. Жаңа Мемлекеттік стандарт мектепке дейінгі білім беру қызметінің негізі болып базистік оқу жоспары анықтайтынын педагогтың ісәрекеті емес, бала- педагогикалық процестің субъекті ретінде болатынын көрсетеді. Біртіндеп қиындап отырған ойын іс-әрекетінің міндеттері балаға алға жүруді, өз шығармашылық қасиеттерін дамытып, өздігінен жетілуге мүмкіндік береді. Ал ойын- сауық, демалыс ретінде бола тұрып, оқытуға, шығармашылыққа, адам қарымқатынастарының өмірдің әр-түрлі салаларында көрінудің, оларды модельдеуіне айналуға мүмкін. Еркін сюжетті-рөлді ойын- мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең қызықты іс-әрекет. Оның тартымдылығы- ойнай отырып, бала субъективті еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап болып, қиынға түсетіндердің барлығы- заттардың, әрекеттер және қарым-қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдебиетте балабақшадағы балалардың ойын іс-әрекеті тиісті деңгейіне жете алмайтыны туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын. Ойын- кез келген әрекет сияқты бей-берекет пайда болмайды- ересектер тарапынан қалыптастырылады. Балалар ойнай алу үшін олардың саналарында эпизод-әрекеттердің жиынтығы тұрақталу тиіс. Балалар қандай әрекеттерді орындау керек екенін білулері қажет және меңгерген білімдерінен тек осындай лайық сәттерді таңдай біліп, оларды қиялдан құрылған жаңа сәттер ойлап таба білулері тиіс. Сондықтан тәрбиешінің бала ойынын ұйымдастыру технологиясын меңгеру мәселесі айрықша өзекті болып отыр. Осы әдістемелік нұсқауларда сюжетті ойынды ұйымдастырудың жаңа әдісі- модельдеу арқылы ұсынылып отыр. Әзірленген модельге сүйене отырып, тәрбиеші балаларға алдағы уақытта бақылаған оқиғалардың эпизодтарын, қатысушылардың әрекеттерін, әр бір нақты қатысқан адамдарды, әр бір әрекет етушінің міндеттерін, олардың қарымқатынастарының мазмұнын еске түсіруге көмектеседі. Модельдеу процесінде тәрбиешінің міндетіне баланың барлық мүмкіндіктерін барынша өзектеуді қамтамасыз ететін ойынды басқаруды ұйымдастыру кіреді. Осылайша ойынның нәтижелі де қарқынды жоспарлауы, ойнау дағдыларының біртіндеп қиындатуы жүзеге асады. Ұсынылып отырған модельдер қазіргі заманның барлық салаларын қамтып, құрамына әр түрлі тақырыптар
кіреді: тұрмыстық, өндірістік және қоғамдық. Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті ісәрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісітіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:- балалардың сөздік қорларын дамыту;- жаңа сөздерді меңгерту;- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы.
Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бірбірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады,
40