ßñëè-ñàäèê“ Àæàð "
Ағылшын тілінде сөйлеудің мотивациясын тудыру үшін, жақсы сезімдерді және осы тілде сөйлеуге ынта тудыратын барлық факторлар қолданылады: Ашық түстегі заттық және бейнелік көрнекілік; Ойындық жағдайлар; Жаңашылдықтар; Әр түрдегі марапаттау элементтері; Танымдық қызығушылық; Музыкалық және ритмикалық қимыл-қозғалыстар; Жасыру, шешу, іздеу және табу элементтері. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жұмыстың барлық қалыптары қолданылады. Шет тіліне үйретуде ең басты тәсіл ойын болып табылады. Балабақшаның барлық мерекелерінде балалар өз алған білімдерін көрсетіп отырады, өлең, тақпақ қана айтып қоймай, ағылшын тілінде ертегілерден үзінді көрсетіп, бір-бірімен диалог жүргізеді.
Осы балабақшаның алға қойған мақсатын орындау барысында ағылшын тілін үйрену мақсатында ағылшын тілі мұғалімі Маханбетчина Н. мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған " Ағылшын тілінде сөйлеуді үйренейік " атты оқу бағдарламасын қазақ тілінде дайындады. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады:- ауызекі сөйлеу курсы( дыбыстар, лексикалық минимум) тыңдап-түсіну мен сөйлеу дағдыларын меңгерту.
- негізгі курс тыңдап-түсіну мен сөйлеу дағдыларын дамыту ғана емес, сонымен бірге ағылшын тілінде
¹ 4( 4) 2015
әріптерді игерту болып табылады. Қарағанды қаласының білім бөлімінің әдістемелік кеңесінде бекітілді, МДМ педагогтарына қосымша әдістемелік ретінде ұсынылды.
Әдістемелік құрал қазіргі заман талабына сай, яғни мектепке дейінгі балалардың қарым-қатынас құзыреттілігін жоғарылатуға арналған. Ертегі тренингтер балабақшаларда жұмыс жасайтын тіл мамандарына балалармен жұмыста пайдалануға көмек болары сөзсіз!
Біз- балабақша ұжымы ынтымақтастық балабақшасын құруды жөн көрдік. Өйткені, балабақшамыздың ерекшелігі: өз ұлтымыздың балаларымен қатар, өзге ұлт өкілдерінің балаларына да есік ашып, мемлекеттік тілдегі оқу-тәрбиеге ынталандырудамыз.
Мемлекеттік мәртебе алған ана тіліміздің абыройын асқақтату, біздің балабақша есігін ашқан әрбір өзге ұлт баласына тіл үйретіп қана қоймай, қазақтың ұлттық құндылықтарымен қатар, барлық ұлттың салтдәстүрлерін таныту, әр баланы отансүйгіш, елжанды жеке тұлға етіп қалыптастыру- ынтымақтастық балабақшасының басты мақсаты.
Негізгі ұстанымымыз: Қазақстан кеңістігіндегі үштілділік бұл өтпелі кезеңнің талабы болып отыр. Егер осы үштілділік тиімді жұмыс істесін, үш тілділік біздің мемлекетіміздің болашағына жұмыс істесін десек, онда үштілділікте басымдылық мемлекеттік тілге берілуі керек. Қалған екі тіл сол мемлекеттік тілмен таласпай, керісінше, сол мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуына қызмет етуде құрал ретінде пайдаланылу керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2." Тілдердің үштұғырлығы " мәдени бағдарламасы. 3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 4." Ағылшын тілінде сөйлеуді үйренейік " атты оқу бағдарламасы-2009 ж
39